Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

Ирандағы жағдай

Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Тегеран Уашиңтонмен келіссөздерді қайта жандандыруға ұмтылуда деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әли Лариджани желідегі парақшасында Иранның Оман арқылы АҚШ-пен келіссөз жүргізуге әрекет жасағаны туралы The Wall Street Journal-дың ақпаратына жауап берді. «Біз АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейміз», – деп кесіп айтты Лариджани. Сонымен қатар ол АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран туралы мәлімдемелерін де сынға алды. «Аймақты өз елестерімен бейберекетсіздікке ұшыратқан Трамп қазір америкалық әскерилердің өліміне алаңдап отыр. Өзінің «Америка бірінші» деген ұранын «Израиль бірінші» ұранына алмастырып, Израильдің билікқұмарлығы үшін америкалық сарбаздарды құрбан етті», – деді Лариджани. Сондай-ақ, ол Трампты «жаңа өтіріктері…

Толық оқу
Astana English School

Астанадағы №81 мектептің директоры мен бас бухгалтері мемлекетке 600 миллион теңгеге жуық залал келтіргені үшін сотталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жақында Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Astana English School мектебін 10 жылдан астам уақыт басқарған 65 жастағы Гүлнар Садықова мен осы мекеменің 41 жастағы бас бухгалтері Айжан Атжановаға қатысты үкім шығарды. Журналист Михал Қозачковтың мәліметінше, директор мен бас бухгалтер бірнеше жыл бойы түрлі заңсыз әрекеттер арқылы қомақты қаражат тапқан. Мысалы… Мемлекеттік мектепте «өлі жандар» әдісі қолданылған: алты адам ресми түрде жұмысқа тіркелгенімен, мектепте бір рет те төбе көрсетпеген. Олардың жалақысын директор Садықова өзі алып отырған. Тек осы әдіспен бюджетке…

Толық оқу
Kaspi Иран

Kaspi.kz Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағында қалып қойған клиенттеріне күнделікті материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Компанияның Kaspi Travel-ы арқылы турлар мен екі бағытқа арналған билет сатып алып, қазір сол өңірде қалып қойған немесе транзиттік аумақта тұрып қалған азаматтардың әрқайсысына Kaspi Gold картасына күн сайын ақша аударылады. Ересек адамдарға тәулігіне 35 мың теңге, ал балаларға 15 мың теңге көлемінде көмек беріледі. Kaspi.kz өкілдері жағдай реттелгенше клиенттермен үздіксіз байланыста болып, қажетті қолдауды толық көрсететінін мәлімдеді. «Өз қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етіңіздер, Қазақстанның елшілігі және консулдығымен тұрақты байланыста болыңыздар және ресми нұсқаулықтарды орындаңыздар», – делінген компания хабарламасында. Қазақстан Сыртқы істерінің мәліметінше, дәл…

Толық оқу
Ирандағы жағдай

Ирандағы ахуалдың күрт ушығуына байланысты Қазақстанның Сыртқы істері төтенше байланыс желісін іске қосып, қақтығыс аймағындағы азаматтарымыз туралы ақпарат жинауда деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрлік Ирандағы шиеленіс ортасында қалған қазақстандықтарды эвакуациялауға дайындық жұмыстарын бастап кетті. Өңірдегі барлық шетелдік дипломатиялық мекемелер күшейтілген режимге көшірілген. Дипломаттарымыз өзге елдердің құзырлы органдарымен тығыз байланыста болып, Ирандағы әуежайлар мен транзиттік аймақтарда қалып қойған отандастарымызға консулдық қолдау көрсетуде. «Қазір дипломатиялық өкілдіктер өңірдегі азаматтарымыздың тізімдерін жаңартып, жедел чаттар ашып қойды», – делінген министрлік мәлімдемесінде. СІМ нақты қанша қазақстандықтың қақтығыс аймағында екенін анықтауда. Бірақ қазірге дейін олардың санын дөп басып айту мүмкін болмай тұр. Сонымен қатар дипломаттар туристік компаниялармен бірге…

Толық оқу
мобильді аударымдар 2026

Қазақстанда жеке тұлғалардың арасындағы ақша аударымдарына мониторинг күшейтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді бір азаматтың шотына қатарынан үш ай бойы 100-ден астам аударым жасалып, оның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса, ол салық органдарының назарына ілігуі мүмкін. Мұндай күмәнді аударымдар анықталса, 15 сәуірден бастап шот иелеріне арнайы хабарлама жіберіледі. Қазір екінші деңгейлі банктер тиісті ақпаратты жинап, салық органдарына тапсыруда. Дегенмен күнделікті тұрмыстық аударымдар (туысқандар мен достар арасындағы ақша жіберу, қарыз қайтару сияқты операциялар) бақылауға алынбайды. Мұндай аударымдар кәсіпкерлік қызметке жатпайды. Бірақ тексеріс барысында жеке тұлғаның кәсіпкерлікпен айналысып, табысын жасырып отырғаны анықталса, оған әкімшілік жаза қолданылады. Бұл жағдайда 15-тен 100 айлық есептік…

Толық оқу
Аида Балаева

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева киножобалар конкурсы басталғанын хабарлады деп жазады Ertenmedia.kz. “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сапалы және рухани тәрбиелік мәні бар кино жасау туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан жыл сайынғы киножобалар конкурсы бүгін басталды”-деді ол. Аида Балаеваның айтуынша, іріктеудің басым тақырыптары Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сайтында жарияланды. Биыл туған жер, отбасы, салауатты өмір салты, ұлттық құндылықтар, еңбек, заң, тәртіп, табиғат, ғарыш, туризм сияқты жан-жақты тақырыптар легі ұсынылып отыр. Маңызды жаңалықтардың бірі – іріктеу жасанды интеллекттің көмегімен өткізіледі. Бұл ашықтық пен шешім қабылдаудағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге көмектеседі. “Ережеге сәйкес бірінші кезеңде…

Толық оқу
Мұрат Әбенов

Депутат Мұрат Әбенов жаңа Ата заң жобасының 9-бабының 2-тармағындағы мемлекеттік мекемелерде орыс тілін қазақ тілімен қатар қолдану мәселесіне қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол өз сөзінде еліміздегі 20 миллионнан астам адамның 8-9 миллионы ересек адам екенін, ал оның шамамен үш жарым миллионы қазақ тіліндегі құжатты оқи алмайтынын айтты. Бұлардың арасында қазақ тілінде сөйлесе де, қазақша мәтінді түсінбейтін қазақтар аз емес екеніне тоқталды. «Бұл азаматтар да осы елдің тұрғындары. Соның ішінде басым бөлігі жасы үлкен қалалық тұрғындар. Олар кеңес заманында туып-өскен, орысша оқыған. Осы азаматтар мемлекеттік ұйымдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына барып, орыс тіліндегі құжатты талап етуге құқылы. Біз…

Толық оқу
АҚШ Иран соғысы

Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясындағы қыз балаларға арналған бастауыш мектепке жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 185 адамға дейін өсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz CNN арнасына сілтеп. Құтқарушылар үйінділерді ашып, қаза тапқандарды анықтаған сайын құрбандар саны үздіксіз өсуде. Бұған дейін қайтыс болғандар саны алғашында 5, кейін 95, одан кейін 118 адам болған еді. Қайғылы оқиға Минаб қаласында орналасқан қыз балалардың бастауыш мектебінде тіркелген. CNN телеарнасының дерегінше, зымыран соққысына ұшыраған мектеп Иран әскери базасынан небәрі 61 метр жерде орналасқан. Телеарна мектептің бұрын әскери базаға қарағанымен, 2016 жылдан бері жеке тұрғанын анықтады. Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи шабуылдан кейін қираған мектептің суретін жариялап, «АҚШ…

Толық оқу
АҚШ Иран соғыс

Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің Тегерандағы аса қорғалған резиденциясы АҚШ пен Израильдің бірлескен соққысынан кейін ауыр зардап шекті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Airbus компаниясының жаңа спутниктік кадрларында аятолланың кешені қара түтінге оранып, кейбір ғимараттары толықтай қираған күйде бейнеленген. Суреттерді алғаш болып The New York Times жария етті. Шабуыл АҚШ пен Израильдің «Ақырған арыФото: khamenei.irстан» әскери операциясы аясында жасалды. Операция барысында Тегерандағы әскери объектілер, зымыран шығаратын кәсіпорындар мен аятолла Хаменеидің кеңсесі орналасқан аудан соққы астында қалды. Иран билігі шабуылға қатаң әрі аяусыз жауап беретінін мәлімдеп, дереу қарсы соққылар жасады. Иранның жауабы ретінде Израиль мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы базалары атқыланып, БАӘ, Бахрейн мен…

Толық оқу
конституция жобасы

28 ақпанда Астанада жаңа Конституциясы жобасына арналған партияаралық диалог өтті. Пікірталас «Qazaqstan» телеарнасының әлеуметтік желідегі платформаларында және «Хабар» телеарнасының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді деп жазады Ertenmedia.kz. Партияаралық диалог спикерлерге қойылатын нақты регламенті мен айқын міндеті бар, 4 раундтан тұратын бірегей пікірталас форматы. Диалогқа Қазақстандағы 7 партия атынан 14 спикер қатысты. Олар модераторлар мен қарапайым қазақстандықтардың сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа Конституция жобасына қатысты өз ұстанымдарын білдірді. Спикерлер Тәуелсіздік пен ұлттық бірлікті Конституция деңгейінде бекіту, Парламент бақылауын күшейту, білім мен ғылымды дамыту басымдығы, әлеуметтік кепілдіктер, меншік құқығын қорғау, мемлекеттің экологиялық жауапкершілігі, азаматтардың цифрлық құқығы және негізгі шешімдер қабылдау кезіндегі жалпыхалықтық референдумның…

Толық оқу