Автор: Лейла Болтаева

Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Куба үкіметінің әрекеттеріне байланысты ұлттық төтенше жағдай режимін жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сонымен қатар АҚШ президенті  Кубаға мұнай жеткізетін елдерге қосымша тариф енгізу механизмін әзірлеуді тапсырды. Трамптың жарлығында Куба билігінің саясаты мен әрекеттері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына «ерекше әрі төтенше қауіп» төндіретіні анық айтылған. Осыған орай АҚШ президенті төтенше жағдай жариялап, арнайы экономикалық шараларды іске қосуды бұйырды. Жарлықта Куба басшылығының Вашингтонға қарсы мемлекеттермен және ұйымдармен байланысын арттырып жатқаны жазылған. Олардың қатарында Ресей, Қытай, Иран, сондай-ақ ХАМАС пен «Хезболла» қозғалыстары аталды. АҚШ тарапының мәлімдеуінше, Куба өз аумағын шетелдік әскери және барлау объектілерін орналастыру үшін ұсынған. Әсіресе, Ресейдің…

Толық оқу
Сапарбаевтың келіні

Бердібек Сапарбаевтың келіні Адель қайынатасының өмірлік ұстанымы мен тәлімін айтып берді, деп жазады Ertenmedia.kz. «Жолдасымның әкесі үнемі адамдарға көмектесетін. Бірақ ол көмектің де түр-түрі болатынын анық түсінді. Ашыққан адамға бір рет балық берсең, ол бір күн тоқ болады. Ал қармақ сыйласаң, ол өмір бойы аш қалмайды. Бұл ол үшін жай ғана әдемі сөз емес, нақты өмірлік принцип болатын», – дейді Адель. Оның айтуынша, Бердібек Сапарбаев қарыз бен кредитті жауып беруді сұрайтын адамдарға күмәнмен қарайтын. «Егер адамдардың сұрауы бойынша бәріне ақша тарата берсек, жалпы жүйе қалай шыдайды? Экономика, мемлекет, банк жүйесі не болады?» – деп нақты әрі әділ сұрақ қоятын дейді келіні. –…

Толық оқу
Жеке кәсіпкерлік ИП Бухгадтерлік есеп

Жеке кәсіпкер (ИП) жеңілдетілген декларация негізінде қызмет атқарған жағдайда бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті ме? Бұл сауалға Ertenmedia.kz мамандары жауап береді. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Заңының талаптарына сәйкес болғанда. Болмаса жеке кәсіпкерлер төмендегі шарттарға бір мезгілде сай болған жағдайда бухгалтерлік есеп жүргізбеуге және қаржылық есептілік тапсырмауға құқылы: Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданса және бір күнтізбелік жыл ішіндегі табысы 135 000 АЕК-тен (2026 жылы – 583 875 000 теңге) аспаса; Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаса; Табиғи монополия субъектісі болып табылмаса. Егер жеке кәсіпкер осы аталған шарттардың кем дегенде біреуіне сәйкес…

Толық оқу

30 қаңтарға арналған жұлдыз жорамалын шетелдік астрологтар ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тоқты Бұл күн қарқынды әрі тынымсыз еңбекпен өтеді. Бірақ сіз жұмсаған күш-қуатыңыздың зая кетпейтіні анық. Қатты шаршаудан кейін демалған дұрыс. Сонымен қатар, бұл кезеңде хирургиялық операциялардан және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін кез келген емдік-косметикалық шаралардан бас тартқан жөн. Торпақ Кез келген бәсеке мен жарыстарға құмарлық артады. Мұндай жағдайда спорттық сайыстарға қатыссаңыз, жақсы жетістікке жетуге болады. Алайда жеке қарым-қатынаста мейлінше сабырлы әрі дипломатиялық жолды таңдаған абзал, әйтпесе даудың соңы қарым-қатынастың бұзылуына әкелуі мүмкін. Егіздер Бұл күні қауіпті іс-әрекеттерге деген қызығушылық артады. Ниетіңіз бен іс-әрекеттеріңізді бақылауда ұстау қиынға соғады. Өз қажеттілігіңізден…

Толық оқу
Түркістан қаласы

30 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклон ықпалында болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сондықтан республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктерге байланысты қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен соққан бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрге, күндіз Аягөз ауданында 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -12-17°C, солтүстік және оңтүстікте -22°C, күндіз -3-8°C, солтүстікте -12°C. Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған қар жаууы мүмкін. Батыс, оңтүстік және орталық аудандарда тұман болжанады.…

Толық оқу
Коститутциялық комиссия жиыны

Конституциялық комиссия мүшесі, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Конституциялық реформалар комиссиясының V отырысында ойын ортаға салды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістерде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» секілді негізгі идеялық қағидаттарды нормативтік тұрғыда бекіту көзделген. – «Заң мен тәртіп» қағидаты – Әділетті Қазақстан идеясын нығайтудың негізгі шешімі. Әлем жұрты Қазақстанды азаматтардың құқығы мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтайтын ел ретінде таниды. Бұл бастама болашақ ұрпақ үшін бірлік пен ынтымақты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудың берік іргетасына айналады, – деді Жеңіс Қасымбек. Сонымен қатар ол дамыған елдерде заң үстемдігі мен тәртіпті сақтау мәдениеті…

Толық оқу
Жанарбек Әшімжан

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа қоғамдық келісімді қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Депутаттың пікірінше, билік пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген жаңа қоғамдық келісімді қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. – Қазіргі таңда мемлекеттік басқарудың мазмұны мен архитектурасын түбегейлі жаңарту міндеті қоғам талқысына салынып отыр. Соңғы жылдары қабылданған шешімдер осы мақсатқа жүйелі түрде қызмет етіп келеді. Бұрынғы Президент квоталары мен тағайындаулардан бас тарту арқылы өкілді биліктің дербестігін күшейтуге, саяси жүйені нақты демократияландыруға бағыт алдық. «Тепе-теңдік бар жерде тұрақтылық бар» деген саяси қағидатқа сүйенсек, жүзеге асырылған реформалар билік тармақтары арасындағы теңгерімді нығайтып,…

Толық оқу
Ерлан Ақкенженов

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Павлодар облысында қуаттылығы 1 ГВт болатын жаңа жел электр станциясының құрылысы басталатынын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. – Бұл жоба Павлодар өңіріне 1,2 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жаңа электр станциясының ерекшелігі оның энергия жинақтау жүйелерімен жабдықталады. Бұл жүйе жаңартылатын энергия көздеріндегі табиғи ауытқуларды реттеп, еліміздің электр желісіне тұрақты қуат береді, – деді Ерлан Ақкенженов. Сондай-ақ, министр жобаның қоршаған ортаға пайдасы зор екенін атап өтті. – Екібастұздағы жел электр станциясы іске қосылған соң жыл сайын 3,4 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл атмосфераға шығатын газ көлемін жылына 2 млн тоннаға дейін төмендетуге сеп болады. Осы…

Толық оқу
Қазақстанның жаңа Конституциясы қандай болмақ

Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында «Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова ойын ортаға салды, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, сөз бостандығының конституциялық деңгейде бекітілуі азаматтарға маңызды шешімдер қабылдауда объективті, толық әрі шынайы ақпарат алуға мүмкіндік береді. – Сөз бостандығы мемлекет үшін де аса қажет құндылық. Себебі ол жүйелі қателіктерден сақтайтын тиімді құрал бола алады. Конституцияның жаңа редакциясында сөз бостандығы құқықтың үстемдігі мен «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын сақтаудың негізгі шарттарының біріне айналады, – деді Қарлығаш Жаманқұлова. Ол жаңа Конституция сөз бостандығымен қатар шығармашылық еркіндік құқығын да қорғайтынын айтты. – Шығармашылық еркіндігі тек көркем әдебиет пен өнер саласын ғана…

Толық оқу
Дания Еспаева

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның бесінші отырысында Мәжіліс депутаты Дания Еспаева мемлекетті басқарудың жаңа архитектурасын құру керектігін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, ұсынылған өзгерістер Конституцияға жекелеген түзетулер енгізумен ғана шектелмейді, керісінше, мемлекетті басқарудың жаңа архитектурасын құруды талап етеді. – Алғашында парламенттік реформалар аясында басталған талқылаулар қоғамдық қатынастардың трансформациясы, цифрландыру мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуына байланысты кешенді конституциялық реформаны қажет етеді. Конституциялық комиссияға түскен екі мыңнан астам ұсыныс қолданыстағы нормалардың жартысынан көбін қамтиды. Бұл – жекелеген түзетулер емес, мемлекеттік басқарудың құрылымын түбегейлі өзгерту қажеттілігінің белгісі, – деді Дания Еспаева. Сондай-ақ, депутат Конституцияның жартысынан астамы өзгеріске ұшыраған жағдайда заңнама талабына сәйкес…

Толық оқу