Автор: Назым Болатхан

Алдағы үш күнде Қазақстанның қос мегаполисінде

Алдағы үш күнде Қазақстанның қос мегаполисінде қыс қаһарына мінеді. Сынап бағанасы күрт төмендеп, қарлы боран мен үскірік жел күтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астана тұрғындары 21 қаңтарда қалың қар, жаяу борасын мен ызғарлы желдің соғуына дайын болғаны жөн. Солтүстік-шығыстан ұйтқи соққан жел жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнгі мезгілде ауа температурасы -18…-20 градусқа дейін төмендеп, күндіз -14…-16 градус аяз болады. 22 қаңтарда да қалада күн райы күрт суытады. Қар аздап жауғанымен, боран күшейеді. Ауа температурасы түнде -22…-24 градус, күндіз -16…-18 градусты көрсетеді. 23 қаңтар астаналықтар үшін нағыз қыс сынағы болмақ. Түнде -25…-27 градусқа дейін қатты суытып, күндізгі температураның өзі -20…-22 градустан…

Толық оқу
Нұрлан Алмасбеков Шымкент полициясы

Шымкенттегі студент қыздың өлімінен кейін полиция департаментінің бастығы мен оның бірінші орынбасары қызметтен қуылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қоғамды дүрліктірген қанды оқиғадан соң қалалық полиция басшысы Нұрлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары Құрманбек Сахов лауазымынан босатылды. Сондай-ақ, тағы бір топ лауазымды тұлғалар да ішкі істер органдарынан аластатылды. Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты ресми түрде растап отыр. «Қызметтік тексеріс жүргізіліп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы мен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Сонымен бірге, бірқатар жауапты тұлғалар ішкі істер органдарынан шығарылды», – делінген мәлімдемеде. Қазіргі уақытта Ішкі…

Толық оқу
Қазақстан бойынша ауа райы күрт нашарлап

Қазақстан бойынша ауа райы күрт нашарлап, барлық өңірлерде қауіпті ахуал сақталады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алдағы демалыс күндері ел аумағында аяздың қаһары күшейіп, тұрғындарға қолайсыздық тудырмақ. Солтүстік пен шығыстағы аймақтарға Сібірдің үстінде тұрақтаған қуатты антициклон ықпал етеді. Мұнда күн ашық болғанымен, шыңылтыр аяздың беті қайтпай тұр. Ал еліміздің батысы мен оңтүстігінде жағдай мүлдем басқаша. Бұл өңірлерге оңтүстіктен жеткен циклон қар мен бұрқасын ала келді. Желдің екпіні күшейіп, көктайғақ жолдарды жауып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындап жатыр. Әсіресе, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында қаңтардың 17–18 күндері толассыз жауған қалың қар жұртты әбігерге салуы мүмкін. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, жаңа апта басында күн райы қайта құбылып, солтүстік-батыстан…

Толық оқу
Түркістан облысында блогер ұсталды

Түркістан облысында блогерлігін желеу етіп, медицина мекемесінің басшысынан ақша бопсалаған 32 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, өзін қоғам жанашыры ретінде таныстырып жүрген блогер Келес ауданындағы аурухана басшысынан бір миллион теңге талап еткен. Әлгі соманы бермесе, «абыройыңызды әлеуметтік желіде айрандай төгемін» деген сыңайдағы қысым көрсеткен көрінеді. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, дәлел боларлық заттар тергеушілердің қолына түсті. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Соның алдында оңтүстік өңірге белгілі журналист әрі блогер Арай Есенбек те құрықталған еді. Полиция мәліметінше, ол әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге талап етіп, көнбеген жағдайда әлемжеліде компромат жариялаймын деп қорқытқан. Ал күні кеше…

Толық оқу
Бектенов медициналық сақтандыру

Премьер Бектенов әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің басқаруына өткізу туралы шұғыл тапсырма берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған қордың қаржылық қызметінен анықталған жүйелі кемшіліктер мен миллиардтаған шығындар себеп болған. МӘМС жұмысын тексеру туралы тапсырманы премьер-министр 2025 жылғы 18 желтоқсанда берген еді. Тексеру нәтижесінде қор қаражатын тиімсіз пайдалану мен заңсыздықтардың кең етек алғаны белгілі болды. Тәкиев не дейді? Қаржымин Мәди Такиевтің айтуынша, соңғы жылдары медицинаны қаржыландыру күрт өскен, бірақ миллиардтар артқан сайын, тиімділік төмендей берген. Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 2,4 триллион теңге бөлінеді бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 триллионға артық. Дегенмен, осы аралықта қорға түскен 588 миллиард теңге инвестициялық кірістің…

Толық оқу
Маржан Арапбаева

Астанада танымал әнші Маржан Арапбаеваның байы әйеліне көпшілік көзінше қол көтергені үшін 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға қаңтардың алғашқы күндерінде, түн ауған шақта елордадағы көңіл көтеру орындарының бірінде болған. Демалуға келген жұрт күтпеген жерден айқай-шу мен боқтық сөзге куә болғанын айтады. 43 жастағы азамат жанындағы әйелмен ұрысып, оны жұрт алдында масқаралап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Ашуға ерік берген ер адам әншіні шашынан сүйреп, жұлқылай бастаған. Жанжалға куә болғандар тез арада тәртіп сақшыларын шақырған. Оқиға орнына жеткен полиция бұзақыны ұстап, үстінен әкімшілік іс қозғаған. Сот азаматтың әрекетін «ұсақ бұзақылық» деп бағалап, оны он тәулікке темір торға қамауға шешім…

Толық оқу
Депутат Дәулет Мұқаев

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің салымшылары қазіргі депутат, кешегі блогер Дәулет Мұқаевқа наразылығын білдіріп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемжеліде Нұрғаным Жарасбек есімді азаматша Алматыдағы «Maxbet PV» компаниясына қарасты «Достар Делюкс» тұрғын үй кешеніне салған қаржысының күйіп кеткенін айтып, жанайқайын жеткізді. «Менің ғана емес, халықтың жарасы! 2022 жылдың тамыз айында Алматы қаласындағы «Maxbet PV» компаниясы «Достар Делюкс» тұрғын үй кешеніне ақша салдық. Барлық салымшы қазіргі депутат Дәулет Мұқаевтың жарнамасына сеніп, салым жасады. Ол бірнеше рет компанияны жарнамалап, құжаттарының дұрыстығын айтты. Халықтың жанашыры ғой деп шүбәсіз сендік», – дейді жазба авторы. Автордың айтуынша, қазіргі таңда 300-ге жуық салымшы үйсіз әрі ақшасыз қалған. Олар…

Толық оқу
Қазақстан экономикасы

Қазақстан экономикасы сырттан тасымалданатын тауарларға басыбайлы тәуелді болып барады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экономист Руслан Сұлтановтың пікірінше өткен жылдың 11 айындағы сыртқы сауда қорытындысы осы тенденцияны айқын көрсеткен. Қазақстан осы кезеңде жалпы сомасы 57,7 млрд долларды құрайтын тауар импорттаған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға артық. Ал экспорт, керісінше, 4,2 пайызға азайып, 71,1 млрд долларға дейін төмендеген. Осылайша, сыртқы саудадан түсетін пайда бірден 31 пайызға қысқарып, 13,5 млрд доллар ғана болған. Руслан Сұлтанов экспорттың әлсіреуінің басты себебі шикізат тасымалының төмендеуінде дейді. Нақты айтқанда, Қазақстан мұнайды (–6,9%), уранды (–9,7%), мыс катодтарын (–3,7%), мыс кенін (–11,1%) және ферроқорытпаларды (–18,8%) әлдеқайда аз сатқан. «Аталған…

Толық оқу
Индонезия соты қазақстандық Гүлсезім Алтайбекованы

Индонезия соты қазақстандық Гүлсезім Алтайбекованы екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға Бали аралындағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Тергеу дерегінше, қазақстандық модель ресейлік блогер Кәрина Фадеевамен жанжалдасып, оған ауыр жарақат салған. Блогердің айтуынша, ол құрбыларымен клубқа демалуға барған. Сол жерде күтпеген жерден шабуылға ұшырағанын мәлімдеп отыр. «Бейнебақылау камерасындағы жазбада Алтайбекованың темір шамды Фадееваның басына қарай сілтеген сәті анық көрінеді», — деп жазып жатыр көршіміздің пропаганда құралдары. Жарақат алған блогер бірден есінен танып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бас сүйегі мен еріннің жыртылғанын, қатты қан кеткенін және есту қабілетінің ішінара жоғалғанын айтты. Алған жарақатын дәрігерлер сол жерде тігіп берген. Кімнің сөзі рас?…

Толық оқу
алаяқтар

Алматыда мыңдаған қазақстандықты телефон арқылы алдаған шетелдік алаяқтардың ірі call-орталығы әшкереленді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаменті, «Қазақтелеком» және «Кселл» компаниялары бірлескен операция жүргізіп, заңсыз жұмыс істеп келген шетелдік алаяқтық орталығының жолын кесті. Тергеу мәліметінше, шетел азаматтары Қазақстан тұрғындарын да қылмыстық іске тартып, SIP-нөмірлері арқылы елдегі мыңдаған азаматқа хабарласқан. Қоңырау шалған алаяқтар өздерін түрлі қаржы мекемелерінің өкілі ретінде таныстырып, жұртты жаппай алдап, ақшаларын жымқырып отырған. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде call-орталық жұмысын қамтамасыз еткен серверлер толық бұғатталды. Қазір алаяқтық әрекет тоқтатылды. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты барлық мән-жайды анықтап, қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын жауапқа тарту үшін тергеуді…

Толық оқу