Балықты «миға пайдалы тағам» деп бекер айтпайды. Оның құрамында ағзаға аса қажет Омега-3 май қышқылдары бар, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ғалымдардың айтуынша, Омега-3 қабынуға қарсы әсері бар маңызды зат. Ол көру қабілетін жақсартуға, жүрек пен ми жұмысын қолдауға, тіпті Альцгеймер ауруының алдын алуға көмектеседі. Бірақ кез келген балық Омега-3-ке бай бола бермейді. Ең пайдалысы – суық суларда тіршілік ететін майлы балықтар.
Мысалы, ең танымал түрлердің бірі албырт (семга). Ол Омега-3-тің негізгі көзі саналады. Дегенмен, дүкендегі албырт көбіне қолдан өсірілген болады. Мұндай балықтың пайдасы табиғи жағдайда өскен балыққа қарағанда төмен болуы мүмкін.
Сондықтан мамандар арзанырақ, бірақ пайдалы балықтарға да назар аударуға кеңес береді. Мысалы, кета, горбуша, нерка сияқты түрлер табиғи ортада ауланып, мұздатылған күйде сатылады. Тағы бір пайдалы балық сардина. Ол көбіне консерві түрінде кездеседі. Дұрыс дайындалған сардина да Омега-3-ке бай.
Қазақстанда кең таралған балықтардың бірі – майшабақ (сельдь). Ол қолжетімді әрі өте пайдалы. Әсіресе жаңа мұздатылған күйінде пісіріп жеген дұрыс. Ал тұздалған немесе ысталған түрінде тұз мөлшері көп болғандықтан, пайдасы азаяды.
Кішкентай болса да құнды балықтың бірі корюшка. Ол тез дайындалады және құрамында пайдалы майлар жеткілікті. Анчоус немесе хамса да Омега-3 көзі болып саналады. Бірақ оны да мүмкіндігінше жаңа немесе мұздатылған күйінде таңдаған жөн.
Жалпы, ең пайдалы балықтар майлы және суық суда тіршілік ететін түрлер. Қарапайым кеңес, балықты аптасына кемінде 2 рет тұтыну ағзаға пайдалы әсер береді.
Біз өкшелі аяқ киім әйелдердің сәні мен сымбатының бір бөлігіне айналған. Бірақ мамандардың айтуынша, оны дұрыс пайдаланбаса, денсаулыққа елеулі зиян келуі мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







