Қазақстанда банк несие берер алдында қарыз алушыны бірнеше негізгі көрсеткіш бойынша бағалайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Fingramota.kz мәліметінше, қаржы ұйымдары ең алдымен кредит рейтингін, скоринг нәтижесін және қарыз жүктемесі коэффициентін қарайды. Дәл осы көрсеткіштер адамның несие ала ала ма, қандай сома мақұлданады және пайыздық мөлшерлеме қандай болады деген сұраққа әсер етеді. Кредит рейтингі қарыз алушының қаржылық тәртібін көрсетеді. Ол кредит тарихына сүйеніп қалыптасады. Бұған бұрын алынған несие саны, төлемнің уақытылы жасалуы, кешіктіру дерегі және міндеттемені өтеу тәртібі кіреді. Рейтинг жоғары болса, банктің сенімі де артады. Мұндай жағдайда несие алу мүмкіндігі көбейіп, шарттары тиімдірек болуы мүмкін. Ал кредит рейтингі төмен болса, банк…
Автор: Лейла Болтаева
Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Айбын Төрехан мен Қырғызбай Бегімбековтің «Үйірлі жылқы шаруашылығы» атты ғылыми мәні жоғары оқу құралының ресми таныстырылымы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген ғалымдар, жылқы тақырыбын терең зерттеп жүрген әдебиеттанушылар, жазушылар, сала ардагерлері, жас ғалымдар, бизнес және БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараны Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Басқарма төрағасы – ректорының бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов жүргізді. Жаңа еңбек қазақтың дәстүрлі жылқы шаруашылығын қазіргі ғылыми жетістікпен ұштастыра отырып, үйірлі жылқы бағудың теориялық және практикалық негізін жүйелі түрде ұсынады. Кітапта жылқы өсіру мәдениеті, тұқым асылдандыру, табиғи жайылымға бейімделген малды күтіп-бағу, өнімділікті арттыру және жергілікті…
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталып, мерзімді қызметке алынған азаматтарға қатысты несиелік жеңілдіктер күшіне енді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамыр мен қазан аралығында ел бойынша 21 мыңнан астам адамды мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланған. Осы кезеңде әскерге кеткен азаматтардың банктік несиесі автоматты түрде уақытша тоқтатылады. Бұл дегеніміз сарбаз қызметте жүрген уақытта несие төлемін жасамайды, ал банк пайыз, айыппұл және өсімпұл есептемейді. Қаржы сарапшыларының айтуынша, жеңілдік тек қызмет мерзіміне ғана емес, демобилизациядан кейінгі 60 күнге де сақталады. Бұл уақыт азаматтың қаржылық жағдайын қайта қалпына келтіруіне беріледі. Егер әскерге шақырылғанға дейін несие өндіріп алу кезеңіне өтіп кетсе, онда ол процесс те уақытша тоқтайды.…
Қазақстанның басым бөлігінде мереке күндері жаңбырлы әрі тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірде бұршақ түсіп, жел екпіні күшеюі мүмкін. Синоптиктер 7-9 мамыр аралығында батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауатынын хабарлады. Ал 8-9 мамыр күндері солтүстік облыстарда жауын-шашын күшейеді. Оңтүстік аймақтарда ауа температурасы жоғары болғанымен, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Елдің шығыс бөлігінде жауын-шашын 9 мамырдан бастап байқалады. Температуралық фон салыстырмалы түрде жылы болады. Батыста ауа температурасы +18…+28 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте +18…+23 градус, орталық өңірлерде +20…+28 градус шамасында сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн айтарлықтай жылы болады. Мұнда ауа…
Алматы облысында 439 мектептің 360 мыңнан астам оқушысы «Болашақты бірге отырғызайық» экологиялық акциясына қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізіліп келеді. Бұл бастама 2024 жылы қолға алынған. Сол жылы 340 мың, өткен жылы 350 мың ағаш тұқымы себілген. Оның 60 пайыздан астамы өніп шығып, бүгін мектеп аулаларына отырғызылды. Акцияға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысты. Ол Іле ауданындағы №24 лицей оқушыларымен бірге Шренк шыршасы, қайың, арша, жиде, туя, қарағаш және Сиверс алмасының дәнектерін екті. Ал өңірдің басқа аудандарындағы оқушылар акцияға онлайн форматта қосылды. Білім ордасының аумағына оқушылар өздері өсіріп, баптаған көшеттерін де отырғызды. Аймақ басшысы мұндай…
Алматы облысында жоғары сынып оқушыларына арналған шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша шеберлік сабағы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Қонаев қаласында ұйымдастырылған іс-шара кәсіби бағдар беру жұмысын дамытуға және денсаулық сақтау саласының болашақ кадрлық әлеуетін қалыптастыруға бағытталған. Шеберлік сабағына қатысқан оқушылар жарақат, күйік, суға бату және жүрек-қан тамырлары жүйесіне қатысты шұғыл жағдай кезінде алғашқы көмек көрсету тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді. Мамандар теориямен ғана шектелмей, төтенше жағдайда адам өмірін сақтап қалуға көмектесетін нақты әрекеттерді көрсетті. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов мұндай бастаманың маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, осындай ашық форматтағы кездесулер жастардың мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал етеді.…
Батыс Қазақстан облысында алғаш рет жел электр станциясы салынады. Қуаты 50 МВт болатын энергетикалық нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Бүгін құрылыс алаңында уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен қытайлық инвесторлар қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жел электр станциясын салуға 140 гектар жер бөлінген. Аукцион қорытындысы бойынша жобаны «GREEN ENERGY INDUSTRIAL COMPANY CENTRAL ASIA» ЖШС жүзеге асырады. Компания директоры Гао Венкенің айтуынша, инвестиция көлемі 21 млрд теңгені құрайды. Жобаны бастамас бұрын аумақта анемометр орнатылған. Сегіз ай бойы жүргізілген метеорологиялық бақылау жел жылдамдығы станцияның тұрақты жұмыс істеуіне жеткілікті…
Threads желісінде пәтер сатылғаннан кейін Отбасы банктегі қарыз жабылып, қалған ақшаны шешу кезінде комиссия ұсталғаны туралы жазба қызу талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жазба авторының айтуынша, пәтер сатылып, банк алдындағы қарыз толық жабылған. Алайда қалған қаражатты бірден алу үшін комиссия төлеу қажет болған. Оның сөзінше, комиссия шамамен 250 мың теңгеге жетуі мүмкін еді немесе 30 күн күту керек болған. Желі қолданушылары бұл жағдайға әртүрлі пікір білдірді. Бірі мұндай шартты мәміле жасамас бұрын нақтылап алу керек десе, енді бірі пәтер Отбасы банктің кепілінде тұрса, ақша алдымен сол банкке түсетінін жазды. Отбасы банк ресми түсініктемесінде комиссияның қандай шотқа ақша түскеніне байланысты екенін мәлімдеді.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихаймен кездесіп, елімізде ірі мақта-тоқыма өндірісін құру мәселесін талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу барысында Қазақстанда толық өндірістік циклге негізделген ірі мақта-тоқыма кластерін дамыту мәселесі талқыланды. Жоба мақта өсіруден бастап дайын тоқыма өнімін шығаруға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Ақорданың мәліметінше, қазіргі уақытта екі мақта өңдеу зауыты іске қосылған. Алдағы жылдары компания тоқыма өндірісін тереңдетіп, мата және тоқыма бағытындағы қосымша өнім шығаруды жоспарлап отыр. Жоба аясында мақта егісінің көлемін 52 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген. Бұл бағытта цифрлық технология мен тамшылатып суғару жүйесі қолданылады. Су мәселесі күрделі оңтүстік өңірлер үшін мұндай…
Чехияның премьер-министрі Андрей Бабиш Қазақстанға Ресей және Қытаймен байланысты қысқарту жөнінде ұсыныс айтуды сұрағанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол бұл туралы TV Nova телеарнасына берген сұхбатында айтты. Бабиштің сөзінше, Қазақстанға сапары алдында оған Чехия СІМ дайындаған арнайы жадынама берілген. Құжатта Астанаға Мәскеу мен Бейжіңмен ынтымақтастықты шектеу туралы мәселе көтеру ұсынылған. Алайда Бабиш мұндай тәсілді қолдамағанын аңғартты. Ол Чехияның бұрынғы үкіметінің антиресейлік саясатын сынға алып, мұндай бағыт ел экономикасына теріс әсер еткенін және Праганың маңызды әлемдік серіктестермен қарым-қатынасын әлсіреткенін айтты. Бұл мәлімдеме Бабиштің Астанаға жасаған сапарынан кейін айтылып отыр. Қазақстанда ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Премьер-министр Олжас Бектеновпен келіссөз жүргізген…










