Қазақстанда ішкі әуе рейстерінің бірінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу жоспарланып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, авиация саласында цифрлық технологияларды енгізу жұмысы күшейіп келеді. Соның бірі – Q-Gate жүйесі. Бұл технология жолаушының бақылаудан өту уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазір Q-Gate жүйесі Астана мен Алматы әуежайларында жұмыс істеп тұр. Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау әуежайларында тағы 16 терминал орнату жоспарланған.
Келесі кезеңде биометриялық сәйкестендіру ішкі рейстерге енгізіледі. Пилоттық жоба Астана – Шымкент бағыты бойынша іске асырылады. Мұндай жүйе жолаушыны құжат арқылы емес, биометриялық дерек арқылы тануға мүмкіндік беріп, әуежайдағы рәсімдерді жылдамдатуға бағытталған.
Бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин алдағы екі жылда Қазақстанның 10 әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру енгізілетінін хабарлаған еді.
Мамандардың пікірінше, мұндай технология әуежайдағы кезекті азайтып, жолаушылар ағынын басқаруды жеңілдетеді. Алайда биометриялық дерекпен жұмыс істеген кезде жеке мәліметтердің қорғалуына, жүйенің қауіпсіздігіне және азаматтардың келісім беру тәртібіне ерекше мән берілуі керек.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстанда арендалық берілетін тұрғын үй субсидиясына қатысты бақылау күшейеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







