Танымал спортшы Шавкат Рахмонов пен жұбайы Гүлайым Рахмонова ресми түрде ажырасты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы әлемжелі арқылы хабарлаған Гүлайым төрт баласы өзімен қалғанын, қазіргі уақытта бесінші сәбиін күтіп жүргенін мәлімдеді. Спортшының өзі бұған қатысты әзірге пікір білдірген жоқ. Гүлайым желідегі жазбасында ауыр эмоцияға толы сөздер жазып, Шавкаттың балаларына қатысты әрекетіне ренішін жеткізген: «Айтпақшы, ажырасқаннан кейін балалар тек анасына керек деген сөз рас екен. Ол бүгін бала-шағасынан бас тартып, «бәрібір аналарына ұқсайды» деп отыр. Кеше ғана қамқор әке болған адам «балаларды енді әкелме» деп айтады деп ешқашан ойламаппын. Иә, төрт балам бар, қазір бесіншісін күтіп жүрмін. Сөйтсем, тым көп бала…
Автор: Самал Жолжақсынова
Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі басталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қылмыстық іс материалына сәйкес, облыс әкімінің орынбасарына Қылмыстық кодекстің екі бірдей ауыр бабы бойынша айып тағылған. Нақтырақ айтқанда, оған «ірі мөлшерде алаяқтық жасау» (190-бап, 3-бөлім, 1,2 тармақтары) және «ірі көлемде пара алу» (366-бап, 3-бөлім, 3 тармақ) бойынша айып тағылып отыр. Сот отырысы бүгін, 19 наурызда Өскеменнің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық тәртіппен өтіп жатыр. Айыпталушының тергеу изоляторында ұстау мерзімі істің соңына дейін ұзартылды. Контекст Еске сала кетейік, 13 ақпанда Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат желіде тараған еді. Алайда сол кезде облыс әкімдігі…
Ұлыбританияның қорғаныс саласындағы алпауыт компаниясы BAE Systems Air Astana әуе компаниясындағы қалған акциясын толығымен сататынын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Британдық холдингтің еншісінде қазір Air Astana-ның 6,86 пайыз үлесі бар. Лондон қор биржасындағы (LSE) депозитарлық қолхаттардың сатылым бағасы әр данасына 5,1 долларды құрап отыр. Сарапшылардың пікірінше, нарықтағы қазіргі бағадан шамамен 15 пайыз төмен дисконтпен саудаланады. Әр депозитарлық қолхат төрт акцияға тең. Сатып алушылар туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. Дегенмен ірі институционалды инвесторлардың алатыны болжанып отыр. Air Astana басшылығы британдық серіктестің кетуін BAE Systems стратегиясының өзгеруімен түсіндірді. BAE Systems 2001 жылдан бастап Air Astana-ның негізгі серіктестерінің бірі болғанымен, қазір қазақстандық компанияны маңызды…
ҰҚК АрнайыХҚКО (СпецЦОН) мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қызметкерлері қатысқан ірі жемқорлық схемасын анықтады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жыл басынан бері Астана, Ақмола және Павлодар облыстарында жүргізуші куәлігін алу кезінде заңсыз ақша айналымына қатысты жүйелі қылмыстар әшкереленді. Мысалы, Астанада АрнайыХҚКО басшысының бұрынғы орынбасары азаматтардан жүйелі түрде пара алып, емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектескен. Осы факті бойынша тергеушілер 60-тан астам заңсыз әрекетті анықтап, пара көлемі 100 миллион теңгеден асқанын тіркеген. Ұқсас жағдайлар Көкшетау мен Екібастұз қаласында да орын алған. АрнайыХҚКО және «Азаматтарға арналған үкімет» филиалдарының басшылары емтихан тапсыруға бөгде тұлғаларды тартып, сол қызмет үшін қомақты сыйақы алған. «Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жылжымайтын…
Қазақстан жалпы ішкі өнімнің сатып алу қабілеті паритеті бойынша әлемдегі ең ірі экономикалар рейтингінде 36-орынға жайғасты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұндай деректі Visual Capitalist талдау жобасы келтіріп отыр. Есепке сай, аталған өлшем бойынша Қазақстан экономикасының көлемі шамамен 973 миллиард АҚШ долларына бағаланған. Ал әлемдік экономиканың жиынтық ауқымы 219,2 триллион долларға жеткен. Сарапшылар есебінше, соның тең жартысына жуығы Азия елдерінің үлесіне тиеді. Сатып алу қабілеті паритеті бойынша әлемдік тізімнің басында Қытай тұр. Оның экономикасы 43,5 триллион долларға жуық деп көрсетілген. Екінші орында 31,8 триллион доллармен АҚШ орналасса, үшінші сатыға 19 триллион доллардан асқан Үндістан көтерілген. Алғашқы ондыққа Ресей, Жапония, Германия, Индонезия, Бразилия,…
Қазақстанда әуе жолаушыларына музыкалық аспаптарды ұшақ салонында тасымалдауға ресми түрде рұқсат етілуі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір Азаматтық авиация комитеті жолаушылар мен тасымалданатын жүктің тәртібіне тиісті өзгерістер әзірлеп жатыр. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді. «Комитетке музыкалық аспаптарды, оның ішінде ұлттық домбыраны әуе кемесінің ішінде алып жүруге қатысты нақты ережелерді заң жүзінде бекіту міндеті қойылды. Жақын уақытта жолаушылар мен әуе компанияларына аспаптарды тасымалдаудың нақты әрі түсінікті тәртібін енгізуді жоспарлап отырмыз», – деді Ластаев. Вице-министр жаңа ережелер барлық әуе компанияларына ортақ болатынын айтты. «Бұл мәселені реттеуге байланысты қоғам тарапынан ұсыныстар көп түсті. Жолаушылардың шағымдары мен өтініштері де бар. Осыған орай…
Қазақстандық кәсіпкер, экономист Ерлан Тәжібаев алдағы екі тәулік ішінде доллар сатып алуға тиімді мүмкіндік туып тұрғанын ескертті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, дәл қазір нарық «салықтық қысымның» шарықтау шегінде тұр. 20 наурызға дейін экспорттаушы компаниялар қосылған құн салығы (ҚҚС) мен акциздерді төлеу үшін долларды жаппай сатуға мәжбүр. Ал айдың соңына қарай корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша декларация өткізу мерзімі келеді. Осындай маусымдық қысым салдарынан нарықта уақытша доллар артықшылығы туындап, бағам жасанды түрде төмендеп отыр. «Қазіргі уақытта экспорттаушылар арзан валюта ұсынып, теңгеге деген сұраныс күрт артқан. Банктер мен корпорациялар мемлекет алдындағы міндеттемелерді өтеу үшін теңгені іздеп, нарықтан түгел жинап жатыр. Доллар…
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев елге орала салысымен ішкі істердің тергеу басқармасына шақырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қырғызстандық БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Тәшиев ведомствоға екі бірдей қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап беруге шақырылған. Ол тергеушінің алдына адвокатымен бірге кірген. Kaktus.media сайтының жазуынша, Тәшиев дәл бүгін Қырғызстанға ұшып келген бойда құқық қорғаушылар оны бірден ІІМ ғимаратына жеткізген. Әзірге тергеу амалдары қандай істерге байланысты жүргізіліп жатқаны жарияланған жоқ. Алайда өткен аптада Қамшыбек Тәшиевтің туған інісі де ішкі істер министрлігінде тергеуге алынған болатын. Тергеуден кейін ол босатылғанымен, көп ұзамай депутаттық өкілеттігі тоқтатылды. Контекст Айта кетейік, бұған дейін…
Қазгидромет 19, 20 және 21 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде антициклон елдің басым бөлігінде жайлы көктемгі ахуалды сақтап тұрады. Мамандар болжамына қарағанда, Қазақстан аумағының көп бөлігінде күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы орнығады. Соның әсерінен ауа температурасы біртіндеп көтеріле береді. Алайда кей өңірде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы жағдай сақталады. Елдің солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсуі мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді. Республика бойынша тұман мен көктайғақ та болжанып отыр. Күндізгі температура батыс аймақтарда 10-20 градус жылыға дейін көтеріледі. Солтүстік пен орталықта 5-17 градус…
Қазақстанда ел тарихындағы алғашқы әкімшілік амнистия өтуі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында азаматтардың төленбей қалған айыппұлдарын кешіру тетігі ресми түрде қаралып жатқанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазір орындалмаған әкімшілік айыппұлдарды толық немесе ішінара есептен шығару жолдары пысықталып жатыр. Қандай құқықбұзушылық түрлері амнистияға ілігетіні, кешірілетін берешек көлемі және қарызды есептен шығару тәртібі мамандар деңгейінде егжей-тегжей талданып жатыр. 17 наурыз күні мемлекет басшысы осындай бұрын-соңды болмаған бастама көтерген еді. Содан кейін Үкімет деңгейінде нақты механизм әзірлеу жұмысы басталған. Премьер-министр Олжас Бектенов профильді мекемелерге процесті созбауды тапсырды. Үкімет басшысы екі апта ішінде әкімшілік амнистияны іске асыруға қатысты нақты…










