Автор: Назым Болатхан

ауа райы болжамы

Күнтізбеде көктем таяса да, Қазақстанда қыс әлі де қаһарын төгіп тұр. «Қазгидромет» 28 ақпан күні елдің бірден 11 облысында және Алматы мен Шымкент қалаларында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Абай, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан және Маңғыстау облыстарында ауа райы күрт нашарлап, қарлы боран соғып, көктайғақ болып, кей жерлерде қалың тұман түседі. Жел екпіні 15-25 м/с дейін жетеді. Шығыс және орталық өңірлерде қар түнде күшейе түседі. Жетісудың таулы аймақтарында қатты қар жауып, көктайғақ пен боран жол қозғалысын қиындатады. Солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с, таулы өңірлерде тіпті 25 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде…

Толық оқу
мал ауруы аусыл

Қазақстан арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға транзитпен өтетін ресейлік малдан аусыл белгілері байқалған. Бұл туралы «БҚО ветеринар дәрігерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, профессор Ғайса Әбсәтіров мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ғалымның айтуынша, соңғы уақытта Қазақстанның ветеринарлық бақылау қызметі Ресейден Өзбекстан мен Қырғызстанға жіберілетін транзиттік мал көліктерін тексерген кезде, бірнеше мәрте малдан аусылдың клиникалық белгісін анықтаған. Атап айтқанда, ауыз қуысында жара пайда болып, малдың сілекейі шұбырып тұрғаны байқалған. «Ресей тарапы Солтүстік Кавказ федералдық округінде, Қалмақ Республикасында, Астрахан облысында, Алтай өлкесі мен Алтай Республикасында, сондай-ақ Бурятия Республикасы мен Новосібір облысында пастереллез дерті тарады деп ресми мәлімдеген. Тіпті, кей өңірлерде малдың жаппай қырылып жатқаны туралы деректер…

Толық оқу
Тоқаев қазақ мұнайы

Әзербайжан Қазақстан мұнайының Баку-Тбилиси-Жейхан (БТЖ) құбыры арқылы транзит көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін жеткізуге дайын екенін білдірді. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, қазір қолданыстағы келісім бойынша Қазақстан жыл сайын аталған құбырмен шамамен 1,2 млн тонна мұнай жөнелтеді. Әзербайжан тарапы транзит көлемін екі есеге жуық арттыруға әзір екенін жеткізген. «Әзербайжандық әріптестеріміз Қазақстаннан сатып алатын мұнай көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін көбейтуге дайын екенін нақты айтты», – деді Ақкенженов. Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры – Каспий өңірі елдерінің әлемдік нарыққа тәуелсіз жолмен шығуын қамтамасыз ететін басты дәліздердің бірі. Оның ұзындығы 1768 шақырым, Әзербайжан астанасы Бакуден…

Толық оқу
Иран Қазақстан

Иран төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты еліміздің Сыртқы істері отандастарымызға Тегеранға баруды уақытша тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Ирандағы жағдайың тұрақсыздығына байланысты Қазақстан азаматтарына аталған елге сапарын кейінге қалдыруға кеңес береміз. Қазір Иран аумағында жүрген азаматтарымыздан елден шығып кетуді, сақтық шараларын қатаң ұстанып, жергілікті биліктің нұсқаулықтарына мұқият болуды сұраймыз», – делінген министрліктің ресми хабарламасында. Сонымен қатар СІМ өкілдері қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдеріне сапар жоспарлауда барынша мұқият болуға шақырып, жағдайдың кез келген уақытта күрт нашарлап кетуі мүмкін екенін ескертті. Иранда не болып жатыр? Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық өкілдіктері қалыпты тәртіпте жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ ведомство Ирандағы Қазақстан азаматтары мен олардың елдегі туыстарына жедел…

Толық оқу
ғашықпын саған

Думан Еркімбек режиссерлік еткен «Ғашықпын саған» фильмі осыған дейінгі махаббат туралы туындылардың шаблонын бұзып, көрермен жүрегін жаулауда деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Фильм желісі Алматыға оқуға келіп, бірақ қиындыққа тап болған Еңлік есімді студент қыздың тағдыры туралы. Жатақханадан қуылып, көк тиынсыз қалған қызға күтпеген жерден тәтті мақта сататын, музыкант жігіт Арман көмекке келеді. Арманның Алматыға деген шынайы сүйіспеншілігі мен Еңлікке деген іңкәрлігі көрерменді бірден баурайды. Фильмнің көп бөлігі баяу өтіп жатқанымен, үшінші актідегі күтпеген бұрылыс көрерменнің жүрегін сыздатады. Басты рөлдерді сомдаған Жасұлан Көпберген мен Шұғыла Ешен бұған дейін де Еркімбектің Qaitadan фильмінде ойнаған. Олардың экрандағы химиясы соншалықты әсерлі, кейіпкерлерге ғашық болмай қалу…

Толық оқу
Самұрық Қазына Тоқаев

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының әкімшілік-басқару персоналы 10 пайызға қысқартылады. Компанияның Астанадағы 650 қызметкері жұмыстан кетеді. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жақыповтың айтуынша, қысқарту тек басқару аппараты мен әкімшілік бөлім қызметкерлеріне қатысты. Өндірістік ұжымдар мен филиалдардағы мамандар қысқартылмайды. «Астанадағы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында шамамен 6,5 мың адам еңбек етеді. Олардың 10 пайызы яғни, 650 қызметкер қысқартуға түседі. Қысқарту орталық кеңселердегі әкімшілік-басқару құрамына ғана қатысты. Өндірістік персоналға тиіспейміз», – деді ол. Компания басшысы қызметкерлерді қысқартуда объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердің тиімділігі мен мотивациясы ескерілетінін атап өтті. Процесс наурыз айының соңына дейін аяқталады. Жақыпов өтемақыға қатысты нақты сома…

Толық оқу
телеграм

Ресей билігі Telegram мессенджерін сәуір айының алғашқы күндерінде бұғаттауды қарастырып жатыр. Мұндай шешімнің қабылданғанын Кремльге жақын дереккөздер хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. РБК басылымының ақпаратынша, бұғаттау туралы түпкілікті шешім қабылданып қойған. Басты себеп ретінде мессенджер арқылы азаматтар, соның ішінде жасөспірімдер арасында заңсыз әрекеттерге шақыру фактілерінің көбеюі аталған. Бұған дейін Ресей цифрлық даму министрі Мақсұт Шадаев Telegram-ды ұрыс алаңдарында шектеу жоспарланбағанын айтқан еді. Бірақ дереккөздердің мәліметінше, бұғаттаудан кейін мессенджер тек майдан аймағында ғана қолжетімді болып қалуы мүмкін. Жақында біз Telegram негізін қалаушы Павел Дуровқа қарсы терроризмге жәрдемдесу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз. ФСБ материалдарына сүйенген басылымдар мессенджер экстремистік мазмұндағы арналарды…

Толық оқу
Оразалы Ержанов

Белгілі қоғам белсендісі әрі бұрынғы банкир Оразалы Ержановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның ұсталғаны туралы журналист Ирина Петрушова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Петрушованың айтуынша, Ержанов жаңа Конституция жобасына қатысты өткір сын жариялаған соң полиция назарына түскен. Белсендінің соңғы жазбасы 8 ақпанда жарияланған, кейінгі жазбалары парақшасынан жойылған. «Оразалы Ержановты түнде үйінен алып кеткен, тінту жүргізілген. 10 тәулікке қамауға алынды. Қандай себеп екені әзірге белгісіз. Ержанов билікті ашық сынап, шындықты тура айтатын санаулы азаматтардың бірі», – деп жазды журналист Гүлжан Ерғалиеваның мәліметіне сілтеме жасап. Алматы қалалық полиция департаменті Ержановтың ұсталғанын растап, әлемжелілерде шындыққа жанаспайтын ақпарат пен шетелдік нөмірлерді пайдаланып,…

Толық оқу
Алматы полиция курьер

Алматыда курьерлерге қойылатын талап күшейеді. Тұрғындар шағымынан кейін, полиция жеткізу қызметіне жаңа ереже енгізуді көздеп отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов курьерлерді барлық жұмыс кезеңдерінде биометриялық тексерістен өткізу керектігін айтты. Сондай-ақ, ол шетелдік жұмыс күшін тартуға тыйым салуды және аккаунттарды өзге адамға беруге жол бермеуді талап етті. «Әрбір курьер тұрғын үйлерге еркін кіріп-шығады, жеке мәліметтерге және адамдардың үйде болу-болмауы туралы ақпаратқа қол жеткізеді. Сондықтан біз биометриялық идентификация жүйесін енгізуді, аккаунттарды өзге адамдарға беруге тыйым салуды, шетел азаматтарын жұмысқа алмауды және жол ережесінің сақталуын қатаң бақылауды талап етеміз», – деді полиция басшысы. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мәселе тек көлік…

Толық оқу
1 наурыздан бастап

Қазақстанда 1 наурыздан бастап бірнеше маңызды заңнамалық өзгеріс күшіне енеді. Олар салықтан бастап, банк қызметі, отбасы құқығы, медицина және қоғам өміріндегі өзге де бағыттарға қатысты деп хабарлайды Ertenmedia.kz 31 арнаға сілтеп. Ең басты жаңалықтың бірі салық саласына байланысты. 1 наурыздан бастап салық режимін сақтау не ауыстыру туралы хабарлама жібермеген кәсіпкерлер автоматты түрде стандартты режимге өтеді. Мамандар мұны шағын және орта бизнеске үлкен жауапкершілік жүктейтін қадам деп есептейді. Сонымен қатар, банк секторында да елеулі өзгеріс бар. Енді барлық коммерциялық банктер тұрғын үй құрылыс жинақ қаражатын тарта алады. Сарапшылар бастама банк нарығында әділетті бәсекені арттырады деп болжауда. Сондай-ақ… Банк саласында тәуекелдерді басқару…

Толық оқу