Танымал әзілкеш, режиссер Нұртас Адамбай сот алдында жауап бермек. Бұл туралы ақпарат Сот кеңсесінде пайда болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Бұл іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
«Нұртас Адамбайға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 4-тармағын бұзды деген айып тағылып отыр», — деп жазылған деректе.
Сот кабинетінде жарияланған материалдарда осы баптың 1-бөлігінің 3-тармағы былай көрсетілген: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығару, басып шығару және (немесе) тарату.
Бұл құқықбұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде (184 600 теңге), заңды тұлғаларға 200 АЕК мөлшерінде (738 400 теңге) айыппұл қарастырылған, сонымен бірге қызметін тоқтатуы керек.
Іс бүгін WhatsApp-тағы видеоконференция арқылы қаралады. Нұртас Адамбай «Келинка Сабина» секілді жобаларымен көпшілікке жақсы таныс.
Бұған дейін дінге бет бұрғанын айтқан Нұртас Адамбай Тоқаев, Путин мен Лукашенкодан кешірім сұрады.
Ең алдымен Нұртас Адамбай Мәжіліс депутаты Ринат Заитовтан кешірім сұраған.
«Ақымақтығымның кесірінен біраз уақыт бұрын Ринат Заитовты айыптағаным үшін кешірім сұраймын. Елімізді дамытуға қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтамын», — дейді Адамбай.
Артынша Нұртас Адамбай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан, РФ басшысы Владимир Путиннен, Беларусь басшысы Александр Лукашенкодан және экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұраған болатын.