Автор: Самал Жолжаксын

Avatar photo

Самал Жолжақсын Ertenmedia.kz редакциясында экономика, қаржы нарығы, банк секторы, салық саясаты және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күрделі қаржылық шешімдер қарапайым тілмен түсіндіріліп, оқырманға нақты әсері сараланады. Ұлттық банк, бюджет, валюта бағамы, несие, зейнетақы және тұрғын үй нарығына қатысты жаңалықтарды тұрақты қадағалайды.

Құрбанәлі Ахмет

Алматы полициясы өзін имам деп таныстырып, көп әйел алуды ашық насихаттаған Құрбанәлі Ахметтің тараған сұхбатына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еске салайық, журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Құрбанәлі Ахмет көп әйел алуды дәріптеп, тіпті екінші әйелін өзінің шәкіртіне бергенін айтқан. Оның орнына үшіншісін алып төсек жаңғыртқан екен. Сөзінше, бірінші жұбайы қартая бастағандықтан, орнына жас келіншек алған. «Екінші әйелім? Ол ма, ол өзі қалады. Мен оған шәкірттерімнің бірін таңда деп айттым. Некесін қиып, тойын жасап беретінімді жеткіздім», – деген Ахмет сұхбат барысында. 70 жастағы Ахметтің айтуынша, оның 9 баласы бар. Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы сұхбаттың мазмұнын тексеріп,…

Толық оқу
египетке саяхат

Қазақстан Сыртқы істері Египетті туристер үшін қауіпті елдер қатарынан алып тастады. Бұған мемлекеттегі жағдайдың тұрақталуы және туристік инфрақұрылымдардың қалыпты режимде жұмыс істеуі себеп болған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дегенмен министрлік Таяу Шығыс аймағындағы жағдайдың әлі де күрделі екенін ескертіп, азаматтарға Бахрейн, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Катар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирияға сапарлардан толықтай бас тартуға кеңес береді. «Аталған елдерге жағдай толық тұрақталғанға дейін кез келген мақсаттағы сапарларды жоспарлаудан бас тартуды ұсынамыз. Аймақтағы бірқатар елдердің әуе кеңістігі мезгіл-мезгіл жабылып жатқанын ескерген жөн», – деп ескертті министрлік өкілдері. Сонымен қатар, қазіргі уақытта осы елдерде жүрген Қазақстан азаматтарына…

Толық оқу
Бақытжан Базарбек

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған қайғылы жол апатына байланысты ішкі істер органдарын толық тазалауға шақырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, мұндай жағдайлардың алдын алудың жалғыз жолы елдегі барлық құқық қорғау органдарына жаппай тазалау жүргізу. «Өзім Әл-Фарабидің бойында тұрамын, күн сайын көз алдымда элиталық көліктер мен спорткарлар жарысады. Бірақ солардың біреуінің айыппұл төлегенін, жұмыстан қуылғанын немесе жазаланғанын көрген емеспіз. Өйткені оларды жоғары лауазымды шенеуніктер мен бай-бағландардың «балалары» ретінде полиция қызметкерлері қорғаштап отыр. Алматыда ғана емес, мұндай жағдай бүкіл Қазақстан бойынша бар. Сондықтан ішкі істер органдарына кешенді тазалау қажет. Бұл тек Алматыға қатысты емес, барлық өңірлерге ортақ мәселе», –…

Толық оқу
Алатау қаласы Қонаев

Сенат пен Мәжіліс палаталардың бірлескен отырысында Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қабылдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді құжат президенттің қол қоюына жіберіледі. Жаңа заң Алатауда бөлек экономикалық әрі басқару жүйесін қалыптастыруды көздейді. Қала енді өзіндік қаржы моделі, арнайы салықтық жағдайы және тың әкімшілік құрылымы бар дербес экожүйе ретінде қарастырылады. Құжатқа сай, Алатаудағы ең жоғары басқару органы Қала кеңесі болады. Ол шаһардың стратегиялық даму бағытын айқындап, мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіреді. Кеңес құрамын президент бекітеді, ал оған премьер-министр төрағалық етеді. Негізгі атқарушы орган ретінде Әкімшілік құрылмақ. Ол мемлекеттік қор нысанындағы мемлекеттік орган ретінде жұмыс істейді. Әкімшілікке кәсіпкерлікті дамыту,…

Толық оқу
коммуналдық төлемдер

Қазақстанда былтыр қазан айында енгізілген коммуналдық қызметтер тарифін көтеруге қатысты мораторий 1 сәуірден бастап күшін жояды. Осыған байланысты алдағы айларда жарық, жылу және су бағасының қаншалықты өсетіні көпшіліктің басты уайымына айналды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экономистердің пікірінше, қазақстандықтарды орташа алғанда 5-10 пайыздық тариф өсімі күтіп тұр. Дегенмен тарифтер 1 сәуірден бастап бірден әрі барлық жерде көтерілмейді. Экономист Бауржан Ысқақовтың айтуынша, билік тарифтердің күрт қымбаттамайтынына сендіріп отыр. Коммуналдық қызметтердің бағасы негізінен инфляция деңгейіне байланысты реттелетіндіктен, тарифтер 9-12 пайыз шамасында өзгеруі мүмкін. Мысалы, Алматыда жылу мен жарықтың тарифі шамамен 5-10 пайызға өседі. «Бұл жерде ескеретін жайт тарифтер автоматты түрде қымбаттамайды. Әрбір жеткізуші компания…

Толық оқу
жаңа банк

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қаржы институты Abu Dhabi Commercial Bank-ке (ADCB) Қазақстанда жаңа әмбебап банк ашуға ресми лицензия берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Агенттіктің мәлімдеуінше, жаңа қаржы ұйымының нарыққа келуі президент Тоқаевтың банк секторындағы бәсекелестікті арттыру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сондай-ақ шетелдік банктердің ел нарығына еркін кіруіне жол ашқан заңнамалық реформалардың нәтижесі деп бағаланып отыр. Қазақстанда құрылатын жаңа банк әмбебап қызмет көрсетеді, бірақ қаржы операциялары исламдық қағидаларға да сай жүргізіледі. Осы мақсатта арнайы исламдық қаржы терезесі ашылмақ. Жаңадан ашылатын банк Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan) атауымен қызмет етеді. Бұл қаржы ұйымы Қазақстанда 2010 жылдан…

Толық оқу
Алматыдағы жол апаты

Алматы полициясы қала жолдарындағы бақылауды күшейтіп, соңғы үш тәулікте бес мыңнан аса тәртіп бұзу дерегін анықтады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұндай қатаң шаралар қала көшелеріндегі қауіпті жүргізушілер санының күрт өсуіне және түнгі жарыстардың жиілеуіне байланысты қолға алынып отыр. Полиция департаменті жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау үшін профилактикалық шараларды «нүктелі әрі нақты» жүргізуде. Үш күн ішінде қалада мас күйінде көлік жүргізген 43 адам ұсталды. Олардың барлығы көлік жүргізуден уақытша шеттетілді. Құжаты жоқ 369 жүргізуші жауапқа тартылып, арнайы айып тұрағына 94 автокөлік жөнелтілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жылдамдықты асыру деректеріне ерекше назар аударуда. Тек соңғы күндері Алматыда екі мыңнан астам жүргізуші белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін…

Толық оқу
ауа райы алматы

Қазақстанның көп бөлігінде алдағы күндері күн райы ашық әрі құрғақ болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, антициклон әсерінен ел аумағында жауын-шашын тоқтап, температура күрт көтеріледі. Дегенмен батыста ауа райы құбылмалы жауын жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Әсіресе, 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жауын күтілуде. Жауын-шашын солтүстік және шығыс аймақтарды да айналып өтпейді. 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр аралас қар жауса, 27–28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жаңбырлы ауа райы күтіледі. Сонымен қатар республиканың кейбір аумағын таңертең және түнде тұман басады. Солтүстік пен шығыста жолдар тайғақ болады. «Ел аумағында күн райы жылынады. Батыс және солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25 градусқа жетеді.…

Толық оқу
Ильярчик

Қазақстандық блогер «Ильярчик» лақап атымен танылған Ильяр Ювашев заңсыз онлайн-казино ұйымдастыруға атсалысты деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы мониториң агенттігінің мәліметінше, 1998 жылы туған Ильяр Ювашев 2024-2025 жылдар аралығында Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеген mellstroy.game интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан. «Ақша айналымын заңдастыру және төлем операцияларын жасыру үшін 22 жалған компания тіркелген. Сондай-ақ POS-терминалдар мен электрондық төлем құралдары пайдаланылып, ойыншылардан жалпы сомасы 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат түскен», – делінген ресми хабарламада. Агенттік іздеудегі адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласуға шақырады. Телефондар: +7 7172 70…

Толық оқу
ұшақ апаты

Колумбияда әскери ұшақтың апатқа ұшырауынан кемінде 66 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz AFP агенттігіне сілтеме жасап. Әскери әуе күштеріне тиесілі C-130 Hercules жүк ұшағы Пуэрто-Легисамо әуежайынан ұшып шыққан соң көп ұзамай, Эквадор және Перу шекарасына жақын жердегі джунгли аумағына құлаған. Ұшақта барлығы 125 әскери қызметкер мен экипаж мүшелері болған. Апат салдарынан 58 сарбаз, 6 әуе күштерінің қызметкері және 2 полиция қызметкері қаза тапты. Алғашқы ресми мәліметтерде қаза тапқандар саны 33 адам деп көрсетілген еді. Жергілікті билік өкілдері жараланғандарды эвакуациялау жұмыстары әлі жалғасып жатқанын хабарлады. «Әуежай кішкентай болғандықтан құтқару операцияларын жүргізуде үлкен қиындықтар туындап отыр», – деді…

Толық оқу