Автор: Лейла Болтаева

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК қызметіне қатысты бірқатар өкілетті нақтылайтын Жарлыққа қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Құжатқа сәйкес, Комитеттің киберқауіпсіздік, цифрлық инфрақұрылымды қорғау, жасанды интеллект және мобилизациялық дайындық саласындағы функциялары кеңейеді. Бірқатар нормалар 2 мамырдан бастап күшіне енді, ал негізгі блоктың бір бөлігі 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданылады. Жаңа өзгерістер ҰҚК-ның цифрлық қауіпсіздік саласындағы рөлін күшейтеді. Ведомство енді жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, сондай-ақ өз модельдерін, платформалық бағдарламалық өнімдерін әзірлеу және пайдалану құқығына ие болады. Бұл 2026 жылдың Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануымен де байланысты. КНБ сыни маңызды цифрлық инфрақұрылым нысандарының киберқауіпсіздігіне мемлекеттік…

Толық оқу
Қазақстан экономикасы

Қазақстан экономикасы сатып алу қабілеті паритеті бойынша 2026 жылы 973,4 млрд долларға жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай бағалауды Халықаралық валюта қоры келтірген. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде 36-орынға шығып, Швейцария, Норвегия, Катар және Жаңа Зеландия сияқты елдерді артта қалдырды. 20 млнға жуық халқы бар ел үшін сатып алу қабілеті паритеті бойынша 1 трлн долларға жуық көрсеткіш жоғары деңгей саналады. Бұл Қазақстан экономикасының өңірлік ауқымда салмағы артып келе жатқанын көрсетеді. Әлемде Қытай, Үндістан, Индонезия сияқты ірі дамушы экономикалар күшейіп жатқан тұста Қазақстан да экономикалық көлемін ұлғайтып отыр. Дегенмен сарапшылар қазіргі өсімнің негізгі бөлігі шикізат секторы, ішкі тұтыну және мемлекеттік шығындар есебінен…

Толық оқу
газ келді

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі газ және энергетика инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу барысында вице-министр халықтың сауалдарына жауап беріп, өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды. Жетісу облысында газдандыру және жылумен қамту бағытында бірнеше ірі бастама қолға алынған. 2026 жылы облыста 4 газдандыру жобасы іске асырылады. Нәтижесінде 4 ауылдық елді мекендегі қосымша 10 мың тұрғын табиғи газға қол жеткізеді. Осылайша өңірдегі газдандыру деңгейі 68,6 пайызға жетеді. 2027 жылы тағы 9 елді мекенді газбен қамту жоспарланып отыр. Онда 134 мың адам тұрады. Бұл жобалар аяқталғаннан кейін Жетісу облысындағы газдандыру деңгейі 87,9 пайызға дейін көтеріледі.…

Толық оқу
АФМ

Шымкентте өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған алаяқ ұсталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз әрекетке тосқауыл қойды. Тергеу мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйекте күдікті өзін Департамент қызметкерімін деп таныстырып, жергілікті компания басшысынан 25 млн теңге алған. Ақша медициналық мекемені тексерілуі тиіс субъектілер тізімінен алып тастауға көмектесемін деген желеумен алынған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға шақырды. Ведомство күмәнді ұсыныстарға сенбей, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру қажет екенін ескертеді. Осындай дерекке тап…

Толық оқу
көлік қақты

Көкшетауда 52 жастағы әйелдің қазасына әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақмола облысы полициясының мәліметінше, жалғызбасты ананы қағып кеткен әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған. Тергеу барысында оның көлік жүргізу құқығы жоқ екені және арнайы оқудан өтпегені анықталды. Көлікті басқарған әйелге қатысты адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін және көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар көлік иесі, яғни күдіктінің жұбайына да қылмыстық іс қозғалды. Ол көлік жүргізу құқығы жоқ адамды рөлге отырғызғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған. 11 мамыр күні…

Толық оқу
Никол Пашинян

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне қатыспайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Пашинянның айтуынша, мұндай шешім Армениядағы парламент сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанына байланысты қабылданған. Елде парламент сайлауы 7 маусымға белгіленген. Армения премьері бұл жөнінде Владимир Путинге алдын ала хабарлағанын айтты. Ол Ресей президентін 1 сәуірде Мәскеуге барған сапары кезінде ескерткен. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа да шешімі туралы ақпарат берілген. Астанадағы саммитте Армения тарапынан вице-премьер Мгер Григорян қатысады. ЕАЭО саммиті 28-29 мамыр күндері Астанада өтеді. Пашинянның келмеуі ресми түрде ішкі саяси науқанмен түсіндіріліп отыр. Дегенмен Арменияның соңғы жылдары ЕАЭО және Ресеймен қарым-қатынасы салқындап келе жатқанын ескерсек, бұл…

Толық оқу
су ішіп тұр

Жалпы шенділердің идесы көп қой. Күнде бір дүниені ойлап табады. Ал оған халық қарайды деген мәселеге бас ауыртпайды. Немістердің шеділері де 2028 жылдың басынан бастап тәтті сусындарға арнайы салық енгізбекші, деп жазады Ertenmedia.kz. Германия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «қант салығы» жыл сайын мемлекеттік бюджетке шамамен 450 млн еуро түсіреді. Бұл қаражат денсаулық сақтау жүйесіне инвестиция ретінде бағытталмақ. Алайда жаңа шешім қоғамда пікірталас туғызды. Бір тарап мұны халық денсаулығын қорғауға арналған қажетті қадам деп санайды. Екінші тарап мемлекет азаматтардың тамақтану әдетіне тым көп араласып жатыр деген уәж айтады. Ал өндірушілер жаңа салық тұтынушы үшін бағаның өсуіне алып келетінін ескертуде. Дәрігерлер мен…

Толық оқу
Андрей Ермак

Украинада президенті Зенескийдің кеңсесін басқарған бұрынғы басшысы Андрей Ермакқа ірі көлемдегі жемқорлық ісі бойынша күдік келтірілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Украинаның Ұлттық антикоррупциялық бюросы мен Арнайы антикоррупциялық прокуратурасының мәліметінше, іс Киев маңындағы элиталық құрылыс жобасына қатысты. Тергеу нұсқасы бойынша, ұйымдасқан топ 460 млн гривнаны, яғни шамамен 10,5 млн долларды заңдастыруға қатысы болуы мүмкін. Ермакқа Украина Қылмыстық кодексінің 209-бабы 3-бөлігі бойынша күдік жарияланған. Бұл бап қылмыстық жолмен алынған кірісті аса ірі көлемде немесе ұйымдасқан топ құрамында заңдастыруға қатысты. Егер айып дәлелденсе, 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылған. Украина басылымдарының жазуынша, іс «Династия» кооперативі мен Киев…

Толық оқу
жұлдыз жорамал

12 мамыр күні жұлдыз белгілерінің көпшілігі үшін қарым-қатынас, жаңа таныстық және маңызды шешім қабылдауға қолайлы болмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Күн жылдам шешім мен жаңа идеяға ыңғайлы. Жұмыста күтпеген әңгіме пайдалы ойға жетелеуі мүмкін. Кешке отбасыңызға немесе жақын достарыңызға уақыт бөлген дұрыс. Торпақ Бүгін сабырлы әрі өнімді күн болады. Қаржы мәселесі күткеннен жақсы шешілуі ықтимал. Сатып алу мен алдағы шығынды жоспарлауға қолайлы уақыт. Жеке өмірде ашық сөйлесу маңызды. Егіздер Күн жаңалық пен қарым-қатынасқа толы өтеді. Біреу қызықты серіктестік немесе сапар ұсынуы мүмкін. Бірден бірнеше іске шашылмаған жөн. Кешті тынығуға арнаңыз. Шаян Эмоциялық жағдай тұрақтанады. Үй шаруасына, туыстармен сөйлесуге қолайлы күн.…

Толық оқу
ауа райы

Қазақстанда 12 мамыр күні ауа райы құбылып, бірқатар өңірде жел күшейеді. «Қазгидромет» болжамынша, елдің батысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік, шығыс және орталықтың кей аймақтарында түнгі үсік күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада жауын-шашын болмайды. Түнде -1…-3 градусқа дейін суытып, күндіз +13…+15 градус жылы болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+12 градус, күндіз +14…+16 градус шамасында болады. Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13 градус, күндіз +22…+24 градус жылы. Жел екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ақтау мен Атырауда күн жылы болады. Ақтауда түнде +16…+18, күндіз +26…+28 градус, Атырауда түнде +15…+17, күндіз +26…+28 градус…

Толық оқу