Қазақстанда мұғалімдерді аттестация талаптарының жаңа пилоттық моделі енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова хабарлады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жаңа модель ұстаздардың артық жүктемесін азайтып, негізгі қызметіне баса назар аударуға мүмкіндік береді. Педагог санаттары бойынша талаптар оңтайландырылды:
Педагог-модератор: ашық сабақтар саны 25-тен 4-ке, біліктілікті арттыру сағаты 72-ден 36-ға қысқарды. Сонымен қатар, педагогтің жобаларға қатысуы мен тәрбие жұмысына араласуы міндеттеледі.
Педагог-сарапшы: ашық сабақтар санын қысқарту арқылы аудандық немесе қалалық деңгейде тәжірибе тарату форматы енгізіледі.
Педагог-зерттеуші: алты ашық сабақ (үш офлайн және үш онлайн), облыстық деңгейде тәжірибе тарату, екі мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету және тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс жасау міндеттеледі.
Педагог-шебер: сегіз ашық сабақ (төрт офлайн және төрт онлайн), республикалық деңгейде тәжірибе тарату, үш мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету, менторлық және волонтерлық қызмет ескеріледі.
Сонымен қатар, министрлік педагогтердің білімін бағалау үшін тест тапсыруды, авторлық бағдарламаларды әзірлеу және қағаз жүзінде портфолио жинау міндеттерін алып тастаған болатын.
Қазақстанда тіс емдету мен оны қалпына келтіру қызметі биыл едәуір қымбаттады. Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сүйенсек, 2026 жылдың алғашқы үш айында протездеу құны 13 пайызға, ал имплантация 10 пайызға артқан.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







