Қазақстанда бірқатар шай түрін елге әкелуге және сатуға уақытша тыйым салынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еліміздің бас санитар дәрігері қабылдаған шешімге санитарлық тексеру нәтижесі түрткі болған. Мамандар сауда орындарынан алынған шай үлгілерін зерттегенде, өнім құрамынан тағамдық бояғыштар табылыпты. Қара шайға қосуға мүлдем рұқсат етілмеген «күн батар сарысы» (Е110), тартразин (Е102) және понсо 4R (Е124) секілді химиялық қоспалар анықталған. Бұған қоса, шайдың қорабында көрсетілген өндіріс мекенжайлары жалған болып шыққан. Тауар шығарушылардың заңды құжаттары да жоқ екені расталды. Тыйым салынған шай өнімдері қатарында: «Апамның шәйі Premium gold»; «Al-Hayat Golg»; «БАЛҚИЯ Premium Gold» (өндіруші: Orda Trade Astana ЖШС, Алматы облысы); «Sultan Suleyman»; «Pakistan tea»…
Автор: Самал Жолжақсынова
Премьер Бектенов Президенттің Turkistan газетіне берген ауқымды сұхбатынан кейін министрлер мен орынбасарларының шаңын қағып алды деп жазады Ertenmedia.kz. Сұхбатта біраз дүние қамтылған болатын. Тоқаев Қазақстан экономикасының дамуы, салық реформасы, туризм саласын жетілдіру және жол қауіпсіздігі сияқты аса өзекті мәселелерді сөз еткен-тұғын. Осы тұста Үкімет отырысын сөзбен емес, нақты іспен бастау керектігін ескерткен Бектенов, әкімдер мен министрлерді бос есеп беруден арылып, нақты нәтиже көрсетуге шақырды. «Президенттің сұхбаты алдағы уақытта Үкімет үшін басты бағдар болады. Мем.органдар мен ұлттық компаниялар айтылған міндетті орындауға білек сыбанып кірісуі тиіс. Бюджетті барынша үнемдеп, нәтижеге қол жеткізіңіздер. Слайд пен баяндамаға мына заманда ешкімді таңғалмайды. Құр сөзден қуырдақ…
Белгілі заңгер Жангелді Сүлейманов жаңа Салық кодексін енгізуді тежей тұру қажет деп санайды. Оның айтуынша реформа асығыс-үсігіс қабылданып, бизнеске кесірін тигізуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Заңгер салық органдары реформаны жүзеге асыруға мүлде дайын емес деп пайымдайды. «Реформа енді ғана басталса да, жүйе ақсап тұр. Салық органдарының ақпарат жүйесі істен шыққан, есеп қабылданбайды, деректер дұрыс өңделмейді. Алғашқы бірнеше күннің өзінде осыншама мәселе болса, кейінгі жағдайдың қалай өрбитіні айдан анық», – дейді Сүлейманов. Ол Қаржымин желтоқсан айында бастаған «Халық бухгалтері» акциясын да ұнатпай отыр. Акция бойынша жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнеске салық декларациясын толтыруға бұғылтырлар көмектесуі тиіс. Заңгердің пікірінше, мемлекет өзінің негізгі міндетін…
Қазақстан мен әмірикалық Chevron компаниясы Теңіз кенішінің болашағын талқылауды бастап кетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлемдегі ірі мұнай жобаларының бірі саналатын кен орнын игеруге қатысты қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталуға тақау. «2033 жылы қазіргі контракт күшін жояды, ал оның ары қарай жалғасуы Ақорда үшін шешуші мәнге ие», — деп топшылайды New York Times. Chevron осы уақытқа дейін кенішті кеңейтуге 48 миллиард доллар инвестиция құйып тастаған. Бұл бастапқы жоспарланған бюджеттен 11 миллиард долларға көп. Сарапшылар Теңізді «Қазақстан мен Батыс мұнай алпауыттарының әріптестік символы» деп атайды. Кеніш қазірдің өзінде ел экономикасына орасан зор пайда әкеліп отыр: күн сайын миллион баррель шамасында мұнай беретін жоба…
Мәжіліс депутаты Асхат Рақымжанов Қонаев қаласының прокуроры Жәнібек Жақаевпен кездесіп, жергілікті тұрғындарды мазалап жүрген мүлік дауы мәселесін талқылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесу Қонаев қаласындағы «Қапшағай-Алтын Алма» бау-бақша тұтынушы кооперативінің мүшелері тарапынан бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқан шағымына байланысты ЖСДП Алматы облыстық филиалының ұсынысымен өтті. Жиынға қалалық полиция, әкімдіктің ішкі саясат және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ кооператив мүшелері қатысты. Кооператив мүшелерінің айтуынша, олардың жеке қаржысына салынған ұзындығы 3 600 метрлік су құбыры желісі кейін заңсыз жолмен үшінші тараптың иелігіне өтіп кеткен. Тұрғындар мүлікті рәсімдеу процесінің ашық өтпегенін, құжаттың заңдылығы мен хаттамадағы қолдың түпнұсқалығына күмән бар екенін алға тартуда.…
Қазақстанда жаңа жылдан бастап зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшері біршама өсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Былтыр желтоқсанда президент Тоқаев қол қойған «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, елдегі негізгі әлеуметтік төлемдер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттырылды. Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4325 теңгеге дейін көтерілді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3932 теңге болған. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені құраса, ең төменгі зейнетақы 69 049 теңгеге жетті. Өткен жылғы көрсеткіштер сәйкесінше 32 360 және 62 771 теңге болған еді. Елдегі күнкөріс деңгейінің ең төменгі мөлшері де артты. Биыл ол 50 851 теңге деңгейінде белгіленді.…
Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесінің талаптары жаңарып, бірқатар ауруларға қатысты тегін көмек алу тәртібі жеңілдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді азаматтар сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан, ауыр әрі қауіпті ауруларды тексеру мен емдеуге тегін қол жеткізе алады. Осыған дейін сақтандырылмаған пациенттер тек туберкулез немесе ВИЧ-инфекциясы секілді сирек жағдайларда ғана тегін тексерілуге мүмкіндік алатын. Ал дәрігерлер онкологиялық ауру не бауыр циррозын күдіктенгенде, сақтандыру мәртебесі болмаса ем алудың жолы жабық болатын. Енді бұл шектеу толық алынып тасталды. Жаңа талапқа сай, қатерлі ісіктерді, созылмалы вирустық гепатиттер мен циррозды, психикалық ауруларды, сирек кездесетін дерттер мен жүйке жүйесінің ауыр сырқаттарын, сондай-ақ эпилепсия, миокард инфарктісі және инсультті тегін емдеу мен тексеру…
Түркия Орталық Азияға қатысты тарихи атауларды қайта жаңғыртып, ресми айналымға «Түркістан» ұғымын енгізуді қолға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа атау енді Түркияның мектеп пен университет бағдарламасына енгізіліп, оқулықтарда тұрақты қолданылмақ. Анкараның айтуынша, мұндағы мақсат түркі халықтарының тарихи тамырластығын қайта түлетіп, мәдени тұтастығын нығайту. Өңірдегі тарихшылардың бір бөлігі қазір қолданылатын «Орталық Азия» немесе «Орта Азия» ұғымдары сырттан таңылған терминдер екенін жиі айтады. Олардың пікірінше, аймақтың тарихи өзіндік атауы әлдеқайда ертеректе қалыптасқан. Көне деректерде өңір «Түркістан» немесе «Түркі жұрты» деп танылған. Ғылым әлеміне «Орталық Азия» атауын неміс ғалымы Александр фон Гумбольдт 1843 жылы енгізген еді. Сол уақыттан бері халықаралық деңгейде орныққан терминнің…
Германияда еңбек етіп жүрген үндістандық мигранттардың әрбір екіншісі айына 5400 еуродан жоғары жалақы алатыны белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Немістің IW институты жүргізген соңғы зерттеу нәтижесі бойынша, Германияға келген шетелдік жұмысшылар арасында дәл осы үнділер кәсіби тұрғыдан ең жоғары жетістікке жеткен. Мұның негізгі себебі үндістандық мамандардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі. Олар көбіне жоғары жалақылы техникалық мамандықтарда қызмет етеді. Атап айтқанда, академиялық салада, математика мен информатика бағыттарында және инженерлік кәсіптерде жиі кездеседі. Үндістандық жастардың Германияға студент ретінде көптеп келуі де осы үрдісті күшейтіп отыр. Олардың басым бөлігі жоғары білім алғаннан кейін осы елде жұмысын жалғастырып, кәсіби мансабын сәтті қалыптастырған. Зерттеу мәліметіне…
Соңғы бірнеше күн бойы YouTube сервисінің баяулап қалуы қазақтардың қанын қайнатып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазақтелекомның» Instagram-дағы парақшасында видеолардың дұрыс жүктелмейтініне шағым айтқан қолданушылар көбейген. Пікір жазушылар YouTube-тың не себепті жиі қатып қала беретінін сұрап, видеолардың ұзақ жүктелетініне наразылық білдіруда. Көбісі видео атаулы мүлдем ашылмайтынын айтып жатыр. Әдетте барлық шағымдарға бірдей стандартты жауап беріп, колл-орталықтың «160» нөміріне немесе WhatsApp-қа жазуға кеңес беретін компания халықтың шағымына құлақ асуға мәжбүр болыпты. Ашуға мінген қолданушының пікірінен кейін жағдайды ушығуынан қорыққан «Қазақтелеком» кері жауап қатыпты. «Бұл бір ғана адамға қатысты емес, барлығына ортақ мәселе. Елдің бәрі YouTube дұрыс істемейтінін айтып жатыр. 160-қа хабарласыңыз деген…










