Украинадағы соғыс аймағынан қазақстандықтардың бір бөлігі елге аман-есен оралды. Олар Ресейге жұмыс істеуге барып, алдау арқылы майданға жіберілген.
Автор: Самал Жолжаксын
Шымкентте өткен IX Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстелде жалпы сомасы 4,8 миллиард доллар болатын 22 келісімге қол қойылды.
Заңгер Айгүл Орынбек белсенді Санжар Боқаевтың елге кенеттен оралуына күмәнмен қарайтынын айтып, оның артында белгісіз күштер тұруы мүмкін екенін ескертті.
Қазақстанда 2027 жылдан бастап жанармайға салынатын қосымша акцизді 95-тен 50 пайызға төмендету ұсынылды. Алайда бұл шешім жанармай бағасының автоматты түрде арзандауына әкелмейді.
Қазақстандағы ірі мұнай өңдеу зауыттары санкция қаупі мен қаржылық тиімсіздікке байланысты Ресей нарығына бензин экспорттауға берілген квотаны пайдаланудан бас тартты.
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның екі бірдей бас архивіне ресми түрде «Ұлттық» мәртебесі беріледі.
Қонаев – Бақанас автожолының қауіпті саналатын аумағында көліктердің орташа жылдамдығын автоматты түрде тіркейтін жаңа жүйе ресми түрде іске қосылды.
Бішкекте өткен ТүркПА-ның XV отырысында Қазақстан түркі елдеріне ортақ үлгілік Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды.
Баянауыл ауданындағы Ш.Шөкин атындағы мектепте 26 мектептің қатысуымен «Заң және тәртіп» тақырыбында оқушылар арасында дебат турнирі өтті.
ТүркПА отырысы аясында Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Жогорку Кенеш төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты талқылады.










