«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының әкімшілік-басқару персоналы 10 пайызға қысқартылады. Компанияның Астанадағы 650 қызметкері жұмыстан кетеді. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жақыповтың айтуынша, қысқарту тек басқару аппараты мен әкімшілік бөлім қызметкерлеріне қатысты. Өндірістік ұжымдар мен филиалдардағы мамандар қысқартылмайды. «Астанадағы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында шамамен 6,5 мың адам еңбек етеді. Олардың 10 пайызы яғни, 650 қызметкер қысқартуға түседі. Қысқарту орталық кеңселердегі әкімшілік-басқару құрамына ғана қатысты. Өндірістік персоналға тиіспейміз», – деді ол. Компания басшысы қызметкерлерді қысқартуда объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердің тиімділігі мен мотивациясы ескерілетінін атап өтті. Процесс наурыз айының соңына дейін аяқталады. Жақыпов өтемақыға қатысты нақты сома…
Автор: Назым Болатхан
Ресей билігі Telegram мессенджерін сәуір айының алғашқы күндерінде бұғаттауды қарастырып жатыр. Мұндай шешімнің қабылданғанын Кремльге жақын дереккөздер хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. РБК басылымының ақпаратынша, бұғаттау туралы түпкілікті шешім қабылданып қойған. Басты себеп ретінде мессенджер арқылы азаматтар, соның ішінде жасөспірімдер арасында заңсыз әрекеттерге шақыру фактілерінің көбеюі аталған. Бұған дейін Ресей цифрлық даму министрі Мақсұт Шадаев Telegram-ды ұрыс алаңдарында шектеу жоспарланбағанын айтқан еді. Бірақ дереккөздердің мәліметінше, бұғаттаудан кейін мессенджер тек майдан аймағында ғана қолжетімді болып қалуы мүмкін. Жақында біз Telegram негізін қалаушы Павел Дуровқа қарсы терроризмге жәрдемдесу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз. ФСБ материалдарына сүйенген басылымдар мессенджер экстремистік мазмұндағы арналарды…
Белгілі қоғам белсендісі әрі бұрынғы банкир Оразалы Ержановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның ұсталғаны туралы журналист Ирина Петрушова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Петрушованың айтуынша, Ержанов жаңа Конституция жобасына қатысты өткір сын жариялаған соң полиция назарына түскен. Белсендінің соңғы жазбасы 8 ақпанда жарияланған, кейінгі жазбалары парақшасынан жойылған. «Оразалы Ержановты түнде үйінен алып кеткен, тінту жүргізілген. 10 тәулікке қамауға алынды. Қандай себеп екені әзірге белгісіз. Ержанов билікті ашық сынап, шындықты тура айтатын санаулы азаматтардың бірі», – деп жазды журналист Гүлжан Ерғалиеваның мәліметіне сілтеме жасап. Алматы қалалық полиция департаменті Ержановтың ұсталғанын растап, әлемжелілерде шындыққа жанаспайтын ақпарат пен шетелдік нөмірлерді пайдаланып,…
Алматыда курьерлерге қойылатын талап күшейеді. Тұрғындар шағымынан кейін, полиция жеткізу қызметіне жаңа ереже енгізуді көздеп отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов курьерлерді барлық жұмыс кезеңдерінде биометриялық тексерістен өткізу керектігін айтты. Сондай-ақ, ол шетелдік жұмыс күшін тартуға тыйым салуды және аккаунттарды өзге адамға беруге жол бермеуді талап етті. «Әрбір курьер тұрғын үйлерге еркін кіріп-шығады, жеке мәліметтерге және адамдардың үйде болу-болмауы туралы ақпаратқа қол жеткізеді. Сондықтан біз биометриялық идентификация жүйесін енгізуді, аккаунттарды өзге адамдарға беруге тыйым салуды, шетел азаматтарын жұмысқа алмауды және жол ережесінің сақталуын қатаң бақылауды талап етеміз», – деді полиция басшысы. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мәселе тек көлік…
Қазақстанда 1 наурыздан бастап бірнеше маңызды заңнамалық өзгеріс күшіне енеді. Олар салықтан бастап, банк қызметі, отбасы құқығы, медицина және қоғам өміріндегі өзге де бағыттарға қатысты деп хабарлайды Ertenmedia.kz 31 арнаға сілтеп. Ең басты жаңалықтың бірі салық саласына байланысты. 1 наурыздан бастап салық режимін сақтау не ауыстыру туралы хабарлама жібермеген кәсіпкерлер автоматты түрде стандартты режимге өтеді. Мамандар мұны шағын және орта бизнеске үлкен жауапкершілік жүктейтін қадам деп есептейді. Сонымен қатар, банк секторында да елеулі өзгеріс бар. Енді барлық коммерциялық банктер тұрғын үй құрылыс жинақ қаражатын тарта алады. Сарапшылар бастама банк нарығында әділетті бәсекені арттырады деп болжауда. Сондай-ақ… Банк саласында тәуекелдерді басқару…
Астана Ташкенттің мұнай-газ саласында жіберген қателігінен сабақ алуы тиіс. Көрші елдегі энергетика саласының құлдырау тарихы бізге ескерту болуы керек. Сала сарапшысы Руслан Туматов осы мәселені терең талдап, Өзбекстандағы жағдайдан ащы мысал келтірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2010 жылдардың екінші жартысында Руслан Туматов Өзбекстанның химия өнеркәсібіндегі жекешелендіру процестеріне қатысып, елдегі газ-химия саласының қарқынды дамуына куә болған екен. Сол кезде Өзбекстанның мұнай-газ секторындағы ірі жобалар мен қарқынды бұрғылау жұмыстары кәсіби ортада қызғаныш пен таңданыс тудырған. «Бұрғылау қарқыны, алып тау-кен химия комбинаттарының іске қосылуы, қомақты бюджеттер кәсіби тұрғыдан шабыттандыратын. Тіпті көршілер газ-химия саласында мәңгілік қозғалтқыштың формуласын тапты ма деген ой туындағаны рас. Бірақ осы экономикалық…
Қазақстан мен Ұлыбритания сирек кездесетін металдар мен стратегиялық минералдарды игеру бойынша ауқымды әріптестік орнатады. Лондонда өткен бизнес өкілдерімен кездесуде осы саладағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі айқындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дөңгелек үстел форматындағы жиынға сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қатысып, Қазақстандағы тұрақты инвестициялық климатты ерекше атап өтті. «Астана сіздердің инвестицияларыңыз ұзақ мерзімді әрі сенімді табыс әкелуіне толық мүдделі. Бұған біздің саяси тұрақтылығымыз, қолайлы іскерлік климатымыз бен экономиканың жаңа бағыттарын ашуға бағытталған үздіксіз күш-жігеріміз кепіл», – деді министр. Британ тарапының атынан кездесуге бизнес және сауда министрінің міндетін атқарушы, Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Крис Брайант, британ-қазақ қоғамдастығының басшысы Руперт Гудман, сондай-ақ Maritime House,…
Қазақстан халқының басым көпшілігі жаңа Конституция жобасын қолдап, елдің басты құжатына енгізілетін өзгерістен хабардан екенін айтқан. Amanat партиясының тапсырысымен Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтік зерттеу осыны көрсетіпті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сауалнамаға қатысқандардың 87,5%-ы Конституцияның жаңа жобасымен әртүрлі деңгейде таныс. Оның ішінде респонденттердің үштен бірі (34,2%) құжатты мұқият зерделегенін айтса, 53,3%-ы өзгеріс туралы естігенімен, мазмұнына терең бойламаған. Ал қалған 12,5%-ы жоба туралы бірінші рет естіп отырғандарын жеткізген. Жалпы халық тарапынан қолдау деңгейі жоғары. Сауалнамаға қатысушылардың 86,5%-ы Ата заңның тың нұсқасына оң баға беріп отыр. Респонденттердің 48,4%-ы өзгерістерді толық қолдайды, тағы 38,1%-ы жекелеген баптар мен ұсыныстарды мақұлдайды. Құжат мазмұнын терең білетін азаматтар…
Қазақстан әуе тасымалындағы шекараны кеңейтпек. Енді Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне жаңа әуе бағыттары іске қосылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шымкент әуежайы биылғы көктемнен бастап халықаралық рейстердің жаңа хабына айналмақ. SCAT әуе компаниясы 29 наурызда Бішкек бағытын ашады. Ал 19 мамырдан Новосибирскке, 1 маусымнан Санкт-Петербургке және 9 маусымнан Тель-Авивке тікелей рейстер басталады. Air Astana компаниясы да халықаралық ұшу бағытын елеулі түрде кеңейтіп отыр. Алматыдан Шанхайға рейс 29 наурызда іске қосылса, Астанадан Гуанчжоуға ұшу 2 маусымда басталады. Жазғы кезеңде Алматы мен Астанадан Кипрдегі Ларнакаға тұрақты рейстер орындалмақ. Сондай-ақ, көктем мен жаз маусымында Алматыдан Түркияның Даламан қаласына бағыт ашылады. Бұған қоса, 9…
Орал қалалық сотында БҚО шенділерінен ақша бопсалады деп айыпталған блогер Айболат Бөкеновтің ісі аяқталуға жақын. Мемлекеттік айыптаушы оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Прокурор Асхат Тілеулиев соттан 43 жастағы блогерді үш бап бойынша кінәлі деп тануды өтінді: Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы («бірнеше рет жасалған алаяқтық»); 194-бабының 1-бөлігі («бопсалау»); 218-бабының 1-бөлігі («қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру»). «Жазаларды біріктіре отырып, соттан Айболат Бөкеновті 3 жыл 6 ай мерзімге орташа қауіпсіздіктегі колонияға қамауды сұраймын. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен табылған 1 миллион 244 мың теңгені тәркілеп, үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын сот залында тұтқындауға ауыстыруды өтінемін»,…










