Қара теңізде қазақ мұнайын тасуға келген танкірлерге жасалған дрон шабуылынан кейін еліміздің Сыртқы істері ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ведомство аталған оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдіріп, халықаралық әріптестерді мұнай тасымалын қорғауға шақырып отыр. Осы мақсатта Ақорда дипломаттары АҚШ пен Батыс елшілерімен жедел кездесу өткізіп, теңіз жолдарындағы қауіпсіздікті күшейту мәселесін көтерді. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев шабуылға ұшыраған кемелердің заңды түрде мұнай тасымалдап жүргенін айтып, олардың халықаралық талаптарға сай екенін мәлімдеді. Ол мұндай оқиғалардың жиілеуі Қазақстан экспортына ғана емес, жалпы энергетикалық инфрақұрылымның тұрақтылығына қауіп төндіретінін атап өтті. «Кремль? Киев? Қазақстан ешқандай әскери қақтығысқа араласып отырған жоқ. Еліміз Еуропаның энергетикалық…
Автор: Самал Жолжақсынова
Депутат Айдос Сарым Каспий құбыр консорциумына (КТК) кезекті рет шабуыл жасаған Киевтің дрондарына қатысты пікір білдіріп, Кремль мен Батысты белсенді әрекет етуге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның пікірінше, консорциумдағы ірі акционерлердің бірі Ресей осы мәселеде жауапкершілікті өз мойнына алып, қауіпсіздікті күшейту шараларын белсендірек жүргізгені жөн. Сондай-ақ депутат Chevron секілді батыстық алпауыттардың да КТК құрамында екенін еске салып, Қазақстанның стратегиялық әріптесі саналатын АҚШ Украинаға ықпал ете алатынын жеткізді. «Украина Уашиңтонның қолдауына тікелей тәуелді. Демек, Әмерика мен өзге де серіктестеріміз Киевке өз ықпалын жүргізіп, нысананы дұрыс таңдауды талап еткені маңызды», – деді Сарым мәжіліс кулуарында. Депутаттың ойынша, халықаралық қауымдастық пен акционерлердің Украинаға…
Түркістан облысында әкесін соққыға жығып, қорлық көрсетті деп айыпталған Алмас Садақбаевқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Оқиға былтыр тамызда Шардара ауданының Қоссейіт ауылында болған. Otyrar-дың дерегінше айыпталушы Алмас Садақбаев егде жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып, денсаулығына орта дәрежеде зиян келтіргені үшін жауапқа тартылып отыр. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны алты жыл екі айға бас бостандығынан айырып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салуды сұрады. Сот залында Садықбаев өз кінәсін толық мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады. Ол ісіне өкінетінін айтып, жазасын жеңілдетуді өтінді. Айтуынша, отбасындағы жалғыз асыраушы өзі екен. Пенсионердің соққыға жығылғаны туралы қоғам әлеуметтік желіде тараған бейнежазба арқылы хабардар болды.…
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болып, кейін мемлекет меншігіне қайтарылған Алматыдағы әйгілі «Байсат» базары тағы да сатылмай қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 26 желтоқсанда өткен электронды сауда нәтижесіз аяқталған соң, ереже бойынша нысан бағасы тағы төмендеді. Бұрын 28 миллиард теңгеге бағаланған ірі базардың үлесі қарашада 26,7 миллиардқа, енді 24,7 миллиард теңгеге дейін арзандады. Келесі аукцион 2026 жылдың 5 ақпанында сағат 12:00-де sauda.e-qazyna.kz платформасында өтеді. Саудаға қатысу үшін 2,4 миллиард теңге көлемінде кепіл жарна енгізу міндетті. Еске салсақ, 2024 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды жүздеген миллиард теңгеге бағаланған активтерін мемлекетке өткізген еді. Сол тізімде бизнес-орталықтар, қымбат көліктер, сирек монеталар мен эксклюзивті…
Алматыдан Қызылордаға ұшқан Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақау туралы белгі беріп, әуежайға қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыдан Қызылордаға бағыт алған Airbus A320 ұшағының бортында ақауды білдіретін сигнал іске қосылған. Экипаж Қызылорда әуежайында қажетті техникалық мамандардың жоқтығын ескеріп, Алматыға қайту туралы шешім қабылдаған. Ұшақты Air Astana инженерлік қызметі толық тексеруден өткізді, алайда ешқандай ақау анықталмады. Техникалық бақылаудан кейін әуе кемесі қайтадан ұшуға рұқсат алды. Дегенмен Алматыдағы қолайсыз ауа райы мен Airbus NEO лайнерлерін пайдалануға қойылған шектеулерге байланысты, компания рейсті FlyArystan ұшағымен орындауға мәжбүр болды. Жолаушылар Қызылордаға жергілікті уақытпен 02:34-те ұшты. Нәтижесінде, рейс…
Атышулы блогер Қайсар Қамза өзінің іздеуде жүргені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазып, әуелі дастархан басында отырған суретін «бәрі дұрыс» деп қысқа ғана сипаттап бөлісті. Жазба бірден қызу талқыланып, қолданушылар оны блогердің жағдайға салқынқанды реакциясы ретінде қабылдаған. Бірақ көп ұзамай блогер бейнежазба жариялап, іздеу жарияланғанына ашық наразылық білдірді. «Мен кімнің жолын кесіп өттім өзі? Тып-тыныш өмір сүрдім, бәрімен аман-сәлемім түзу болды. Ешкімнің тұнығын лайламадым. Ендеше не үшін бүкіл ел болып, мені құдды мемлекеттік деңгейдегі қылмыскер сияқты іздейді? Соншалықты қауіпті қылмыскер емеспін ғой», – деді Қамза видеода. Артынша жариялаған тағы бір видеосында: «Егер…
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев ресейлік пропагандист Соловьевтің Орта Азияға қатысты айтқан даулы мәлімдемесін сараптап берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Саясаттанушының айтуынша, Соловьев шын мәнінде халықаралық құқықты елемеуге ашық шақырып отыр. Сарапшы оның әрекетін бірнеше тұрғыдан түсіндірген екен. Біріншіден, Соловьевтің сөзі АҚШ-тың Каракастағы әрекетіне Кремльдің жанама жауабы болуы мүмкін («оларға рұқсат болса, біз неге шет қаламыз?»). Екіншіден, Орта Азия мен Қапқаз елдеріне ескерту сипаты бар («асыра сілтемеңдер, әйтпесе қылышымызды қынаптан суырамыз»). Үшіншіден, көптен бері көзге түспеген пропаганистің жеке пиары болуы да ғажап емес («жылы студияда отырып, батыр болған түрім осы»). «Тіпті, үшеуі де қатар келуі ғажап емес», — дейді Әбішев. Мұның салдары болады…
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жалақысы тағы да көтерілетінін хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрлік 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскерилердің жаңа еңбекақы жүйесі бойынша жалақыны өсірудің екінші кезеңі басталғанын жария етті. Бұл жолы офицерлердің жалақысы 23 пайызға, ал қатардағы сарбаздар мен сержанттардың еңбекақысы бұған дейінгі өсімге қосымша тағы 10 пайызға жоғарылайды. «1 қаңтардан бастап офицерлердің айлығы орташа есеппен 20,3 пайызға, қатардағы жауынгерлер мен сержанттардікі 33,9 пайызға өскен еді. Бұған қоса, әскерилерге бұрын тоқтатылған далалық төлем жүйесі қалпына келтірілді. Енді 1 шілдеден бастап сарбаздар оқу-жаттығу, теңіз жорығы және далалық шараларға қатысқаны үшін күн сайын 1,2 АЕК көлемінде, яғни 2026 жылғы көрсеткішпен 5…
Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының ет жақындары соңғы аудиохабарлама туралы тың мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы журналист Жанат Молдашева өзінің әлемжелідегі парақшасында жазып, қаза тапқан Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен болған әңгіменің үзіндісін ұсынды. Шалқардың айтуынша, егде жастағы ерлі-зайыптының көз жұмған уақыты белгілі болса да, әулеттің ортақ чатына олардан ұдайы хабарлама келіп тұрған. Соның бірі 7 қараша күні марқұм Нәсіп Өтешқалиеваның атынан келген аудиожазба екен. «Мұның жеңгеміздің ертеректе туыстарға жіберген ескі аудиосы екенін кеш білдік. Онда ол әдеттегідей «Қалдарың қалай? Бүгін жұма ғой, ниет қабыл болсын. Аман болыңдар, ауырмаңдар» деген лебізін білдірген. Осындай аудиоларды Нәсип үнемі жіберетін. 7…
Алматы полициясы департаментінің жаңа басшысы Айдын Қабдулдинов қызметке кірісуіне байланысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша Алматы өзі үшін қатардағы қызметтік ауыс-түйіс емес, қалыптасып, шыңдалған ортасы. «Осы қалада офицерлік жолым басталып, басшылық қызметтің жауапкершілігін сезіндім. Алматының басты ерекшелігі ашықтығы мен азаматтардың қоғам өміріне белсене араласуы. Тұрғындар әрдайым өз ойын ірікпей жеткізіп, мәселесін ашық айтады. Алматы халқы өте талапшыл, бірақ сол талаппен қатар қайырымдылыққа жақын, жанашыр келеді. Дәл осындай қоғаммен жұмысты ашық әрі әділ жүргізуге болады», – деді Айдын Қабдулдинов. Сондай-ақ жаңа басшы бұрынғы департамент жетекшісі мен полиция қызметкерлерінің еңбегін ерекше атады. «Бүгінгі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің сақталуы…










