Автор: Лейла Болтаева

жүк көлігі

2026 жылғы 1 маусымнан бастап Ресей Федерациясында ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігімен әкелінетін өнімдерге қатысты Тауарларды күтуді растаудың ресейлік жүйесін, яғни СПОТ-ты енгізу жоспарланып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір аталған жүйе ерікті негізде тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Ресей тарапының мәліметінше, СПОТ тауар жеткізілімін алдын ала растауға, өзара сауданың ашықтығын арттыруға, тауар айналымының заңдылығын бақылауға және жанама салықтарды әкімшілендіруге бағытталған. Жаңа тәртіп бойынша ресейлік импорттаушы тауардың алдағы жеткізілімі туралы құжатты алдын ала рәсімдеуі керек. Сонымен қатар кепілдік төлем енгізіп, жеткізілімнің заңдылығын растайтын QR-код алуы тиіс. Құжат Ресей аумағына тауар кіргізілгенге дейін кемінде екі күн бұрын рәсімделеді. Барлық рәсім аяқталғаннан кейін QR-код…

Толық оқу
санжар бокаев

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақындап қалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақпаратқа қарағанда, тергеу барысында Боқаевқа қатысы бар делінген 2 млн доллардан астам мүлік анықталған. Сондай-ақ негізгі куәгерлерден жауап алынып, бірнеше эпизод бойынша оның ықтимал рөлі тексеріліп жатыр. Дегенмен Санжар Боқаевтың кінәсі сотта дәлелденген жоқ. Соңғы құқықтық бағаны сот береді. Telegram-дағы «Шын мәнінде» арнасының мәліметінше, ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Боқаевпен аффилирленген делінген компаниялардың номиналды басшыларынан жауап алған. Олардың айтуынша, келісімшарттарды іс жүзінде Боқаев ұйымдастырған, ал орындалған жұмыс актілеріне оның өзі, жақын танысы және жиені қол қойған. Бұған дейін БАҚ-та Боқаевтың «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болған кезеңіне…

Толық оқу
Falcon

SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыранының жоғарғы сатысы биыл тамыз айында Ай бетіне соғылуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшылардың болжамынша, зымыран бөлігі Айға дыбыс жылдамдығынан жеті еседен жоғары жылдамдықпен, яғни шамамен 7 Мах қарқынмен жетеді. Нысанды белгілі астроном Билл Грей бақылап отыр. Ол Project Pluto сайтында жариялаған мәліметінде бағдарламалық жүйе аталған объектіні 2025 жылдың қыркүйегінде Falcon 9 зымыранының жоғарғы сатысы ретінде анықтағанын және оның Аймен соқтығысу траекториясына шыққанын жазды. Бұл бөлшек алғаш рет АҚШ Ғарыш күштерінің бақылау жүйесі арқылы тіркелген. Мәліметке қарағанда, ол 2025 жылғы 15 қаңтарда ұшырылған Falcon 9 зымыранына тиесілі. Сол кезде зымыран Firefly Aerospace компаниясының Blue Ghost Mission…

Толық оқу
ұшақ апаты

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, бір ұшқыш қаза тапты. Көлік министрлігінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 27 мамырда Павлодар облысы Железинка ауылы маңында болған. Апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағын «Жеңіл және аса жеңіл авиация эксплуатанттары» заңды тұлғалар бірлестігі пайдаланған, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындап жүрген. Алдын ала дерек бойынша, әуе кемесі электр желілеріне тиіп кеткен болуы мүмкін. Бортта екі экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан бір ұшқыш оқиға орнында қаза тапты. Екінші ұшқышты Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шығарып алған. Ол есін біледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1998 жылы туған зардап шеккен азамат Железинка аудандық ауруханасынан Павлодар қалалық №1 ауруханасының…

Толық оқу
Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды жеке қабылдап, су, газ, жол, жер телімі және әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты мәселелерді тыңдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қабылдау барысында тұрғындар су құбырын тарту, газбен қамту, жер телімін рәсімдеу, автомобиль жолын жөндеу және балабақшаны ваучерлік қаржыландыру мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Жауапты сала мамандары әр мәселенің мән-жайын түсіндіріп, шешу жолдарын ұсынды. Қонаев қаласының тұрғыны 2023 жылы жер телімін сатып алғанын, алайда рұқсат құжаттарын толық рәсімдемей тұрып үй салып қойғанын айтты. Қаланың бас жоспарына сәйкес келмегендіктен, тұрғыннан жер телімін қайтару талап етілген. Марат Сұлтанғазиев жер әлі игерілмеген жағдайда басқа аумақтан жер телімі берілуі мүмкін екенін жеткізді. Ал үй…

Толық оқу
Құрбан айтта нені ұмытпау керек?

Орталық Азия елдерінде Құрбан айт қарсаңында қой бағасы айтарлықтай өсті. Өзбекстанда қой бағасы орта есеппен 5-6 млн сумға жеткен. Теңгеге шаққанда шамамен 197-236 мың теңге, деп жазады Ertenmedia.kz. Қырғызстанда құрбандыққа шалынатын жас тоқты 18-25 мың сом аралығында сатылып жатыр. Бұл шамамен 97-138 мың теңге. Ал үлкенірек қойлардың бағасы 28-35 мың сомға дейін жетіп, 154-193 мың теңге шамасында бағалануда. Тәжікстанда бір қойдың орташа бағасы 3,5-5 мың сомони аралығында. Бұл 182-260 мың теңге шамасында. Түрікменстандағы құрбандық қойларының биылғы бағасы туралы ашық ақпарат жарияланбаған. Қазақстанда баға өңірге қарай қатты құбылады. Ел ішінде ең арзан және ең қымбат қой арасындағы айырмашылық 140 мың теңгеге…

Толық оқу
лотерея

Чехияда Eurojackpot лотереясына қатысқан адам немесе ортақ билет алған топ 120 млн еуро ұтып алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Теңгеге шаққанда бұл шамамен 66,7 млрд теңге. Лотереяны үйлестіретін Westlotto компаниясының мәліметінше, жеңімпаз басты жүлдеге қажет барлық санды дәл тапқан. Eurojackpot лотереясында ең жоғары ұтысқа ие болу үшін қатысушы 1-ден 50-ге дейінгі аралықтан бес негізгі санды және 1-ден 12-ге дейінгі екі қосымша санды дұрыс табуы керек. Бұл жолы жеңіс әкелген сандар – 5, 11, 23, 33, 42 және қосымша 10, 12 сандары. Бұған дейінгі 13 ұтыс ойынында ешкім басты комбинацияны таба алмаған. Сондықтан әр ойын сайын жүлде қоры өсіп, ақыры 120 млн…

Толық оқу
жиын

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Ресей Федерациясында тауар жеткізуді алдын ала растау жүйесін енгізу мәселелері талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Кеңес 26 мамыр күні өтті. Оны ұйымдастыру бастамасын қазақстандық тарап көтерген. Жиынға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары, бизнес қауымдастықтар, салалық бірлестіктер және экономиканың түрлі секторынан 100-ден астам өкіл қатысты. Талқылау барысында Ресей Федерациясының Федералдық салық қызметі мен Федералдық кеден қызметінің өкілдері жаңа жүйені енгізу және қолдану тәртібі жөнінде түсініктеме берді. Сонымен қатар Ресей аумағына тауар жеткізу кезінде туындайтын практикалық мәселелер бойынша бизнес өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді. ТЖАР – ЕАЭО елдерінен Ресей Федерациясына тауар жеткізуді алдын ала растауға арналған ұлттық жүйе.…

Толық оқу
10 000 теңге

Қазақстанда ескі үлгідегі 2000 және 10 000 теңгелік банкноттардың жаңа купюралармен қатар жүру мерзімі биыл аяқталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банк жаңа банкноттар айналымға шыққан кезде белгілі бір уақыт бойы ескі және жаңа купюралардың қатар қолданылатынын еске салды. Осы кезеңде азаматтар екі үлгідегі ақшамен де сауда жасай алады, төлем жүргізеді және қажет болса, ескі банкноттарды жаңасына айырбастай алады. Бұл уақыт банктерге банкоматтар мен кассалық жабдықтарын жаңа банкноттарға бейімдеуге де қажет. 2026 жылы 2012 жылғы үлгідегі, «Қазақ Елі» монументі бейнеленген 2000 және 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналым мерзімі аяқталады. 10 000 теңгелік ескі банкноттар 2024 жылғы 28 маусымнан 2026 жылғы…

Толық оқу

Солтүстік Корея жаңа жеңіл көпмақсатты ұшыру жүйесі мен тактикалық қанатты зымыран кешенін сынақтан өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. KCNA мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, сынақтарды Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын бақылаған. Бұған дейін Оңтүстік Корея әскері Пхеньянның батыс жағалау маңында бірнеше снаряд, соның ішінде баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеген еді. Сеул дерегіне сәйкес, зымырандар шамамен 80 шақырым қашықтыққа ұшқан. Солтүстік Корея биыл қару-жарақ сынақтарын жиілетіп отыр. Сарапшылардың пікірінше, Пхеньян соңғы айлардағы халықаралық тәртіптің әлсіреуін пайдаланып, өзінің ядролық және зымырандық мәртебесін күшейтуге тырысуы мүмкін. KCNA мәліметінше, сейсенбі күнгі ұшыру кезінде тактикалық баллистикалық зымыранның арнайы жауынгерлік бөлігінің қуаты, сондай-ақ қашықтығы ұлғайтылған 240 миллиметрлік басқарылатын артиллериялық…

Толық оқу