Автор: Назым Болатхан

Астана Ташкент

Астана Ташкенттің мұнай-газ саласында жіберген қателігінен сабақ алуы тиіс. Көрші елдегі энергетика саласының құлдырау тарихы бізге ескерту болуы керек. Сала сарапшысы Руслан Туматов осы мәселені терең талдап, Өзбекстандағы жағдайдан ащы мысал келтірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2010 жылдардың екінші жартысында Руслан Туматов Өзбекстанның химия өнеркәсібіндегі жекешелендіру процестеріне қатысып, елдегі газ-химия саласының қарқынды дамуына куә болған екен. Сол кезде Өзбекстанның мұнай-газ секторындағы ірі жобалар мен қарқынды бұрғылау жұмыстары кәсіби ортада қызғаныш пен таңданыс тудырған. «Бұрғылау қарқыны, алып тау-кен химия комбинаттарының іске қосылуы, қомақты бюджеттер кәсіби тұрғыдан шабыттандыратын. Тіпті көршілер газ-химия саласында мәңгілік қозғалтқыштың формуласын тапты ма деген ой туындағаны рас. Бірақ осы экономикалық…

Толық оқу
Ермек Көшербаев

Қазақстан мен Ұлыбритания сирек кездесетін металдар мен стратегиялық минералдарды игеру бойынша ауқымды әріптестік орнатады. Лондонда өткен бизнес өкілдерімен кездесуде осы саладағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі айқындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дөңгелек үстел форматындағы жиынға сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қатысып, Қазақстандағы тұрақты инвестициялық климатты ерекше атап өтті. «Астана сіздердің инвестицияларыңыз ұзақ мерзімді әрі сенімді табыс әкелуіне толық мүдделі. Бұған біздің саяси тұрақтылығымыз, қолайлы іскерлік климатымыз бен экономиканың жаңа бағыттарын ашуға бағытталған үздіксіз күш-жігеріміз кепіл», – деді министр. Британ тарапының атынан кездесуге бизнес және сауда министрінің міндетін атқарушы, Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Крис Брайант, британ-қазақ қоғамдастығының басшысы Руперт Гудман, сондай-ақ Maritime House,…

Толық оқу
Қазақстанның жаңа Конституциясы қандай болмақ

Қазақстан халқының басым көпшілігі жаңа Конституция жобасын қолдап, елдің басты құжатына енгізілетін өзгерістен хабардан екенін айтқан. Amanat партиясының тапсырысымен Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтік зерттеу осыны көрсетіпті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сауалнамаға қатысқандардың 87,5%-ы Конституцияның жаңа жобасымен әртүрлі деңгейде таныс. Оның ішінде респонденттердің үштен бірі (34,2%) құжатты мұқият зерделегенін айтса, 53,3%-ы өзгеріс туралы естігенімен, мазмұнына терең бойламаған. Ал қалған 12,5%-ы жоба туралы бірінші рет естіп отырғандарын жеткізген. Жалпы халық тарапынан қолдау деңгейі жоғары. Сауалнамаға қатысушылардың 86,5%-ы Ата заңның тың нұсқасына оң баға беріп отыр. Респонденттердің 48,4%-ы өзгерістерді толық қолдайды, тағы 38,1%-ы жекелеген баптар мен ұсыныстарды мақұлдайды. Құжат мазмұнын терең білетін азаматтар…

Толық оқу
Air Astana

Қазақстан әуе тасымалындағы шекараны кеңейтпек. Енді Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне жаңа әуе бағыттары іске қосылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шымкент әуежайы биылғы көктемнен бастап халықаралық рейстердің жаңа хабына айналмақ. SCAT әуе компаниясы 29 наурызда Бішкек бағытын ашады. Ал 19 мамырдан Новосибирскке, 1 маусымнан Санкт-Петербургке және 9 маусымнан Тель-Авивке тікелей рейстер басталады. Air Astana компаниясы да халықаралық ұшу бағытын елеулі түрде кеңейтіп отыр. Алматыдан Шанхайға рейс 29 наурызда іске қосылса, Астанадан Гуанчжоуға ұшу 2 маусымда басталады. Жазғы кезеңде Алматы мен Астанадан Кипрдегі Ларнакаға тұрақты рейстер орындалмақ. Сондай-ақ, көктем мен жаз маусымында Алматыдан Түркияның Даламан қаласына бағыт ашылады. Бұған қоса, 9…

Толық оқу
Айболат Бөкенов

Орал қалалық сотында БҚО шенділерінен ақша бопсалады деп айыпталған блогер Айболат Бөкеновтің ісі аяқталуға жақын. Мемлекеттік айыптаушы оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Прокурор Асхат Тілеулиев соттан 43 жастағы блогерді үш бап бойынша кінәлі деп тануды өтінді: Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы («бірнеше рет жасалған алаяқтық»); 194-бабының 1-бөлігі («бопсалау»); 218-бабының 1-бөлігі («қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру»). «Жазаларды біріктіре отырып, соттан Айболат Бөке­новті 3 жыл 6 ай мерзімге орташа қауіпсіздіктегі колонияға қамауды сұраймын. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен табылған 1 миллион 244 мың теңгені тәркілеп, үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын сот залында тұтқындауға ауыстыруды өтінемін»,…

Толық оқу
асхат аймағамбетов

Депутат Асхат Аймағамбетов жұмыс істейтін азаматтардың скринингтен өтуі үшін жыл сайын үш жұмыс күніне дейін әлеуметтік демалыс алуға құқығы бар екенін еске салды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, осы норма Еңбек кодексінде нақты көрсетілген, бірақ көпшілікке әлі беймәлім болып отыр. «Өкінішке қарай, азаматтардың көбі бұл туралы білмейді. Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес, қызметкерлерге скринингтен өту үшін арнайы әлеуметтік демалыс беріледі. Оның ұзақтығы жылына үш жұмыс күніне дейін созылады. Жұмыс беруші әлгі демалысты міндетті түрде ұсынуы тиіс. Скринингтен уақытылы өтіп, заңды құқығыңызды пайдаланыңыздар», – деді Аймағамбетов желідегі парақшасында. Сондай-ақ депутат Еңбек кодексінде әлеуметтік демалыстың бірнеше түрі бар екенін айтты. Бұған жалақы сақталмайтын демалыс,…

Толық оқу
Тоқаев Катар инвестиция

Президент Тоқаев Ақордада катарлық Power International Holding (PIH) компаниясының басшылары Муатаз Әл-Хаят және Рамез Әл-Хаятпен кездесті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесуде энергетика және телекоммуникация саласындағы бірлескен инвестициялық жобалардың болашағы талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Катар арасындағы ірі газ жобалары елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуда негізгі орын алатынын атап өтті. Бұл жобалар газ өңдеу, тасымалдау және электр энергиясын өндіру бағыттарын қамтиды. Кездесу барысында Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаят президентті PIH-тың Қазақстандағы телекоммуникация нарығындағы жоспарларымен таныстырды. Компания Mobile Telecom Service (Tele2) операторын сатып алу арқылы Қазақстандағы қызмет аясын кеңейтуді көздеп отыр. Президент аталған келісім телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуға, қызмет сапасын арттыруға және халыққа қолжетімділікті кеңейтуге…

Толық оқу
мектепке телефон алып баруға бола ма

Елімізде оқушыларға сабақта ғана емес, үзіліс кезінде де телефон пайдалануға тыйым салу ұсынылды. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов осы бастаманы қолдап, телефонды қолдануға шектеу қою құқығын әр мектептің өзіне емес, Оқу-ағарту министрлігіне беру керек деп санайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аймағамбетовтың айтуынша, халықаралық зерттеулер смартфондардың оқу процесіне теріс әсерін дәлелдеп отыр. Қазірдің өзінде елдегі жетекші оқу орындары Bilim мектептері мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» осы қадамға барған. «Мектепке телефон алып баруға бола ма? Көптеген озық мектептер батылдық танытып, оқу процесі кезінде смартфонға тыйым салды. Мен осы тәжірибені бүкіл ел деңгейінде енгізуді қолдаймын. Бұл мәселені әр мектепке жеке қалдырмай, министрлік деңгейінде шешкен дұрыс», –…

Толық оқу
әкімшілік айыппұл

Қазақстанда 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер күшіне енеді. Бұдан былай айыппұл тек жол ережесін бұзғандарға ғана емес, кез келген әкімшілік тәртіп бұзушылық үшін автоматты түрде жазылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, бұған дейін автоматты түрде тіркеу көбінесе жылдамдық асырған немесе қызыл жарыққа өткен жүргізушілерге қатысты қолданылып келсе, енді цифрлық жүйелер арқылы кез келген әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, айыппұл дереу жазылады. Әкімшілік кодекстің 31-бабында цифрлық жүйелер арқылы анықталған құқықбұзушылықтар бойынша хаттама толтырмай-ақ, тікелей айыппұл салу қарастырылған. Мұндай жағдайда деректер әкімшілік өндірістің бірыңғай реестрімен интеграцияланған жүйелер арқылы өңделеді. Заңда көлік құралдарына қатысты тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу…

Толық оқу
Маңғыстау мен Қызылорда әкімдері

Саясаткер Абзал Достияр өңір әкімдерінің халықпен қарым-қатынасы мен саяси коммуникация мәселесіне пікір білдірді. Ол бұл тұрғыда орталық биліктің өңір басшыларынан үйренері көп деп есептейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Саясаткердің айтуынша, әкімдер арасында рейтинг жасалып жатады, алайда өз басы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың жұмысын жоғары бағалайды. «Иә, Нәлібаев төңірегінде түрлі әңгіме жиі айтылады. Оның өңірдегі ықпалды топтармен байланысы мен ресурстарды иемденуі туралы сын-пікір бар. Қаңтар оқиғасынан кейін елде шынайы трансформация жүріп, элитаның активтері мемлекетке қайтарылғанда, Нәлібаев әулетінің капиталы да сол қатарда болар ма еді деген сұрақ өз алдына бөлек тақырып. Дегенмен мен оның саяси менеджменті…

Толық оқу