Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ жоспарлы санитарлық жұмыстарға байланысты уақытша жабылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мекеме әкімшілігінің хабарлауынша, 2 маусым күні бақ аумағына кіруге уақытша шектеу қойылады. Дегенмен келесі күннен бастап ботаникалық бақ қалыпты режимде қайта жұмыс істейді. Келушілерді күнделікті сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды. Сонымен қатар, бақ әкімшілігі кассалардың жұмысында сағат 15:00-ден 15:30-ға дейін техникалық үзіліс болатынын еске салады. Сондай-ақ, санитарлық жұмыстардың күні техникалық себептерге немесе мемлекеттік мерекелерге сәйкес келген жағдайда өзгеруі мүмкін. Алматыдағы Бас ботаникалық бақ, әсіресе жаз мезгілінде серуендеуді, жүгіруді және отбасылық демалысты ұнататын тұрғындар үшін ең танымал орындардың бірі болып табылады.
Автор: Лейла Болтаева
2025 жыл Қазақстандағы метеобақылаулар тарихындағы ең ыстық жыл болып тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» дайындаған талдамалы шолуда былтырғы климаттың негізгі ерекшеліктері егжей-тегжейлі сипатталған. Құжатта ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері, қар жамылғысының жай-күйі, агроклиматтық жағдайлар, Каспий теңізі мен Балқаш көлінің деңгейіне қатысты толық мәлімет берілген. Сарапшылардың дерегіне қарағанда, Қазақстанның климаты жыл өткен сайын жылынып барады. 1960 жылдардан бастап әрбір келесі онжылдық алдыңғыдан ыстық болып келеді. 2016-2025 жылдар аралығындағы орташа температура +7,11 градусқа жетіп, қалыпты деңгейден 0,83 градусқа жоғары болды. Әсіресе 2021-2025 жылдар кезеңі ел тарихындағы ең жылы бесжылдыққа айналды. Осы кезеңдегі орташа температура +7,55 градусты құрады. XXI ғасырда жылыну үдерісі тіпті қарқын…
Түркістан облысының Жетісай ауданындағы диқандар биылғы алғашқы қарбыз өнімін жинауға кірісті, деп жазады Ertenmedia.kz. «Бахарам» шаруа қожалығы биыл 10 гектар аумаққа қарбыз еккен. Егістік алқаптары К-30 каналынан келетін сумен қамтамасыз етіліп отыр. Шаруалар суару жүйесін тұрақты әрі дер кезінде реттеп отырған «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының мамандарына алғыс айтты. «Қазір қарбызды жинау науқаны қарқын алды. Биыл су мәселесінде еш қиындық болған жоқ. Бұл үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне ризамыз», – деді «Бахарам» шаруа қожалығының төрағасы Шакирбой Раджапов. Жалпы, жыл басынан бері Түркістан облысы ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне 1 миллиард текше метрден аса сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 307 миллион текше метр…
Ұлттық банк айналымда жүрген «Сақ стилі» сериясының жаңа 500 теңгелік банкнотасының қорғаныш элементтері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың 25 желтоқсанынан бастап айналымға шыққан жаңа банкнотаның дизайны сақ мәдениетінің элементтері мен дәстүрлі қазақ ою-өрнегіне негізделген. Қазіргі таңда бұл серияның бесінші банкнотасы халықтың қолданысында. Ұлттық банктің түсіндіруінше, банкнота бірнеше деңгейлі қорғаныш жүйесімен жабдықталған. Бұл белгілер кез келген адамға купюраның түпнұсқалығын оңай тексеруге мүмкіндік береді. Қорғаныш элементтерінің ішінде ең маңыздысы алтын түсті интаглио. Интаглио арнайы технологиямен жасалған бедерлі баспа түрі. Банкнотаның алдыңғы жағында бейнеленген Қазақстанның Елтаңбасы ерекше бедерлі алтын бояумен басылған. Оның бедерін саусақпен сипап сезуге болады. Сондай-ақ, көзі…
Америка Құрама Штаттары мен Иран екі ел арасындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған алдын ала меморандумға қол жеткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Reuters және Axios агенттіктерінің 28 мамырдағы мәліметіне сәйкес, ұсынылған келісімнің негізінде 60 күндік уақытша бітімді ұзарту және Ормуз бұғазындағы теңіз тасымалын қалыпқа келтіру қарастырылған. Дегенмен келісімнің соңғы нұсқасы АҚШ президенті Дональд Трамптың мақұлдауын күтіп отыр. Ал Иранның жартылай ресми ақпарат агенттігі Tasnim News келісімнің мәтіні толық аяқталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Агенттіктің келіссөздерге қатысы бар дереккөзі хабарлағандай, құжат әлі де пысықталып жатыр және Иран тарапы Пәкістан делдалдарына келіссөздің толық аяқталғанын әлі хабарламаған. Жобада Ормуз бұғазындағы теңіз тасымалын қалпына келтіру, санкцияларды жұмсарту…
Экономист Айдархан Құсайынов вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұмангариннің халық табысы мен жалпы ішкі өнім өсіміне қатысты жазбасын сынға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Құсайыновтың айтуынша, Үкімет өкілі ұзақ мерзімді көрсеткіштерді алға тартып, халық табысы мен экономикалық өсім бір-біріне жақын жүр деген тұжырым жасайды. Алайда экономист мұндай байламмен келіспейді. Оның пікірінше, дамыған экономикаларда халық табысының өсімі көп жағдайда ЖІӨ өсімінен озып отырады, себебі тұтыну экономиканың негізгі қозғаушы күшінің бірі саналады. Вице-премьер 2010-2024 жылдар аралығындағы деректерді келтіріп, осы кезеңде ЖІӨ 78,9 пайызға, ал нақты табыс 77,2 пайызға өскенін жазған. Құсайыновнеге есеп 2024 жылмен шектелгеніне назар аударады. Оның айтуынша, 2025 жылғы деректер…
Бүгінгі жұлдыз жорамал зодиак белгілеріне сезімге еріп кетпей, әр шешімді ақылмен қабылдауға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Тауешкі үшін күн махаббат пен романтикаға қолайлы. Айналадағы адамдар сіздің бұрын байқамаған жақсы қырыңызды көруі мүмкін. Комплимент, кездесу туралы ұсыныс, тіпті маңызды қарым-қатынасқа бастайтын әңгіме болуы ықтимал. Бірақ көңілді алаңдататын бір шешім мазаны алуы мүмкін. Жақын адамның кеңесін тыңдаған дұрыс, ол жағдайға сырт көзбен қарауға көмектеседі. Суқұйғыш жаңа әрі терең сезімге тап болуы мүмкін. Ал жұп болып жүргендер ұсақ нәрседен жанжал шығарып алмауы керек. Қарым-қатынасқа сырт адамдарды араластырмаңыз. Отбасылы Суқұйғыштар үшін кей құпия ашылуы ықтимал. Бүгін артық қырсықтықтан гөрі сабыр пайдалы. Балықтар үшін…
29 мамыр, жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп жазады Ertenmedia.kz «Қазгидромет» болжамына сүйеніп. Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел екпіні 15–18 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде +10…+12 градус, күндіз +26…+28 градус жылы. Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 13 м/с дейін жетеді. Түнде +13…+15 градус, күндіз +27…+29 градус болады. Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Түнде +13…+15, күндіз +30…+32 градусқа дейін ыстық болады. Батыс өңірлерде ауа райы құбылмалы. Ақтау, Ақтөбе және Атырауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Атырауда жел екпіні 15–18 м/с дейін күшеюі мүмкін. Оралда жауын-шашынсыз, түнде +5…+7, күндіз +18…+20 градус шамасында болады. Жаңбыр жауып,…
Қызылордада әлемге әйгілі испандық Roca Group компаниясының санитарлық-техникалық жабдықтар зауытының іргетасы қаланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Салтанатты рәсімге Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, Roca Group компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, Испания елшілігінің сауда-экономикалық кеңесшісі Хесус Видаль Боррелья, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, құрылыс компанияларының директорлары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты. Roca Group – санитарлық-техникалық жабдықтар өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Ғасырдан астам тарихы бар компания қазір әлем бойынша 78 өндірістік алаңды басқарады. Онда 20 мыңнан астам адам еңбек етеді. Компания өнімдері 170-тен астам елге экспортталады. Рәсімде облыс әкімі Мұрат…
Спортты дамыту дирекциясы спортшыларға жалақы қолданыстағы келісімшарттар мен халықаралық жарыстарға дайындықтың бекітілген шартқа сәйкес төленетінін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Дирекция түсіндірмесіне сәйкес, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа 2026 жылдың қаңтар және ақпан айларындағы жалақы бұрын жасалған келісімшарт негізінде толық төленген. Ал 2026 жылдың наурыз айынан бастап спортшының Миланда өткен Олимпия ойындарында алтын медаль жеңіп алғаны ескеріліп, жаңа келісімшарт жасау жоспарланған. Бұл құжатта келесі олимпиадалық циклге дайындық пен қаржыландырудың жаңартылған шарттары қарастырылған. Қазіргі уақытта жаңа келісімшарт талаптары тараптар арасында талқыланып жатыр. Дирекция мұндай тәжірибе жаңа олимпиадалық циклге дайындық жүйесіне кіретін барлық спортшыға қолданылатынын айтты. Соынмен қатар ұзақ мерзімді мемлекеттік қаржыландырудың…










