Журналист Михаил Козачков 200 мың теңгелік параның 52 жастағы полиция қызметкерінің тағдырына қалай әсер еткенін жазды, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы қалалық полиция департаментіне қарасты көші-қон қызметі басқармасының ішкі миграцияны бақылау және құжаттандыру бөлімінің бұрынғы бастығы, полковник Жанна Жақыпбаева өз мансабын 200 мың теңгеге бағалаған. Жанна Қанетқызының өмірі бастапқыда жақсы қалыпта еді. Ол ішкі істер органдарында ұзақ уақыт қызмет атқарып, Серік Күдебаев басшылық еткен тұста, 2018 жылы тұтас бір бөлімнің бастығы болып тағайындалған болатын. Полковник шенін алып, басшылықтың алдында беделі де жоғары еді. Тіпті, үгіт-насихат роликтерінде Алматының құрметті тұрғындары мен жас азаматтарына жеке куәлік тапсырып жүрген сәттері де жиі көрсетілетін. Алайда…
Автор: Лейла Болтаева
Жыл соңында Тоқтылар асықпай әрекет етуі керек, себебі сабырлылық пен байыптылық қана сіз байқамаған нәрселерді алдыңызға алып шығады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сол елеусіз көрінген жайттар келешектегі маңызды шешімдерге түрткі болуы мүмкін. Әзірге өзіңізге кішкене үзіліс беріп, күш-қуат жинаңыз. Торпақ Торпақтар үшін тұрақтылықтың ауылы сөзде емес, нақты әрекетте болуы маңыздырақ. Сәрсенбі қаржы мәселесіне қатысты батыл шешім қабылдауға қолайлы уақыт. Бұл күні көптен бері көкейіңізде жүрген дүниені сатып алып, өзіңізді қуантуға толық негіз бар. Алайда асықпай, әр нәрсеге мұқият көз жүгіртіп барып қадам жасаған дұрыс. Кешқұрым өз-өзіңізбен іштей үйлесім тауып, жайлылық сезіміне бөленесіз. Егіздер Егіздер үшін әңгіме-дүкенге толы күн болады, бірақ сөздің…
Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Талдықорған қаласында өткен мерейлі шараға Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен өкілдері қатысты. Соныман қатар жиыннан белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен жастарды көрдік. Жиынға жиналған көпшілік үшін бұл күн тек мереке ғана емес, ел бірлігі мен ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретін тарихи оқиғаға айналды. Отыз жылдық жол Облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов облыс басшысы атынан шара қонақтары мен қатысушыларды құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы маңызды рөліне ерекше тоқталды. – Қазақстан…
Белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетов бүгін 68 жасқа толып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның саяси тұлғасы қоғамда сан алуан пікір тудырады: халықтың бір бөлігі оны «болашақ президент» ретінде көрсе, енді бірі «ескі жүйенің адамы» деп бағалайды. Осыған орай қоғам қайраткері, саясаттанушы Дос Көшімнен Тасмағамбетов туралы пікір сұрады. Дос Көшімнің айтуынша, Иманғали Тасмағамбетов өз заманының адамы, өзі қызмет еткен жүйеге әрқашан адал болған саясаткер. – Ол қай кезеңде билікке араласса да, сол жүйеге адал қызмет етті. Қайда жіберсе де, қандай қызмет тапсырса да, жауапкершілікпен атқарды. Артық сөзі, қақ-соғы жоқ, қылмыстық істерге де қатысы болған емес. Ең бастысы – қазақ халқына деген жылы…
Жаңа ғылыми зерттеу нәтижелері адам миының энергияны пайдалану тиімділігі жасанды интеллект жүйелерінен әлдеқайда жоғары екенін дәлелдеп берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі таңда адамзат тарихындағы ең күрделі технология саналатын жасанды интеллект дамудың орасан зор қарқынына қарамастан, табиғаттың қарапайым әрі ғажайып құрылымы адам миынан әлі де аса алмай отырғанын көрсетті. Он екі ваттық ғажайып Ғалымдардың есебінше, адам миының жұмысына бар болғаны 12 ватт энергия жұмсалады екен. Бұл дегеніңіз шағын жарықдиодты шамның тұтынатын энергиясына пара-пар көрсеткіш. Ал осыған ұқсас ойлау, шешім қабылдау процестерін атқару үшін жасанды интеллект жүйелері шамамен 2,7 миллиард ватт электр қуатын қажет етеді. Мұны қарапайым тілмен айтсақ, бір мезетте 18…
Алматы облысында биыл ауыл шаруашылығы саласында жаңа рекорд тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақтағы шаруалар жалпы құны 8,5 миллиард теңгеге 490 дана заманауи ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, жоспарды алғаш рет толық орындады. Өткен жылдармен салыстырғанда бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары: мәселен, 2023 жылы 431 техника, ал 2024 жылы 437 техника алынған болатын. Биылғы нәтиже ұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш, бұл өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының қарқынды даму жолына түскенінің нақты дәлелі. Облыс фермерлері техниканы негізінен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингтік жүйемен сатып алды. Бұл қаржы механизмі шаруалар үшін аса тиімді болып отыр. Себебі лизинг арқылы жаңа техника қолжетімді шарттармен беріліп, шаруашылықтардың егіс және жинау…
Қазақстандық азық-түлік өндірушілері өз салаларындағы қордаланған мәселелерді жылдар бойы айтып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі жағдай тіпті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауына дейін жетіп, Мемлекет басшысы нарықтағы импорттың басымдығын «өте ұят нәрсе» деп бағалаған еді. Супермаркет сөрелеріндегі соғыс Бүгінде еліміздегі кез келген супермаркетке кіре қалсаңыз, импорттық өнімдердің басымдығы бірден байқалады. Кейбір ресми ведомстволар отандық азық-түлік үлесін 80%-дан жоғары деп сендіргісі келгенімен, іс жүзінде кейбір тауар санаттарында бұл көрсеткіш тіпті 30%-ға да жетпей отыр. Сарапшылар бұл мәселенің тамыры отандық өнім үлесін есептеудің әдістемесінде жатыр деп есептейді. Қазақстандық азық-түлік өндірушілерінің бірлестіктері бұл туралы Сауда министрлігіне бірнеше рет ұсыныс айтқанымен, әзірге елеулі өзгеріс…
Қазақстан сирек кездесетін минералдарды өңдеуде үш ірі жобаны іске қосуға дайындалып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Электромобильдер мен жасанды интеллектіден бастап, қорғаныс жүйелері мен жоғары технологиялық құрылғыларға дейінгі қазіргі заманның ең озық өнімдері тап осы минералдарға тәуелді. Осы бағыттағы стратегиялық қадамдарды жасаған мемлекеттердің бірі – Қазақстан. Минералды дипломатия Сарапшылар маңызды минералдар нарығының көлемі биылдың өзінде шамамен 325 миллиард долларға жеткенін айтады. Минералдардың бұл тобы мұнай мен газ саласынан айтарлықтай шағын болса да, стратегиялық маңызы күн санап артып келеді. Себебі, энергия көздері мен технологиялық инновацияларға деген сұраныс минералдарға деген қажеттілікті еселеп отыр. Сирек минералдардың ерекшелігі олардың көбіне кен өндірудің жанама өнімі ретінде…
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт саласының жыл қорытындысына арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. «Конгресс холл» кешенінде ұйымдастырылған іс-шараға аймақтың спорт майталмандары, халықаралық додалардың жеңімпаздары мен жаттықтырушылары қатысты. Салтанатты кеш «Чемпион боламын» атты әсерлі әрі тағылымды театрландырылған қойылыммен басталып, 2025 жылы атқарылған игі істер туралы арнайы бейнероликпен жалғасты. Жиналған көпшілік назарына әсем ән мен көркем би ұсынылды. Жылдың үздік спортшыларына арналған марапаттау рәсімінде бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада үміті Сәкен Бибосынов, каратэден халықаралық жарыстардың жүлдегері Әсел Қанай, сурдо дзюдодан Сурдлимпиада чемпиондары Шадияр Қуандық пен Тоқтарбек Айдарбек, сондай-ақ пара дзюдодан әлем чемпиондары мен өзге де дүбірлі додаларда…
Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Болашақ мектептері» ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа білім ошағы қолданысқа берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Шаян ауылында бой көтерген №1 жалпы орта мектептің салтанатты ашылуына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жергілікті тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады. Жиында сөз сөйлеген өңір басшысы Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан ұлттық жобаның басты мақсаты – ауылдық жерлердегі білім инфрақұрылымын жаңғырту, балалардың қауіпсіз әрі заманауи жағдайда білім алуына мүмкіндік жасау екенін атап өтті. – Бүгінгі жаңа мектептің ашылуы Бәйдібек ауданындағы білім сапасын арттырып, ауыл балаларының заман талабына сай білім алуына жол ашады. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Келешек мектеп»…










