Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы соңғы бір жарым жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсті. Ұлттық валюта сыртқы нарықтың қолайлы әсері мен нарықтық күтулер аясында айтарлықтай нығайып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Биржадағы күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы бірден 2,76 теңгеге түсіп, 472,31 теңгені құрады. Сарапшылар мұндай деңгей соңғы рет 2024 жылдың тамыз айында байқалғанын еске салады. Қолма-қол ақша нарығында жағдай одан да белсенді. Kurs.kz порталының мәліметінше, Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алу орта есеппен 469,84 теңгеге, сату – 472,20 теңгеге бекітілген. Ал Астанада сатып алу бағамы 468,04 теңгені құраса, сату бағасы 475,04 теңге деңгейінде. Ұлттық банк…
Автор: Самал Жолжаксын
Алматыда жалған ақпарат таратты деген күдікпен 10 тәулікке қамалған блогер Әділетхан Молдаханның туыстары президент Тоқаевқа, Бас прокуратура мен Ішкі істерге ашық хат жолдап, әділ әрі объективті тергеу жүргізуді сұрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үндеу авторларының айтуынша, блогер қазір Алматыдағы СИ-8 тергеу изоляторына ауыстырылып, арнайы сараптама нәтижесі 9 сәуірге дейін шығуы тиіс. Сараптама қорытындысы бойынша Әділетханның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар-жоғы анықталады. «Біз Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінен әділдікті талап етеміз. Мемлекеттік ұстанымға қайшы пікір білдіргені үшін ғана оны жалған ақпарат таратушы қылмыскер ретінде соттап жіберуге жол берілмеуі керек. Менің бауырым жауапкершілікті терең сезінетін адам. Ол миллиондаған аудиториясы бар блогер ретінде ешқашан…
Қазақстан мен Украина полицейлері Днепр қаласында орналасқан, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың алаяқтық колл-орталықтарының жұмысын тоқтатты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Арнайы операция барысында үш ірі колл-орталықтың жұмысына тосқауыл қойылды. Қазақстан, Украина және Еуропа елдерінің азаматтарын алдаған қылмыстық топ өздерін «инвестициялық компаниялардың қызметкеріміз» деп таныстырып, тұрғындардың жеке мәліметі мен банк есеп-шотына қол жеткізген. «Қылмыстық топ мүшелері ұзақ уақыт бойы азаматтарды жалған инвестицияларға тартумен айналысып, олардың есепшоттары мен цифрлық активтерін ұрлаған. Сондай-ақ, интернетте танымал инвестициялық платформалар мен криптобиржалардың көшірмесін жасап, құрбандарын шатастырып отырған», – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі. Тергеу барысында алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, махаббат қатынастарын орнату арқылы ақша жымқырған «романтикалық» схемаларды қолданғаны…
Қазақстанда такси қызметінің құны алдағы уақытта айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Себеп мемлекет пен интернет-платформалар арасындағы жүргізушілердің әлеуметтік төлемі жөніндегі келіспеушіліктер деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 31 арнаның дерегінше бүгінгі таңда нарықта агрегаторлардың екі жұмыс үлгісі бар. Біріншісі транзакциялық модель, мұнда төлемдер платформа арқылы жүреді. Ал екіншісі клиент тікелей жүргізушіге ақша төлейтін P2P моделі. Жаңа Салық кодексі бойынша барлық агрегаторлар төлем түріне қарамастан әлеуметтік төлемдер үшін жауап беретін салық агенті болуы тиіс. Такси және курьерлік қызметтер қауымдастығының төрағасы Мейрамбек Әбілқасов мәселенің түп-тамыры ақша айналымын реттеуде жатқанын айтады. «Мәселе былай: жүргізуші тапқан табысының белгілі пайызын платформаға береді. Сол 4 пайызды жүргізушіден ұстап, жинақтап, ай сайын…
Алматы орталық мешітінің наиб имамы Бауыржан Көптілеуов мұсылмандарға жол үстінде намаз оқуға рұқсат етілмейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Имамның айтуынша, парыз амалдарын орындаудан бұрын, айналадағы адамдарға кедергі келтірмеу мен олардың денсаулығына зиян тигізбеу маңыздырақ. Намаз оқығанда өзіңнің ғана емес, өзгелердің де қауіпсіздігін ойлау басты шарттардың бірі. «Құлшылық кезінде де адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне баса назар аударған жөн. Жол үсті намаз оқитын жер емес. Себебі, діни парызды өтеу басқаларға кедергі болмауы тиіс», – деді Бауыржан Көптілеуов. Оның сөзінше, Ислам діні құлшылықта қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жоғары қояды. Осыған байланысты намазды арнайы орындарда немесе адамдарға ешқандай зиян келтірмейтін, қауіпсіз жерлерде оқуға шақырды.…
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарды долларды негізгі жинақ құралы ретінде қабылдаудан бас тартып, ұлттық валютаға сенім артуға шақырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналистердің сұрақтарына жауап берген Тимур Сүлейменов әлі күнге дейін көптеген азаматтардың өзгерген экономикалық жағдайға қарамастан, долларға тәуелді болып отырғанын атап өтті. «Менің таныстарымның арасында 2022 жылы долларды 550 теңгеден сатып алып, әлі ұстап жүргендер бар. Долларды жинақтаудың құралы ретінде қарауды қою керек. Қазір доллар қаражатты сақтауға ыңғайлы құрал емес», – деді Ұлттық банк төрағасы. Оның айтуынша, Қазақстанда қаржыны сенімді сақтап, тиімді көбейтудің басқа да жолдары бар. «Бізде теңге бар, мобильді қосымшалар арқылы депозит ашуға болады. Сондай-ақ, толыққанды жұмыс…
Президент Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында 2021–2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының орындалуын қорытындылады. Артынша алдағы бес жылға (2026–2030) арналған жаңа құжаттың негізгі бағыттарын айқындады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы геосаяси ахуалдың өзгеруін ескере отырып, ұлттық мүдделерді қорғау, елдің қорғаныс қабілетін нығайту және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған міндеттердің сапалы орындалуын талап етті. «Қазіргі жағдайда біз қоғамдық, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін терең талдап, тиісті шараларды күшейтуіміз керек. Ақпараттық кеңістікті қорғау мен киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылуы тиіс», – деді Тоқаев. Президенттің айтуынша, жаңа стратегия мемлекеттік жоспарлаудың маңызды бөлігі ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін қажет. Сондай-ақ ол…
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 21 наурызда Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қала басшысы әкімдікте өткен жиналыста апат салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, қайғылы оқиға жол қауіпсіздігін бақылау жұмыстарының осалдығын көрсеткенін атап өтті. «Осы оқиға қаладағы полиция тарапынан жол қозғалысын қатаң бақылаудың қажет екенін дәлелдеп отыр. Енді полиция барлық құқық бұзушылыққа, тіпті тұрақ ережесін бұзғандарға да қатаң шара қолдануы тиіс», – деді әкім. Сатыбалды қаладағы жағдайды жеке өзі қадағалайтынын және жұмыстардың орындалуын бақылап отыру үшін үнемі тексеріс жүргізетінін жеткізді. Алайда… Полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдулдинов баяндамасында нақты шаралардың орнына, қаладағы 9…
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақталып, өсім қарқыны айтарлықтай бәсеңдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, биыл наурыз айында баға индексі орта есеппен 0,3%-ға ғана өскен, ал бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе төмен көрсеткіш 2026 жылдың бірінші тоқсанында баға өсімі 1,2%-ды құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (3,8%) үш есе төмен. Министрлік өкілдерінің айтуынша, елдегі ресми статистика халықаралық әдістемеге сай жүргізіледі және оған 537 түрлі тауар мен қызмет бағасы кіреді. Баға мониторингі ел аумағындағы 12 мыңнан астам сауда нысанында жүргізіледі. Жалпы, Қазақстанның ішкі сауда саласында 760 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істесе, оның…
Қазақстанда жанармай бағасының болашағы бұлыңғыр. Сарапшы Олжас Байділдиновтың айтуынша, қазіргі төмен бағамен сатылып жатқан АИ-92 маркалы бензиннің шығынын жоғары сұрыпты бензинді (АИ-95 және АИ-98) сатып алушылар жауып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бүгінгі күні нарықта АИ-92 бензині литріне орташа есеппен 235 теңгеден сатылса, АИ-95-тің литрі – 320 теңге. Баға айырмашылығы 36%. Сарапшы мысал ретінде көрші Ресейде осы айырмашылық 7-10%, БАӘ-де тіпті 3-5% шамасында екенін атап өтті. «Экологиялық таза әрі экономикалық тиімді көліктердің иелері артық төлеуге мәжбүр. Олар не үшін АИ-92 маркасынан келген шығынды өтеуі керек?» – дейді Байділдинов. Оның пікірінше, жанармай бағасын төмен ұстап тұрудың қазіргі моделі тиімсіз болып қалды. Проблемалар…










