Нидерландының Вейк-ан-Зее қаласында өткен Tata Steel Chess Challengers 2026 турнирінде еліміздің үздік шахматшысы Бибісара Асаубаева 5-ші орынды иеленді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Турнир Нидерландының Вейк-ан-Зее курортты қаласында 1937 жылдан бері атақты Tata Steel Chess Tournament атты шахмат фестивалі ұйымдастырылып келеді. Фестивальдің басты оқиғасы Masters және Challengers деп аталатын екі ірі гроссмейстерлік турнир болып табылады. Бибісара Асаубаева Challengers турнирінде 4 жеңіс, 7 тең ойын және 2 жеңіліспен 13 мүмкін ұпайдан 7½ ұпай жинап, 5-ші орынға тұрақтады және рейтингіне 19,1 ұпай қосты. Үш дүркін блицтен әлем чемпионы атанған шахматшымыз үшін бұл турнир әлемдік шахмат тәжіне үміткерлер арасында өтетін маңызды додаға дайындық кезеңінің бірі болды.…
Автор: Лейла Болтаева
Астрологтар 3 ақпанға арналған жұлдыз жорамалды ұсынды. Бұл күн пайдалы таныстық орнатуға қолайлы, әсіресе кешкі уақыт өте тиімді болады, деп хабарлайды Ertenmedia. kz. Тоқты Күн белсенділік пен жігерге толы болады. Тәуекелге барудан қорықпай, батыл шешім қабылдаңыз. Сенімділік барлық қиындықты жеңуге көмектеседі. Серігіңізбен араңызда үйлесім орнайды. Жаңа ақпарат алуға қолайлы уақыт. Оқуға бар зейініңізді салсаңыз, күрделі тақырыптарды тез түсінесіз. Торпақ Күніңіз бірқалыпты өтеді. Шешім қабылдауда асықпаңыз, бәрін мұқият ойланыңыз. Қарым-қатынас баяу, бірақ сенімді дамиды. Сабырлы болыңыз, серігіңізге сенім артыңыз. Жалғызбасты Торпақтарға достары арқылы романтикалық кездесу мүмкін. Отбасында шағын келіспеушіліктер болады, бірақ олар тез шешіледі. Жақындарыңызға төзімділік танытыңыз. Егіздер Күн белсенді өтеді.…
3 ақпанға арналған ауа райы болжамы бойынша елдің оңтүстігінде жаңбыр, шығысында қар күтіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстан бойынша 3 ақпан, сейсенбі күніне арналған ауа райы болжамын «Қазгидромет» РМК ресми сайты жариялады. Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -11…-13°C болады. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде 0…-2°C, күндіз +5…+7°C. Шымкентте ауа райы бұлтты, жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C. Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр мен қар жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +7…+9°C. Ақтөбеде бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде -6…-8°C, күндіз -3…-5°C. Атырауда…
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған өңір активінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кеңеске аудан және қала әкімдері, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылғанын атап өтті. – Бұл комиссия құрамына біздің облыстан облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева енгізілді. Осы уақытқа дейін Конституциялық комиссияның алты отырысы өтті, – деді облыс басшысы. Жаңа Конституция жобасына жан-жақты түсіндірме берген Гүлнар Тойлыбаева Конституцияның 77 бабына өзгерістер мен толықтырулар…
Қазақстанға ешкімге жалтақтамай, өз жолын айқындайтын, транзиттік бағыттардың субъектісіне айналатын уақыт келді. Мұндай пікірді саясаттанушы Уәлихан Төлешов айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. – Қазір әлемде тектонополия процесі жүріп жатыр. Ұлттық және өркениеттік құрылымдардың қайта бөліске түсіп, нақты күштердің өз ықпалдарын бекемдеп жатыр. Мұндай заманда тәуелсіздік дегеніміз жай ғана декларация емес, ол энергетикалық, логистикалық және санкциялық режимдерді бақылау қабілеті. Мен оны «инфрақұрылымдық егемендік» деп атаймын. Бірақ бір нәрсені ескерген жөн өзің салмаған, өзің жасамаған транзиттік бағыттарды бақылау мүмкін емес, – дейді саясаттанушы. Оның айтуынша, Қазақстан мұнай-газ және транскаспийлік тасымал бағыттарын өзі жобалап, өзі салып, өзі басқаруы тиіс. – Құбыр мен терминалдан бастап,…
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жариялаған Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын Қазақстан Халық партиясы ресми түрде қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Бұл құжат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының заңды жалғасы және «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы маңызды қадам, – делінген партияның ресми мәлімдемесінде. – Жаңа Конституция жобасы билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, саяси жүйені жаңартудың құқықтық негізін қалайды. ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Магеррам Магеррамов комиссия отырыстарында барлық ұсыныстар мен бастамалар жан-жақты талқыланғанын атап өтті. – Жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігі – ашық талқылау арқылы барлық нормалар мен ережелерді мұқият пысықтауында, – деді депутат. –…
Түркістан облысында стратегиялық маңызға ие «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Исқалиевпен және мердігер мекеме «Integra Construction KZ» ЖШС өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде теміржол құрылысының қазіргі жағдайы мен туындаған мәселелерді шешу жолдары айтылды. Жиынды ашқан облыс әкімі жобаның ерекше маңыздылығын атап өтті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың V отырысында осы теміржол желісін биылғы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Бұл тапсырманы сапалы әрі дер кезінде орындау – басты міндетіміз. Жоба өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып, экономикалық дамуға…
Бүгін Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен отырыста жаңа Конституция жобасы талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Серік Егізбаев депутаттарға еліміз үшін тағдыршешті құжаттың басты бағыттарын таныстырып, Конституция жобасын жан-жақты зерделеуге шақырды. – Қазақстанның болашағын айқындайтын өте маңызды құжат. Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістерді мұқият әрі жан-жақты қарастырып, тек ресми дереккөздерге сүйене отырып пікір қалыптастыру қажет. Қазір қоғамда шындыққа жанаспайтын түрлі арандатушы ақпараттар тарап жатыр, солардың жетегінде кетпейік, – деді Серік Егізбаев. Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірпалаталы Парламент құру туралы бастамасына негізделген. Жаңа Конституция жобасы преамбуладан, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің…
Шығыс Қазақстан облысынан Конституциялық комиссияның құрамына екі адам енді. Бұл туралы ШҚО әкімдігінде өткен арнайы жиында айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқосуда облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз алып, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңызына тоқталды. – Конституциялық реформаны жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына 130 адам енген. Комиссия мүшелері қатарында шығысқазақстандықтар – облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков пен өңірлік қоғамдық кеңес төрағасы Аяужан Әшімова бар, – деді облыс әкімі. Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, Ата Заңды өзгерту – мемлекетіміздің негізіне, ел ішіндегі келісімге тікелей әсер ететін тарихи қадам. Сондықтан бұл реформа жабық түрде емес, ашық әрі жария форматта…
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылау жөніндегі алқа отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ұатысты. Бұдан басқа зиялы қауым, университет ректорлары, бизнес-қоғамдастық пен БАҚ өкілдері де болды. Ал аудан әкімдері жиынға селекторлық режимде қосылды. Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев жаңа Конституцияны қабылдау «Әділетті Қазақстан» қағидатын жүзеге асыру жолындағы аса маңызды тарихи қадам екенін атап өтті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформа еліміздің даму бағыттарын айқындайды. Конституциялық комиссия жұмысы ашық жүргізіліп, ұсынылған өзгерістер халықтың талқысына шығарылды. Сондықтан бұл құжатқа қатысты…










