Автор: Самал Жолжақсынова

Әділет департаменті

Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Айдын Саменқұлов этика кеңесінің алдында жауап берді. Қызметкерлер оған дөрекілік танытып, өзін жоғары ұстады деп шағым түсірген деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің этика кеңесінде қаралған мәселеде қызметкерлердің бірі аудиожазба ұсынған. Жазбада Саменқұловтың қол астындағы мамандардың біріне дөрекі сөйлеп, бірнеше рет «Сіз кімсіз өзі?» және «Есіміңіз кім?» деп қайталап сұрағаны анық естіледі. «Бастысы бейәдеп сөз жоқ екен, мұныңыз дұрыс. Бірақ дөрекілік, менсінбеушілік байқалады. Бірнеше жыл бірге жұмыс істеген қызметкеріңіздің есімін он қайталап сұрай беруіңіз мемлекеттік қызметкерге жараспайды», – деді этика кеңесінің мүшесі Амангелді Хамзин. Қызметтік тексеріс жүргізіліп, Саменқұловтың іс-әрекеті этикалық нормаларды бұзғаны…

Толық оқу
бақытты елдер тізімі

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға көтеріліп, Франция мен Сингапурды басып озды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осылайша ел посткеңестік кеңістіктегі орнықты позициясын сақтап қана қоймай, жаһандық тізімде де өз көрсеткішін күшейтті. Бақытты елдер тізімі? Есеп қорытындысына қарағанда, Қазақстанның нәтижесі бір жыл ішінде 0,962 тармаққа өскен. Мұндай серпін алғашқы қырықтыққа енген мемлекеттер арасындағы елеулі өсімнің бірі саналады. Рейтинг алты негізгі өлшем арқылы түзіледі екен Оның ішінде жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім, өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, таңдау еркіндігі, жомарттық деңгейі және сыбайлас жемқорлықтың таралуы бар. Сонымен қатар әр тұрғын өз өмірін 0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша бағалайды. Қорытынды баға 2022-2024…

Толық оқу
Алатау қаласы Қонаев

Бектенов үкіметі Алатау қаласына арнайы мәртебе беріп, оны жедел экономикалық өсім мен инновацияға бағытталған ерекше аумаққа айналдыруды жоспарлап отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Мәжілісте премьердің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Айтуынша, арнайы конституциялық заң әзірленіп, қалаға жеке қаржылық модель, басқару органы және құқықтық режим белгіленеді. Алатауда арнайы экономикалық ереже іске қосылып, инвесторларға салық жеңілдігі, лицензиялаудың жеңілдетілген түрлері және «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ұсынылады. «Арнайы құқықтық статус артықшылық емес, дамуға қажетті нақты құрал», – деп атап өтті вице-премьер. Қала дамуын Alatau City Authority деп аталатын жаңа басқарушы орган стратегиялық тұрғыда бақылайды. Шешім Үкімет басшысының жетекшілігімен құрылған арнайы кеңесте қабылданады, ал әкімдік…

Толық оқу
Алатау қаласы

Экономист Расұл Рысмамбетовтің пікірінше, Қонаевтың іргесінде жаңадан салынып жатқан Алатау қаласы президент Тоқаевтың төл өнімі деп жазады Ertenmedia.kz. Назарбаевтың кезінде Астананың қабырға қаланса, Тоқаевтың тұсында Алматы облысында заманауи, ықшам әрі бизнес-класс қала бой көтермек. «Jusan Bank-тің атауы өзгеріп, Alatau City Bank (ACB) атануы кездейсоқ емес. Банк қаладағы инфақұрылымдық жобаларды қаржыландырумен айналысады», – дейді экономист. Рысмамбетовтің сөзінше, жаңа қаланы қаржыландыруда сақтық танытуы қажет. «Мұндай ірі жобаға Отбасы банк пен Бәйтерек холдингі де атсалысады», – дейді сарапшы. Рысмамбетов Алатаудың тек сәнді көрме-жоба емес, нақты мақсаты бар, өңірлік мәні зор орталық боларына сенімді. «Түнеукүні Астанада қаланың нобайы таныстырылды. Толық мастер-план жария етілген жоқ, десе…

Толық оқу
Ғылым және білім эндаумент-қоры

Мемлекет басшысының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қауымдастықпен кездесу барысында сөйлеген сөзі Қазақстан үшін ғылымды дамыту аса маңызды басымдықтың бірі екенін тағы да айқын көрсетті. Жаңа Конституцияда адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны дамыту мемлекеттің стратегиялық қызмет бағыты ретінде бекітілуі бұл міндеттерге ұзақ мерзімді әрі жүйелі сипат береді. Осындай жағдайда Ғылым және білім эндаумент-қоры өз миссиясын жекелеген жобаларды қолдаумен ғана шектемей, білімге, талантқа және зерттеулерге ұзақ мерзімді инвестиция салудың жаңа мәдениетін қалыптастырумен байланыстырады. Қор бизнес, академиялық орта және қоғамның мүмкіндіктерін елдің зияткерлік және ғылыми әлеуетін нығайту сияқты ортақ ұлттық міндет төңірегінде тоғыстыра алатын заманауи институт ретінде құрылды. Қордың қызметі… Дарынды жастарды,…

Толық оқу
Имангали Тасмағамбетов

Саяси сахнадан біршама шеттеген Иманғали Тасмағамбетовтың төңірегіндегі түрлі күбір-сыбыр әлі күнге толастар емес. Бұл туралы белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин жазды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Автордың пікірінше, Тасмағамбетовке қарсы ақпараттық науқанның түпкі себебі оның саяси беделі мен ел алдындағы тұлғасынан қорыққан бақталастарының қызғанышы мен үрейі. Оны билік үшін қауіпті қарсылас көретіндер кез-келген мүмкіндікті пайдаланып, беделіне көлеңке түсіруге тырысып жүр. «Иманғалидың есім-сойын ел жадынан ешкім өшіре алған жоқ. Оның саяси сахнаға қайта оралуы кейбір жартыкеш саясаткерлерді үрейге бөлейді. Олар Тасмағамбетовты әлі күнге дейін көре алмайды», – дейді Ғабдуллин. Журналисттің айтуынша, Тасмағамбетовке қарсы жиі қолданылатын аргументтің бірі Шаңырақ оқиғасы. Алайда автор бұған Иманғалиды кінәлауды…

Толық оқу
z блогер

Кремль билігі атышулы пропагандист, блогер Илия Ремеслоны қол-аяғын матап, Петербордағы жындыханаға жатқызып тастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Агентство-ның мәліметінше, блогер қазір мекемедегі психикалық ауытқуы байқалған науқасқа арналған 16-бөлімде ем алып жатыр. Ол желіге соңғы рет 18 наурыз күні шыққан. Петербордағы жындыхана соғыс басталғалы Путиннің саясатына қарсы шыққан тұлғаларды «түзейтін» мекемеге айналған дейді-мыс. Айта кетсек, Илия Ремесло күні кешеге дейін Кремль көсемінің сойылын соғып келген. Мәскеудің тапсырмасымен Алексей Навальный мен оның жақтастарына қарсы науқан жүргізіп, ел ішіндегі батыс тыңшыларын табуға атсалысқан Z блогер ретінде танымал. Жындыханаға жеткізілердің алдында Илия Ремеслоның риторикасы күрт өзгеріп, Путин мен Украинадағы соғысқа қарсы шыға бастаған. Ресей президентін…

Толық оқу
депозит қазақстан банктері

Қазақстанда 19 наурыздан бастап тұтынушылық несие рәсімдеу тәртібі қатаңдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді банктер қашықтан қарыз рәсімдеген кезде міндетті түрде биометриялық аутентификация жүргізуге тиіс. Ал 150 АЕК-тен асатын несиені толықтай онлайн жолмен беру тоқтатылды. Жаңа талапқа сай, мұндай көлемдегі қарызды алу үшін клиент банк бөлімшесіне өзі баруы керек. Қазіргі есеппен 150 АЕК шамамен 648,7 мың теңгеге тең. Елеулі өзгерістің бірі қарыз алушының бұрынғы берешегіне қатысты Енді өзге несие немесе микрокредит бойынша 30 күннен асқан кешіктірілген төлемі бар адамға жаңа тұтынушылық несие беруге тыйым салынады. Тек қайта қаржыландыру жағдайында ғана ерекшелік қарастырылған. Яғни жаңа қарыз бұрынғы берешек шартын жеңілдетуге, мөлшерлемені түсіруге…

Толық оқу
ғылым қоры

Қазақ ұлттық университетінде ғылыми қауымдастықпен кездесу өткізген президент Тоқаев еліміздегі ғылыми жобалардың пайда әкелмей отырғанын сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, Ғылым қоры инновацияны ынталандыру үшін жаңа функцияларға ие болғанымен, іс жүзінде тек қызмет етіп жатқанын көрсетумен ғана шектеледі. «Өзін-өзі алдаудың қажеті қанша? Ғылым бар секілді, бірақ оның нақты нәтижесі қайда? Маған баяндалғандай, үш мыңнан аса ғылыми жобаның тек 193-інен коммерциялық пайда алынып, нарыққа соның тек 29-ы шыққан. Яғни, индустриялық нәтиже жоқтың қасы», – деді президент. Мемлекет басшысы Ғылым қоры қызметінде тағы бір келеңсіз жағдай барын атап өтті. Заманауи өндірістерді ашуға бөлінген жер телімдері бос тұр, ал қателіктерге жол…

Толық оқу
Қазақстанда шетелдік университеттің

Қазақстанда шетелдік университеттің филиалдарына берілетін мемлекеттік гранттың көлемі ұлттық жоғары оқу орындарымен салыстырғанда бес есе көп. Президент Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғалымдармен кездесу кезінде осындай дерек келтіріп, Үкіметке аталған жағдайды қайта қарауды тапсырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, соңғы үш жылда елімізде 33 шетелдік университеттің филиалы ашылған. Олардың ішінде МИФИ, Аризона университеті, Сорбонна, Лотарингия университеті, Кардифф, Де Монтфорт, Пекин университеті мен Лу Бань шеберханалары секілді танымал оқу орындары бар. Дегенмен… Филиалдардың ашылуы нақты ғылыми нәтижеге емес, көбінесе ресми есеп үшін ғана жасалып отыр. «Шетелдік университеттермен ынтымақтастық тек қағаз жүзінде қалмауы тиіс. Елге шын мәнінде пайда әкелмейтін филиалдардың қажеті…

Толық оқу