Түркістан облысының Отырар ауданында ауыл шаруашылығына тың бағыт енгізілді. Шәмші ауылында банан өсіру жобасы іске қосылып, алғашқы нәтижелер байқала бастады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Otyrar GeoBanana жылыжай кешенінде небәрі 0,03 гектар аумақта банан өсіру қолға алынған. Жоба заманауи агротехнологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылып отыр.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жылыжайға арнайы барып, жобаның жұмысымен танысты. Ол енгізілген технологиялық шешімдер мен басқару тәсілдеріне оң баға беріп, бастаманың өңір үшін маңызын атап өтті.
Кездесу барысында кәсіпкер Рамазан Кенжебаевқа қолдау білдіріліп, мұндай жобалардың ауыл шаруашылығын әртараптандыруға ықпал ететіні айтылды.
Жоба аясында жаңа өнім түрін өндіру мүмкіндігі пайда болды. Бұл өз кезегінде импортты алмастыруға жол ашып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жылыжай кешені жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл экономикасына қосымша серпін беруде.
Отырардағы бұл бастама – өңірде аграрлық салада жаңа тәжірибелерді енгізудің нақты көрінісі.
Айтқандай, Ирандағы мұнай зауыттарында болған жарылыстардан кейін атмосфераға улы заттардың таралуы туралы ақпарат күшейді. Мұндай ластану салдары қышқыл жауынға (acid rain) әкеліп, оның әсері Орталық Азияға дейін жететінін айта бастады. Бұл құбылыстың біз үшін табиғатын, оның қаупін және ықтимал салдарын түсіну маңызды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







