Қазақстанда соңғы жылдары үш университеттің лицензиясы қайтарылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметтегі брифингте айтты. Журналистер министрден елдегі жоғары білім сапасы қалай бағаланатынын және соңғы жылдары сапасыз оқытуға байланысты қанша жоғары оқу орны лицензиясынан айырылғанын сұраған, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, соңғы жылдары үш университеттің лицензиясы қайтарылған. Қазір тағы бірнеше оқу орны бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде екі университетке қатысты тексеру және рәсімдік шаралар қаралып жатқанын жеткізді. Алайда Саясат Нұрбек нақты қай жоғары оқу орындары туралы сөз болып отырғанын атаған жоқ. Министр мұндай ақпаратты түпкілікті шешім шықпай тұрып жариялау жүздеген мың студенттің жағдайына әсер етуі…
Автор: Лейла Болтаева
Алматыдағы «ADD» үстел теннисі орталығында журналистер мен блогерлер арасында үстел теннисінен жарыс өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Спорттық іс-шараны Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Әдетте оқиға ортасында жүріп, жарыс пен жеңіс туралы хабар тарататын медиа мамандары осы жолы өздері бәсекенің басты кейіпкеріне айналды. Турнирге еліміз бен қаланың бірқатар белді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тележүргізушілер, тілшілер, спорт шолушылары, фотографтар мен блогерлер қатысты. Кәсіби ортадағы әріптестік бір сәтке спорт алаңындағы тартысқа ұласып, қатысушылар жылдамдық, реакция, тактикалық ойлау және сабыр сыналған ойында бақ сынады. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар үстел теннисінде бір ұпайдың өзі ойын бағытын күрт өзгертіп жіберетінін…
Қазақстанда алтын құйма жинағын инфляциядан, теңге бағамының құбылуынан және ұзақ мерзімді қаржылық тәуекелден қорғағысы келетін азаматтар үшін бір балама құралға айналып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мерлы құймасы Қазақстан теңге сарайы шығаратын 999,9 сынамалы тазартылған алтын құйма. Ол 5, 10, 20, 50 және 100 грамм салмақта өндіріледі. Әр құйма арнайы қорғаныш пластик блистерге салынады. Осы қаптама жай ғана сыртқы қабық емес, сапа сертификатының қызметін атқарады. Онда серия нөмірі, салмағы, сынамасы және өндірушінің белгісі көрсетіледі. Алтын құйманың бағасы тұрақты болмайды. Құн күн сайын әлемдік бағалы металдар нарығындағы алтын бағасына және АҚШ долларының теңгеге шаққандағы ресми бағамына қарай есептеледі. Сондықтан бір күнде алған…
Жетісу облысында тау туризмін дамытуға бағытталған «Shagan Fest 2026» спорттық-экологиялық фестивалі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауқымды шара Шаған тауының етегінде ұйымдастырылды. Фестиваль аясында белсенді демалысты ұнататын жүздеген адам мен спортшылар теңіз деңгейінен 2551 метр биіктіктегі Шаған шыңына жаппай көтерілді. Іс-шараны облыстық туризм басқармасы мен «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды. Жорық басталар алдында қатысушыларды Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтады. Оның айтуынша, өңірде үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан фестиваль тау және экологиялық туризм мәдениетін дамытуға, адамның табиғатпен байланысын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. «Shagan Fest» табиғат аясындағы белсенді демалыс қана емес, бірлік пен достықтың белгісі. Мұндай шараларға…
Энергетика министрлігі көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жеткізілім бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және министрліктің тұрақты бақылауында. Жыл басында Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері егіс науқанына арналған 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекіткен болатын. Отын 1 ақпан мен 30 маусым аралығында жеткізіледі. Энергетика министрлігі ұсынған дизель отынының бағасы өңірлердегі жеткізу станциясына дейін ҚҚС-пен бірге литріне 263 теңге болып белгіленген. Соңғы бағаны өңірлік операторлар айқындайды. Ол литріне 281 теңгеге дейін болуы мүмкін. Бұл орташа бөлшек сауда бағасынан 49 теңгеге немесе 15 пайызға төмен. Шаруаларға арналған дизельдің…
Huawei Technologies компаниясы алдағы бес жылда жаңа технология негізінде аса қуатты жартылай өткізгіштер өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Шанхайда өткен жартылай өткізгіштер симпозиумында Huawei 2031 жылға қарай өзінің жоғары өнімді чиптеріндегі транзистор тығыздығы 1,4 нанометрлік техпроцеске балама деңгейге жетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Дегенмен компания әзірге бұл көрсеткішті растайтын тәуелсіз өнімділік деректерін ұсынған жоқ. Бұл мәлімдеме Қытай үшін өте маңызды. Өйткені елдің қазіргі дәлелденген озық өндірістік мүмкіндігі негізінен 7 нанометр деңгейінде қалып отыр. Ал әлемдік чип индустриясында 1,4 нанометрлік деңгей онжылдық соңындағы ең алдыңғы технологиялық шек ретінде қарастырылады. Тайваньдық TSMC қазір 2 нанометрлік технологиямен жұмыс істеп, 2028 жылы…
Жүрек саулығы туралы сөз болғанда көп адам холестеринді екіге бөледі. Олар «жақсы» HDL және «жаман» LDL, деп жазады Ertenmedia.kz. Көп жылдан бері дәрігерлер LDL деңгейін төмен ұстауды басты мақсаттың бірі ретінде түсіндіріп келді. Бірақ кейінгі зерттеулер холестерин тақырыбында үшінші маңызды ойыншы бар екенін көрсетіп отыр. Ол remnant cholesterol, қазақша айтқанда, қалдық холестерин. Ғалымдардың пікірінше, бұл көрсеткіш жүрек-қан тамырлары аурулары қаупін бағалауда ерекше маңызды болуы мүмкін. Себебі remnant cholesterol триглицеридке бай липопротеин бөлшектерінің құрамында жүреді. Кей зерттеулерде оның жоғары деңгейі ишемиялық жүрек ауруы, атеросклероз және жүрек-қан тамырлары қаупімен байланысты екені айтылған. Холестериннің өзі ағзаға қажет зат. Ол жасуша түзуге, гормон өндіруге…
Қазақстанда қызметкерлердің нақты табысын жасыратын жұмыс берушілерге қатысты бақылау күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық экономика министрлігі еңбек ақысын толық көрсетпей, бір бөлігін «конвертпен» төлейтін компанияларға қарсы қатаң шаралар қажет екенін мәлімдеді. Бірінші вице-министр Азамат Амриннің айтуынша, бұл мәселе тек салық түсіміне ғана қатысты емес. Әңгіме миллиондаған жалдамалы қызметкердің әлеуметтік құқығы туралы болып отыр. Министрлік дерегінше, азаматтардың әлеуметтік төлемі жұмыс берушінің салық пен әлеуметтік аударымдарды қаншалықты тұрақты әрі толық төлегеніне тікелей байланысты. Бұл жүктілік және босану, бала күтімі, еңбекке қабілеттіліктен айырылу немесе жұмыссыз қалу жағдайындағы төлемдерге әсер етеді. Азамат Амрин мысал ретінде ресми жалақысы 300 мың теңге болатын қызметкерді атады. Егер…
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Almaty Superski жобасының маңызына тоқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Аида Балаеваның айтуынша, қазіргі таңда туризм тек демалыс саласы ретінде қаралмайды. Ол жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнестің өсуіне, инвестиция тарту маңызды міндет. Соынмен қатар қызмет көрсету сапасына және елдің халықаралық имиджіне тікелей әсер ететін стратегиялық бағытқа айналды. 2024 жылы Қазақстанға 15,3 млн адам келген. Ішкі туристер саны 10,5 млн адамға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 900 мың адамға көп. Министрдің пікірінше, мұндай көрсеткіштер туризмнің экономиканың нақты өсім нүктесіне айналып келе жатқанын дәлелдейді. Соңғы жылдары табиғи, экологиялық және тау туризміне қызығушылық айтарлықтай артқан.…
Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық ормандарында тіршілік ететін кәдімгі базилиск кесірткесі судың бетімен жүгіре алатын ерекше қабілетімен танымал, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жәндік әлемде «Иса Мәсіх кесірткесі» деген бейресми атаумен де белгілі. Себебі ол қауіп төнген сәтте суға батып кетпей, артқы аяқтарымен өзен не бұлақ бетімен зымырап өте алады. Сырттай қарағанда мультфильмдегі көрініс секілді әсер қалдырады: кішкентай кесіртке физика заңын мойындамай, су үстімен жүгіріп бара жатқандай көрінеді. Кәдімгі базилиск өзендер мен бұлақтарға жақын орманды аймақтарды мекендейді. Денесі шағын болғанымен, құйрығы өте ұзын, кейде денесінен екі еседен артық болады. Еркек дарақтарының ұзындығы құйрығымен бірге шамамен 75 сантиметрге дейін жетеді. Олардың басында,…










