Азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев әлі де тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы ІІМ өкілдері айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековтің сөзінше, Бишімбаев жазасын өтеп отырған кезде жұмыс істей алады.
«Біріншіден, Бишімбаев әлі тергеу изоляторында. Екіншіден, оның жұмыс істеуіне қатысты: өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорында ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗБритан ханзадасы Уильям Қазақстандағы ақбөкендердің көбеюін жоғары бағаладыМагистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталдыМедеу шатқалында құрылыс қоқысын жерге көмген мердігерге ескерту жасалдыБұл мәселені жұмыспен қамту бөлімі шешеді, келгеннен кейін 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттейміз, одан әрі тәрбие жұмысы жүргізіледі. Психологтар басқа тұтқындармен жұмыс істейді», — деді ол.
Еске салайық, 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.
Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







