Мұрат Әбенов мемлекеттік қызметкерлердің мардымсыз жалақысы жемқорлыққа жол ашатынын айтып, мәселені шешу үшін Үкіметке ұсыныс жолдайтынын мәлімдеді.
Автор: Назым Болатхан
Қазақстанның белгілі спорт журналисі әрі комментаторы Ғалым Сүлеймен 51 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев жастар фестивалінде сөз сөйлеп, өмірде табысқа жетудің басты қағидаларын атады.
Айгүл Орынбек Санжар Боқаевтың бұрынғы мемлекеттік қызметін еске алып, оның бүгінгі оппозициялық күрескерлік образына сенбейтінін мәлімдеді.
Бұрынғы прокурор әрі Құрылтай депутаты Айжан Аймағанова Қорғаныс министрлігінің басшылығына қару-жарақты қайта экспорттауға қатысты нақты сауал қойды.
Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құрылатын болды. Жаңа консультативтік-сараптамалық құрылым заң жобаларын «нөлдік оқылым» сатысында қарап, қоғамдық пікірді ескеруді көздейді.
Астанада бір күнде Ресей, Қытай және Қырғызстан елшілерімен маңызды келіссөздер өтті. Кездесулерде стратегиялық серіктестік пен алдағы сапарлар кестесі талқыланды.
Қазақстандағы ең ірі құрылыс холдингтерінің бірі BI Group компаниясының иесі, танымал кәсіпкер Айдын Рахымбаев Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданына қарасты Құлынжон (бұрынғы Казнаковка) ауылындағы балалық шағы өткен қарашаңырақты қайта сатып алды. Бизнесмен әкесінің қолымен тұрғызылған баспананы күрделі жөндеуден өткізіп, ауыл мектебінің мұғалімдеріне табыстауды ұйғарған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кәсіпкер әлеуметтік желідегі ресми парақшасында отыз жыл бұрын ата-анасын қалаға көшіріп аларда әкесі баспананы мардымсыз бағаға өткізе салғанын еске алды. Ол кезінде кең болып көрінген шағын төрт бөлмелі үйде тұтас бір әулеттің қызықты күндері өткенін тебірене жазды. «Жақында туған ауылым Құлынжоннан өзім туып-өскен үйді сатып алдық. Баспананы кезінде әкем өз қолымен тұрғызған еді.…
ForteBank Asian Banking & Finance Retail Banking Awards 2026 халықаралық сыйлығының SME Bank of the Year – Kazakhstan номинациясы бойынша жеңімпаз атанды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл марапат Банктің шағын және орта бизнесті қаржыландыруды дамытудағы және кәсіпкерлердің қаржылық құралдарға қолжетімдігін кеңейтудегі жетістіктеріне берілген жоғары баға. 2026 жылы Forte кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмысты күшейте түсті. «Даму» қорымен ынтымақтастық аясында кредиттерге кепілдік беру лимиті 102,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл механизм тұрақты бизнес-моделі қалыптасқан және өсу әлеуеті бар компанияларға қаржат алуға мүмкіндік береді. Бүгінде Банктің шағын және орта бизнеске арналған кредиттік портфелінің 72%-і өңірлік бизнеске тиесілі, ал бір кредиттің орташа мөлшері 202 млн…
Құрылтай ғимаратында журналистердің депутаттармен және Үкімет мүшелерімен еркін сөйлесу тәртібі өзгереді. Енді барлық сұхбат пен сауал алдын ала ұйымдастырылып, арнайы баспасөз орталығында ғана жүргізіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құрылтай аппараты басшысының орынбасары Болат Қальянбеков жаңа жұмыс форматына қатысты қоғамда әртүрлі пікір айтылып жатқанын атап өтіп, енгізілетін талаптарды түсіндірді. Оның сөзінше, журналистер депутаттармен және Құрылтай отырысына шақырылған Үкімет мүшелерімен тек баспасөз орталығында сөйлесе алады. Брифинг тақырыбы Құрылтайдың күн тәртібімен шектеледі. «Брифингтер тұрақты өткізіледі. Баспасөз қызметі оған кімдер қатысатынын және қандай тақырып талқыланатынын алдын ала хабарлайды. Медиа өкілдеріне Wi-Fi, қолайлы жұмыс орны және ілеспе аударма қарастырылған», – деді Қальянбеков. Ол жаңа форматтың негізгі…










