Автор: Самал Жолжақсынова

Мемкірістер комитеті 2022-2023 жылы жүргізілген тексеру қорытындысын

Мемкірістер комитеті 2022-2023 жылы жүргізілген тексеру қорытындысын жариялап, желідегі танымал тұлғалардың жасырын табысын әшкереледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Комитет дерегінше, шамамен 850 блогер табысын төмендетіп көрсеткені үшін мемлекетке мәжбүрлі түрде 500 млн теңге төлеген. «Өткен жылы 2022-2023 жылдарға арналған камералды бақылау жүргізілді. Жалпы тексеруге шамамен 80 мың азамат ілікті. Соның ішінде 850 блогерге ерекше назар аударып, әлгі соманы өндірдік», – деді 24kz арнасына сұхбат берген комитет өкілі Ерқанат Шыңберген. Қазір банк аударымдары автоматты түрде талданады. Сондықтан жарнамадан түскен кірісті жеке аударым немесе сыйлық ретінде көрсетіп, жасырып қалу мүмкін болмай қалған. Шыңбергеннің сөзінше, бақылауға тек ақша ғана емес, бартер негізіндегі келісім мен бағалы…

Толық оқу
салық кодексі

Қаржы министрлігі микро және шағын бизнес субъектілеріне 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жиналған өсімпұл мен айыппұлды есептен шығарудың жаңа тәртібін бекітті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жеңілдік биылғы жылдың басындағы дерек бойынша микро және шағын бизнес санатына кірген кәсіпкерлерге ғана беріледі. Басты шарт бюджетке салықтар мен төлемдер бойынша берешекті 2026 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейін толық жабу. Жаңа тәртіп бірнеше санаттағы қарызды қамтиды. Біріншіден, биылғы жылдың басынан бастап берешекті толық өтегенге дейінгі аралықта есептелген өсімпұл. Екіншіден, мемлекеттік кіріс органдары салған салық заңнамасын бұзуға қатысты айыппұл. Үшіншіден, төлеу мерзімі кейінге шегерілген салық міндеттемесі 1 сәуірге дейін өтелген жағдайда есептелген өсімпұл мен айыппұл…

Толық оқу
ауа райы

Қазақстан аумағында күн жылынып, көктем тынысы біртіндеп сезіле бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазгидрометтің» дерегінше, республиканың батысынан шығысына қарай жылжып бара жатқан циклон жауын-шашын, көктайғақ пен жел екпінін күшейтеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн райы әлі де тұрақталмай, қар аралас жаңбыр жауады. Астанада күндіз –1…+1 °C аралығында қар мен жаңбыр жауып, боран соғады. Көктайғақ күтіледі. Түнде сынап бағанасы –3–5 °C-ты көрсетеді. Жел екпіні секундына 9–14 метрден, кейде 20 метрге дейін жетеді. Алматыда күндіз +8+10 °C шамасында, ара-тұра жауын жауады. Түнде ауа температурасы +1+3 °C-қа дейін төмендеп, қар аралас жаңбыр мен тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр. Шымкентте күн жылы: күндіз +15+17…

Толық оқу
салық кодексі

Тауар импорты мен жанама салықтар туралы 328.00 формасы ескі салық кабинетінде істен шығарылады. 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап бұл құжатты тек жаңа цифрлық алаңда ғана толтыруға болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, салық есебін тапсыру жүйесінде біршама жаңалық бар. Бұрынғы «Салық төлеушінің кабинеті» мен СОНО ақпараттық жүйесінде 328.00 формасының жұмысы тоқтатылғанымен, оның функционалы толық сақталған күйде жаңа Интеграцияланған салық әкімшілендіру жүйесінің (КНП ИСНА) кабинеті арқылы жалғасады. «Ескі жүйедегі 328.00 формасы өшіріледі, бірақ барлық қызмет түрлері жаңартылған платформада қолжетімді болып қала береді», – деп атап өтті комитет мамандары. Салық комитеті жаңа жүйеге алдын ала кіріп, электронды цифрлық…

Толық оқу
нұрбол назарбаев алтын орда

«Алтын Орда» базарының бұрынғы иесі Айдарбек Құсайынов Нұрбол Назарбаевты сотқа беріп, одан 15 миллиард теңге талап етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Tengrinews мәліметінше Құсайынов атышулы Болат Назарбаевтың ұлын «негізсіз байыды» деп айыптап, одан қомақты өтемақы өндіруді көздеп отыр. Сот процесі аяқталғанша Нұрболға тиесілі жалпы сомасы 15 миллиард 171 миллион теңге көлеміндегі барлық жылжитын- жылжымайтын мүлік пен банктегі есеп-шотына құлып салынған. «Құсайынов Болат Назарбаевтың баласынан осыншама өтемақы талап етуде. Талапкердің арызын ескеріп, жауапкердің мүлкі мен ақшасына дереу бұғат қою қажет деп шештік. Кешіксек сот шешімін орындаудан жалтаруы мүмкін», – делінген сот ұйғарымында. Айдарбек Құсайыновтың есімі Назарбаев әулетіне қатысты атышулы істе жиі аталады.…

Толық оқу
Қазақ моделі Гүлсезім Алтайбекова Бали аралынан

Қазақ моделі Гүлсезім Алтайбекова Бали аралынан елге оралды. Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мен ешқандай жаза өтеген жоқпын. Тараптар келісімге келіп, мәселе бейбіт шешілді. Маған қатысты жалған мәлімет таратуды тоқтатуды өтінемін» – деді модел желідегі жазбасында. Алтайбекова жанашырлық танытып, қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтқан. Контекст Бұған дейін Индонезия соты қазақ моделін ресейлік блогер Карина Фадееваның соққыға жыққаны үшін төрт аптаға қамауға алып, өтемақы төлеуге міндеттеді деген ақпарат тараған-ды. Артынша іске ресей пропагандасы араласып, Фадееваның бас сүйегі мен ернінің жырылғанын, қатты қан кеткенін және есту қабілетінің нашарлағанын жазған. Балидегі клубтардың бірінде болған жанжал кезінде тараптар бір-біріне…

Толық оқу
Назарбаев банк

Ресейдегі экс-елбасы Назарбаевтың иелігіндегі «Азия-Тынық мұхит банкі» (АТБ) былтыр күреп табыс тауып, аста-төк пайдаға кенелген деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Соңғы 5 жылда банктің таза табысы ғарыштық жылдамдықпен өсіпті. «Теңізге бастар жол» телеграм арнасының мәліметінше, 2021 жылы небәрі 1,5 млрд рубль пайда тапқан банк, былтыр 16 млрд рубль (102 млрд теңге) кіріс көрген. Әлгіндей көрсеткішпен АТБ еліміздегі ірі банктердің ондығына салып ұрып кірер еді. Ресей Орталық банкінің есебінше былтыр ресейлік банк секторының табысы шамамен 8%-ға төмендесе, Назарбаев бақылайтын АТБ-ның таза кірісі бірден 50%-ға шарықтаған. Соңғы 5 жылда банктің активтері де 134,5 млрд рубльден 338 млрд рубльге дейін өскен. Қазір ме, қазір АТБ…

Толық оқу
Гүлбарам Мұсағазина

ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты тергеу амалы басталғанын ресми растады деп хабарлайды Ertenmedia.kz Kazinform-ға сілтеп. Бұған дейін кейбір ақпарат көздері шенеуніктің ұсталғанын хабарлаған еді. Мұсағазинаның есімі бұған дейін де өңірдегі денсаулық сақтау саласын дүр сілкіндірген ірі жемқорлық ісімен байланыстырылған болатын. Аталған іс бойынша Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаев, оның орынбасары Ерболат Доспанов және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубев ұсталған. Тергеу бұларға мемлекеттік емхана мен ауруханаларға медициналық жабдықтарды сатып алу барысында ірі көлемде пара алды және бюджет қаржысын талан-таражға салды деген айып тағуда. Қостанай облысының прокуратурасы бұған дейін осы іске байланысты қазынаға…

Толық оқу
самат нұртаза

Депутат Самат Нұртаза қазақ тіліне қатысты «кедейлердің, сіңірлердің, официанттар мен тәшкі итерушілердің тілі» деген сөзі үшін жұрттан кешірім сұрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемжеліде қызу талқыға түскен мәлімдемесін депутат «эмоциямен айтылған ащы пікір еді» деп ақталуда. Айтуынша, әлгі 2019-2020 жылдары тілге қатысты пікірталас кезінде жазылған. Сол тұста депутат емес, жай ғана белсенді блогер болғанын алға тартқан Нұртаза, мұндай мысалды тұқырту емес, керісінше тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жазғанын жеткізді. «Шүйліккеннен, эмоцияға берілгеннен, ашынған ойым еді. Зиянды, теріс ниетім болған жоқ. Өз басымнан өткен нақты жағдай негізінде жазылған пікір болатын. Осы сөзіммен біреудің ар-намысына тиіп кетсем, ресми түрде кешірім сұраймын. Мақсат ортақ, ол…

Толық оқу
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар ұсталды деген ақпарат тарап жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақпарат алғаш рет «Письма президенту» телеграм-арнасында жарияланды. Әкім орынбасарынан басқа да тұлғалардың ұсталғаны туралы мәлімет бар. Осыған орай, Ertenmedia-ның сауалына жауап берген ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі аталған лауазымды тұлға туралы қандай да бір мәлімет жоқ екенін айтты. Интернет желісінде тараған ақпарат ресми дереккөздермен расталмағанын мәлімдеп отыр. Бірақ, бір нюанс бар… Әкімдіктің редакцияға берген ресми түсініктемесіне сәйкес, Жақсылық Омар қазіргі уақытта денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысына шыққан. Бұған дейін Сақтағанов тарапынан Шнайдер көпіріне қатысты сын айтылып, облыс әкімі жемқорлықтың алдын алу жөнінде құқық қорғау органдарымен…

Толық оқу