Қазақстанда коммуналды тарифтің көтерілуін тежеп келген мораторий сәуір айында аяқталады. Мамандардың пайымдауынша, ел тұрғындарына мамыр мен маусым айынан бастап тарифтің күрт өсуіне дайындала берген жөн деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір коммуналдық қызмет бағасы 2025 жылғы деңгейде ұсталып тұр. Алайда мамандар алдағы уақытта жыл сайын тарифтер орта есеппен 20-30 пайызға, тіпті одан да жоғары қарқынмен өсетінін болжап отыр. 31 арнамен пікірлескен экономист Олжас Байділдинов электр энергиясының бағасы алдағы кезеңде екі-үш есе қымбаттауы ықтимал екенін айтты. Сарапшының сөзінше, бүгін тұтынып отырған энергияның орташа құны киловатт-сағатына 30 теңгенің төңірегінде болса, болашақта бұл көрсеткіш 40-45 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Тіпті келешекте атом электр стансалары іске…
Автор: Самал Жолжақсынова
Қазақстан аумағында ақпанның 6-сы күні ауа райы күрт бұзылады. Елдің көп бөлігінде қар мен жаңбыр араласып, қатты жел тұрып, боран соғады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, белсенді оңтүстік циклоны мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерде қар мен жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын күтілуде. Сондай-ақ ел аумағында көктайғақ, бұрқасын, қалың тұман болжанады. Төтенше ауа райына байланысты Қазақстанның 16 облысында бірден дауылды ескерту жарияланды. Түркістан облысында жел екпіні 23-28 м/с-ке, ал таулы асуларда тіпті 30 м/с-тен асуы ықтимал. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қалың қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ,…
Қазақстанның жаңа Конституциясы мазмұны, мағынасы, тілі мен жаңашыл тәсілі тұрғысынан қазіргі қолданыстағы құжаттан түбегейлі ерекшеленеді. Бұл туралы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қарин қазіргі Ата заң мәтінінің тым күрделі әрі түсініксіз екенін сынға алып, жаңа Конституцияның дайындалуы осындай олқылықтарды жоюға бағытталғанын айтты. «Қазіргі Ата заңымыздың кей баптарын бірнеше рет оқысаңыз да, түсіну өте қиын. Мәселен, 13-баптың 1-тармағында: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен, оның ішінде қажетті қорғанысты қоса алғанда, қорғауға хақылы» делінген. Осы сөйлемді оқыған адам не ұғады? Тыңдарман да, оқырман да…
Қазақстандағы бір топ белсенді мен құқық қорғаушылар президент Тоқаевқа ашық хат жолдап, Конституцияға енгізілмек өзгерістерге қатысты алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазақстанның адам құқығы жөніндегі бюросына сілтеп. Хатта белсенділер Ата заңға ұсынылған өзгерістердің тым асығыс әрі жабық жағдайда талқыланып жатқанына назар аударған. Қоғам өкілдері реформаның бастапқыда парламенттік жүйені нығайту мақсатында жарияланып, кейін кенеттен Конституция мәтінінің 80 пайыздан астамын өзгертуді қамтыған жедел реформаға айналғанына таңғалып отыр. Құқық қорғаушылардың пікірінше, реформаға деген қоғамдық сенім Конституцияның мазмұнымен ғана емес, оны қабылдау процесінің ашықтығы мен заңдылығына да тікелей байланысты. «2022 жылы қабылданған Конституциялық реформаның басты мақсаты биліктің бір адамның қолына шоғырлануына тосқауыл қою және…
Тоқаевтың өткір сынынан кейін Ішкі істер министрі Шымкентке шұғыл ұшып келді. Ержан Сәденов тәртіп сақшыларының жұмысына ашық сын айтып, полиция департаментінің басшылығын түгелдей жаңартты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшының қаладағы полиция қызметіне көңілі толмайтынын айтқаннан кейін Ішкі істер шұғыл түрде қызметтік тексеріс өткізген екен. Нәтижесінде… Шымкенттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, оның орынбасарлары және бірнеше аудандық бөлімше жетекшілері қызметінен қуылған. Бұдан былай қаладағы полиция департаментіне салада үлкен мектептен өткен, басқарушылық тәжірибесі мол генерал-майор Мұхтар Қожаев жетекшілік етеді. Министр Сәденов жаңа басшылықтың алдына қызмет сапасын арттыруды және қаладағы қылмыстық ахуалды дереу тұрақтандыруды басты міндет етіп қойды. «Қызметтік тәртіпті сақтамау, қылмысты жасыру…
Ресейдің «Татнефть» компаниясы Қазақстанның мұнай-химия саласындағы ірі жобадан күтпеген жерден бас тартты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Құны 1 миллиард долларға жуықтайтын «Бутадиен» жобасы Атырау облысында жүзеге асуы тиіс еді. Ресейлік компанияның жобадан шығатыны туралы ақпаратты Қазақстанның мұнай-газ кеңесі – PetroCouncil қауымдастығы ресми түрде растады. Бастапқыда жоба еліміздің жоғары технологиялық мұнай-химия өнеркәсібінің беткеұстар бастамасы саналған. «Бутадиеннің» басты мақсаты шиналар өндірісіне, жол құрылысы мен пластик өнімдеріне қажет бутадиен негізіндегі өнімдерді шығаруды көздеген. Зауыт жылына 186 мың тонна өнім өндіруі тиіс еді. Атап айтқанда, кешен жыл сайын шиналар мен резеңке бұйымдарын жасауға қажетті 60 мың тонна дивинилстиролды синтетикалық каучук (ДССК), жол құрылысы мен пластикке…
Атырау облысында 2 ақпан мен 20 наурыз аралығында республикалық «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шараның басты мақсаты қару айналымы саласындағы заң талаптарының сақталуын бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру. Іс-шара барысында облыстық полиция департаментінің Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау тобының қызметкерлері қызметтік қару сақталатын мекемелерге жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру кезінде қаруды сақтау, есепке алу, тіркеу және қайта тіркеу талаптарының орындалуы, сондай-ақ рұқсат құжаттарының заңдылығы зерделенді. Нәтижесінде 5 мекемеде қару айналымы қағидаларын бұзу деректері анықталды. Аталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі (азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) және 486-бабы 1-бөлігі…
Ресей армиясының офицері Евгений Коробов 2022 жылы Украинаға басып кірген әскер қатарында болған. Киев облысын басып алуға қатысқан ол майданнан қашып, қазір Қазақстанда саяси баспана сұрап жүр деп хабарлайды Ertenmedia.kz Currenttime-ның дерегінше Коробов қазір Астанада бой тасалап жүр. Ресейден қашып келген ол қара жұмыс істеп, жан бағып жүр екен. «Путин? Соғысқа мүлде қатысқым келмеді. Өз жеріңді қорғау басқа әңгіме. Ал еш себепсіз, бейбіт елге басып кіруді ақтау мүмкін емес», – дейді Евгений. Коробов қызмет еткен 15-мотоатқыштар бригадасы Киев маңында 2022 жылдың жазына дейін болған. Кейін Украина прокуратурасы бригаданың бірнеше сарбазын әскери қылмыс жасады деп айыптаған. Бірнеше ай бойы майданда болған Коробов…
Белгілі қоғам белсендісі әрі саясаткер Ермек Нарымбай Астана қаласында қамауға алынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналист Лұқпан Ахмедияровтың хабарлауынша, сот шешімі түнде, сағат 01:23-те шыққан. Нарымбайға әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салған сот қаулысын бұзды деген айып тағылды. Енді ол 2026 жылдың 3 сәуіріне дейін қамауда болады. Бұған дейін белсенді Қырғызстан аумағында жүрген жерінен ұсталып, Қазақстанға депортацияланған еді. Ахмедияровтың айтуынша, депортациялау туралы сот шешімі шықпаған. Қазір Нарымбай Астана қаласының полиция департаментінде қамауда отыр. Еске салсақ, Ермек Нарымбай Қазақстаннан 2016 жылдың шілде айында кетіп, Украинада бірнеше жыл тұрған. Сол жылы оны әлеуметтік желілерде араздықты қоздырды деген айыппен үш жылға соттаған болатын. 2021…
Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істің бабы өзгертіліп, айыптау күшейтілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов әлеуметтік желідегі парақшасында істің енді Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша – «аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» бабымен қаралатынын мәлімдеді. Адвокаттың айтуынша, айыптың күшеюі жәбірленуші тараптың тағы бір қорғаушысы Аянхан Омаровпен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды. Нұрпейісов өзгеріс істің толық әрі жан-жақты зерттелуіне ықпал етеді деген үміт білдірді. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылғандар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Айта кетелік, Нұрайдың өлімі бүкіл елдің қабырғасын қайыстырып, қыздың жанайқайына құлақ аспаған…










