Тарихи жүлде алған мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле мен гимнаст Құрбанов елге оралды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Оларды алматылықтар әуежайдан күтіп алды.
Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты.
Ал 27 шілдеде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.
Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында отандастарымыз Германия құрамасынан айласын асырды.
Қарсыластарын 17:5 есебімен айқын жеңіп шықты.
Суреттер: Өңірлік коммуникациялар қызметінен