Қазақстандықтар 2025 жыл үшін көлік салығын биылғы 1 сәуірге дейін төлеуі тиіс деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Салық мөлшері әр көлік құралы үшін жеке есептеледі. Сомасы қозғалтқыш көлеміне байланысты, әрі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) негізінде анықталады. 2025 жыл үшін төленетін салық сомасы былтырғы, яғни 2025 жылғы АЕК мөлшеріне сай – 3692 теңге көлемінде есептеледі. Биылғы жылы оның мөлшері – 4325 теңге. Нақты соманы Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы онлайн-калькуляторынан анықтауға болады. Ол үшін жылды, көлік құралын иеленген айлар санын, көлік түрі мен қозғалтқыштың көлемін көрсету керек. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сай бірқатар өзгеріс күшіне енеді. Атап айтқанда, ескі көліктерге…
Автор: Самал Жолжаксын
Наурыз айындағы мерекелерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап. Осы айда еліміздегі барлық ХҚКО (ЦОН) мен мамандандырылған орталықтар алты күн бойы жұмыс істемейді. 8 және 9 наурыз күндері Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай орталықтар толық жабылады. Наурыз мейрамы кезінде де ХҚКО-лардың есігі төрт күн бойы – 21-24 наурыз аралығында жабық болады. Тек 25 наурыз күні кезекші бөлімшелер таңғы сағат 9:00-ден түскі 13:00-ге дейін қысқартылған режимде қызмет көрсетеді. Қалған күндері орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Айтқандай алдағы мереке күндері Қазақстан аумағында ауа райы күрт құбылып, көктем тосын мінез…
Алдағы мереке күндері Қазақстан аумағында ауа райы күрт құбылып, көктем тосын мінез көрсетеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Елдің басым бөлігінде циклондар мен атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашын күшейеді. Әсіресе солтүстік пен солтүстік-батыста қалың қар мен жаңбыр күтілсе, оңтүстікте нөсер жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Жел екпіні күшейіп, солтүстік аймақтарда боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстікте найзағай жарқырайды деп болжанып отыр. Температураның соңғы күндердегі жоғары көрсеткіштері күрт төмендейді. Елдің батыс өңірінде түнгі уақытта аяз 5-15 градусқа дейін күшейеді. Ал солтүстік-батыс пен солтүстікте температура -15…-25 градусқа дейін төмендеп, аймақты нағыз арктикалық суық басады. Дегенмен, оңтүстік пен шығыс аймақтарда күн жылып, нағыз көктемнің…
Қазақстанда уран барлаумен айналысқан санаулы батыс компанияларының бірі – канадалық Laramide Resources күтпеген жерден елден кетті. Шешімнің астарында шетелдік компанияларға шектеуді күшейткен жаңа заңнамалық өзгерістер тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2024 жылы Laramide оңтүстіктегі Шу-Сарысу бассейніндегі 5500 шаршы шақырым аумақта геологиялық барлау жүргізу үшін Aral Resources компаниясымен үш жылдық келісім жасасқан еді. Аталған алаң атақты Инкай кенішіне жақын орналасқан, әрі оның болашағынан компания үлкен үміт күткен. Жобаға қажетті барлық рұқсат құжаттары желтоқсанның соңында берілгенімен, екі күннен кейін президент Тоқаев жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекске қол қойып, жағдайды күрт өзгертті. Жаңа кодекске сәйкес… Қазақстанда стратегиялық кен орындарын барлауға арналған лицензиялар ең…
Қазақстан үкіметімен құқықтық дау-дамайдың ортасында қалған британдық Shell компаниясы күтпеген жерден жаңа барлау жобасына қол қойды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 5 наурыз күні Энергі министрінің орынбасары Ерлан Ақбаров пен Shell-дің Қазақстандағы өкілі Сиюзан Куган Ақтөбе облысындағы «Жанатұрмыс» алаңын геологиялық барлау туралы келісімге келді. 1377 шаршы шақырым аумақты қамтитын жобаға сәйкес компания аймақта сейсмикалық зерттеулер жүргізіп, деректер жинап, техникалық сараптама жасамақ. Shell-дің әрекеті осыған дейінгі ұстанымына толық қайшы Ақпан айында ғана компания басшысы Уаел Сауан Қазақстандағы инвестицияны уақытша тоқтататынын жариялаған еді. Ел үкіметінің миллиардтаған долларлық талап-арыздары британдық компанияның жұмыс істеуге деген ынтасын күрт төмендеткен. «Қазақстанда инвестиция жалғастыруға мүмкіндік көп болғанымен, алдымен құқықтық…
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде ұстап тұру туралы шешімі ел экономикасындағы тұрақсыздықтың әлі де сейілмегенін аңғартады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақша-несие саясаты комитетінің осы жолғы шешімін бас банкир Тимур Сүлейменов елдегі инфляциялық ахуалмен байланыстырды. Ақпан айында жылдық инфляция 11,7 пайызға баяулады. Әсіресе қызмет көрсету саласындағы инфляцияның 12 пайыздан 10,8 пайызға дейін түскені ерекше байқалған. Ал азық-түлік тауарларында көрсеткіш екінші ай қатарынан төмендегенімен (12,7 пайыз), қымбатшылық халықтың инфляциялық күтімін әлі де жоғары деңгейде ұстап тұр. «Бағаның тұрақталуына қазіргі мөлшерлеме саясатының, тұтынушылық несиелендіру қарқынының баяулау және валюта бағамындағы тұрақтылықтың ықпалы зор болды. Коммуналдық қызмет мен жанармай бағасына қойылған мораторий де инфляцияны…
Жаңа Конституцияны қабылдау заман талабы әрі ел тағдыры үшін кезек күттірмейтін маңызды қадам. Президент Тоқаев бүгін осындай пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, жаңа Конституция жобасы елдің тұрақты дамуына қажетті құқықтық әрі институционалдық іргетасты нығайтып, Қазақстанды әділетті, бәсекеге қабілетті әрі қуатты экономикасы бар мемлекетке айналдыруды көздейді. Тоқаев қазіргі Конституцияның Қазақстанның енді-енді тәуелсіздігін нығайтып, тұрақтылығын сақтап, мемлекеттік институттарын қалыптастыра бастаған тұста қабылданғанын еске салды. Сол кезеңде тәуелсіздікті сақтап, ел ішіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету ең басты мақсат болған еді. «Еліміздің барлық жетістіктерінің негізінде қазіргі Конституциямыз тұр. Оған алғашқы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор», – деді Тоқаев. Дегенмен… Қазір Қазақстан қуатты, халықаралық…
Қазақстанда кәсіпкерлер үшін қолайлы салық режимін өзгертуге берілген өтпелі кезең ресми түрде аяқталды. Мемлекеттік кірістер комитеті ауқымды реформаның қорытындысын шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жеңілдетілген салық режимі кәсіпкерлер арасында ең танымал бағыт болып қалды. 1,2 миллионнан астам бизнес субъектісі жаңартылған оңайлатылған декларацияны таңдады. Жаңа режим бойынша жылдық табысы 600 мың АЕК-ке дейін (шамамен 2,6 млрд теңге) шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істей алады. Бұл жүйенің басты ерекшелігі жалдамалы қызметкерлер саны бойынша ешқандай шектеу жоқ. Салық жүктемесі де айтарлықтай төмендеді Корпоративтік және жеке табыс салығының бірыңғай ставкасы небәрі 4%-ды құрайды (мәслихаттар бұл көрсеткішті екі есе төмендетуге құқылы). Бұған қоса, бизнестің осы…
Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы оның бұрынғы әйелі Фариза Алмазқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Фаризаның айтуынша, актерге қатысты іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қозғалған. Атап айтқанда, «Сталкинг» – 115-1 бап және «Көрінеу жалған ақпарат тарату» – 274-баптың 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша тергеу басталған. «Қазір Жақсыгенге қатысты екі іс тіркелді. Біз адвокатпен бірге істің соңына дейін барып, сотта әділ шешім қабылданғанша тоқтамаймыз. Оның жасаған әрбір әрекеті заң алдында тиісті бағасын алады», – дейді Фариза Алмазқызы. Осыған дейін Нұрсұлтан мен Фаризаның арасындағы дау әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыланған еді. Фариза бұрынғы жұбайының…
Иранның ең жұмбақ қолбасшысы Исмаил Қаанидің есімі тағы да әлем назарында. Ислам революциясы сақшылары корпусының (IRGC) «Құдс» күштерінің жетекшісі соңғы екі жылда талай рет өлім аузынан аман қалғанымен ғана емес, қазір «Израильдің тыңшысы» деген күдікпен ұсталғаны, тіпті өлім жазасына кесілгені туралы сыбыс таралуымен де ерекшеленіп тұр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемжеліде тараған расталмаған ақпаратқа сенсек, Қаани IRGC тарапынан тұтқынға алынып, тіпті дарға асылған. «Қаани Моссадтың адамы болуы мүмкін» деген болжамды бірқатар аккаунттар қызу талқылауда. 67 жастағы Исмаил Қаани 2020 жылдың қаңтарында Бағдатта америкалықтар өлтірген генерал Қасем Сүлейманидің орнын басқан еді. Содан бері Қаанидің айналасында адам өлімі жиіледі. Соңғы екі жылда Ливан…










