Қазақстанда мүгедектік тағайындау жүйесіне қатысты кешенді тексеру басталды. Бұл бастаманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитеті қолға алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тексеру шаралары ел бойынша барлық аумақтық бөлімшелерді қамтиды. Мұндай шешім Атырау облысында анықталған құқық бұзушылық белгілерінен кейін қабылданған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, азаматтарды сырттай-проактивті куәландыруға жолдау кезінде кейбір медициналық қызметкерлер мен дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының әрекеттерінде құжаттарға жалған мәлімет енгізу фактілері болуы мүмкін.
Аталған деректер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Қазір олар заң аясында қаралып, тиісті шешім қабылданады.
Министрлік бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Негізгі мақсат – мүгедектік тағайындау рәсімдерінің ашықтығын, заңдылығын және объективтілігін қамтамасыз ету.
Алдағы уақытта тексеру нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат берілетіні хабарланды.
Қазақ ұлттық университетінде ғылыми қауымдастықпен кездесу өткізген президент Тоқаев еліміздегі ғылыми жобалардың пайда әкелмей отырғанын сынға алды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







