Автор: Назым Болатхан

Аида Балаева киножобалар конкурсы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева киножобалар конкурсы басталғанын хабарлады деп жазады Ertenmedia.kz. “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сапалы және рухани тәрбиелік мәні бар кино жасау туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан жыл сайынғы киножобалар конкурсы бүгін басталды”-деді ол. Аида Балаеваның айтуынша, іріктеудің басым тақырыптары Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сайтында жарияланды. Биыл туған жер, отбасы, салауатты өмір салты, ұлттық құндылықтар, еңбек, заң, тәртіп, табиғат, ғарыш, туризм сияқты жан-жақты тақырыптар легі ұсынылып отыр. Маңызды жаңалықтардың бірі – іріктеу жасанды интеллекттің көмегімен өткізіледі. Бұл ашықтық пен шешім қабылдаудағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге көмектеседі. “Ережеге сәйкес бірінші кезеңде…

Толық оқу
Мұрат Әбенов

Депутат Мұрат Әбенов жаңа Ата заң жобасының 9-бабының 2-тармағындағы мемлекеттік мекемелерде орыс тілін қазақ тілімен қатар қолдану мәселесіне қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол өз сөзінде еліміздегі 20 миллионнан астам адамның 8-9 миллионы ересек адам екенін, ал оның шамамен үш жарым миллионы қазақ тіліндегі құжатты оқи алмайтынын айтты. Бұлардың арасында қазақ тілінде сөйлесе де, қазақша мәтінді түсінбейтін қазақтар аз емес екеніне тоқталды. «Бұл азаматтар да осы елдің тұрғындары. Соның ішінде басым бөлігі жасы үлкен қалалық тұрғындар. Олар кеңес заманында туып-өскен, орысша оқыған. Осы азаматтар мемлекеттік ұйымдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына барып, орыс тіліндегі құжатты талап етуге құқылы. Біз…

Толық оқу
АҚШ Иран соғысы

Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясындағы қыз балаларға арналған бастауыш мектепке жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 185 адамға дейін өсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz CNN арнасына сілтеп. Құтқарушылар үйінділерді ашып, қаза тапқандарды анықтаған сайын құрбандар саны үздіксіз өсуде. Бұған дейін қайтыс болғандар саны алғашында 5, кейін 95, одан кейін 118 адам болған еді. Қайғылы оқиға Минаб қаласында орналасқан қыз балалардың бастауыш мектебінде тіркелген. CNN телеарнасының дерегінше, зымыран соққысына ұшыраған мектеп Иран әскери базасынан небәрі 61 метр жерде орналасқан. Телеарна мектептің бұрын әскери базаға қарағанымен, 2016 жылдан бері жеке тұрғанын анықтады. Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи шабуылдан кейін қираған мектептің суретін жариялап, «АҚШ…

Толық оқу
АҚШ Иран соғыс

Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің Тегерандағы аса қорғалған резиденциясы АҚШ пен Израильдің бірлескен соққысынан кейін ауыр зардап шекті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Airbus компаниясының жаңа спутниктік кадрларында аятолланың кешені қара түтінге оранып, кейбір ғимараттары толықтай қираған күйде бейнеленген. Суреттерді алғаш болып The New York Times жария етті. Шабуыл АҚШ пен Израильдің «Ақырған арыФото: khamenei.irстан» әскери операциясы аясында жасалды. Операция барысында Тегерандағы әскери объектілер, зымыран шығаратын кәсіпорындар мен аятолла Хаменеидің кеңсесі орналасқан аудан соққы астында қалды. Иран билігі шабуылға қатаң әрі аяусыз жауап беретінін мәлімдеп, дереу қарсы соққылар жасады. Иранның жауабы ретінде Израиль мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы базалары атқыланып, БАӘ, Бахрейн мен…

Толық оқу
конституция жобасы

28 ақпанда Астанада жаңа Конституциясы жобасына арналған партияаралық диалог өтті. Пікірталас «Qazaqstan» телеарнасының әлеуметтік желідегі платформаларында және «Хабар» телеарнасының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді деп жазады Ertenmedia.kz. Партияаралық диалог спикерлерге қойылатын нақты регламенті мен айқын міндеті бар, 4 раундтан тұратын бірегей пікірталас форматы. Диалогқа Қазақстандағы 7 партия атынан 14 спикер қатысты. Олар модераторлар мен қарапайым қазақстандықтардың сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа Конституция жобасына қатысты өз ұстанымдарын білдірді. Спикерлер Тәуелсіздік пен ұлттық бірлікті Конституция деңгейінде бекіту, Парламент бақылауын күшейту, білім мен ғылымды дамыту басымдығы, әлеуметтік кепілдіктер, меншік құқығын қорғау, мемлекеттің экологиялық жауапкершілігі, азаматтардың цифрлық құқығы және негізгі шешімдер қабылдау кезіндегі жалпыхалықтық референдумның…

Толық оқу
Жаңа Конституцияда

Жаңа Конституция жобасында «жыл сайынғы еңбек демалысы» термині арнайы көрсетілмегенімен, қызметкердің демалыс құқығы толық қорғалған. Бұл туралы Астанада өткен партияаралық диалогта Қазақстан Халық партиясының мүшесі Асылбек Нұралин түсіндіріп берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Нұралиннің айтуынша, демалысқа қатысты нақты ережелер – демалыс мерзімі, ақы төлеу тәртібі – Конституция деңгейінде емес, Еңбек кодексінде бекітілген. Бұл әдіс еңбек қатынастарын икемді әрі тиімді реттеуге, қызметкерлердің демалу құқығын Конституция мен заң деңгейінде бірдей қорғауға мүмкіндік береді. «Жаңа Конституция еңбек құндылығын жоғары әлеуметтік құндылық ретінде бекітеді. Адамның еңбек ету құқығын қорғау – мемлекеттің басты міндеті. Сондықтан қызметкерлердің лайықты еңбек пен оған сай демалыс алуға деген құқықтары толық қорғалады»,…

Толық оқу
жаңа конституция

Жаңа Конституцияның басты құндылығы адам және оның өмірі, құқығы мен еркіндігі. Конституцияға енгізілетін өзгерістердің негізгі мақсаты мемлекет азамат үшін қызмет ететін, адам игілігіне бағытталған құрылымға айналу. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов партияаралық дебат кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мемлекет тек халыққа қызмет еткенде ғана шынайы құндылыққа ие болады. Конституция абстрактылы ұғымдарды емес, нақты адамды, оның өмірін, отбасылық қауіпсіздігін, еңбек ету және ертеңгі күнге деген сенім құқығын қорғауы тиіс», – деді депутат. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасының бірінші бабында Қазақстанның ең жоғарғы құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені нақты жазылған. «Бұл еңбек адамының қадірі артатынын, оның…

Толық оқу
Магеррам Магеррамов

Жаңа Конституция жобасында азаматтардың саяси көзқарасына байланысты құқықтарын шектеуге тікелей тыйым салынады. Бұл туралы Астанада өткен партияаралық диалог барысында Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Конституция жобасында адамның саяси сенімі, пікірі немесе қоғамдық-саяси өмірге қатысқаны үшін құқығын еркінен тыс шектеуге нақты тыйым салынады. «Мемлекет азаматты саяси көзқарасы үшін жұмыстан босата алмайды. Қоғамдық белсенділігін шектей алмайды немесе қандай да бір қолайсыз жағдай жасауға құқы жоқ. Мұндай шектеулер тек қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті немесе өзге адамдардың заңды құқықтарын қорғау мақсатында, заң бұзылған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін», – деді депутат. Магеррамов бұл норманың азаматтардың саяси құқықтарын қорғауды күшейтіп,…

Толық оқу
айдос сарым

Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог өтті. Талқылау Qazaqstan телеарнасының әлеуметтік желілерінде және «Хабар» телеарнасының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Айдос Сарым Конституция жобасындағы 3-баптың маңызын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, бұл бап мемлекет саясатының негізгі бағдарын айқындайтын қағидаларды алғаш рет конституциялық деңгейде бекітеді. «Жаңа Конституцияның 3-бабы – жай ғана декларация емес, барлық мемлекеттік органдардың заңдары мен шешімдері бағынатын құқықтық бағдар. Бұл бапта егемендікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, адам құқықтарын, білім мен ғылымды басым бағыт ету сияқты іргелі принциптер бекітілген», – деді депутат. Жалпы, Конституция жобасы Қазақстанның тарихи…

Толық оқу
дана еспаева

Жаңа Конституцияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлердің бизнесін және жеке меншігін қорғауға толық міндетті болады. Бұл туралы Астанада өткен «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық диалогта «Ақжол» партиясының өкілі Дания Еспаева мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еспаеваның айтуынша, жаңа конституциялық норма кәсіпкердің бизнесі, өндірген өнімі мен салған инвестициясын толық заңдық қорғауға кепілдік береді. «Мысалы, салық органдары кәсіпкердің шотын негізсіз бұғаттаса, ол сот арқылы шотты аштырып қана қоймай, мемлекеттен келтірілген шығынды өндіріп алуға құқылы болады», – деді ол. Депутат бұл өзгерістердің үш негізгі құндылыққа – қорғауға, сенімге және әділеттілікке негізделгенін атап өтті. Конституциядағы бұл нормалар кәсіпкерлік саласына сенімділік пен тұрақтылық әкеледі, деді ол.…

Толық оқу