«Қазақмыс» кейінгі кезде жиі айтылып жүрген ақпараттарға қарсы жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.
«Қазақмыс» кен орындарын сатып жатқан жоқ, «Қазақмыс» ресейлік компанияларға сатылып жатқан жоқ және сирек кездесетін жер металдарын елден шығарып жатқан жоқ. Корпорация бүгін осындай мәлімдеме жасалды.
Компания мәіметінше, кейінгі кезде нақты деректермен расталмаған қауесеттерге тап болып жүр.
«Компания бұл жазбаларды бірнеше рет жоққа шығарды», – деп түсіндірді корпорация өкілі.
Бұған дейін қандай қауесеттер тарады?
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «ұшақ сатып алғаны» туралы ақпарат тарады. Алайда кейін бұл ақпарат жоққа шығарылды.
Ал жуырда «Ақ жол» партиясы сирек жер металдарын игеруде ұлттық мүддені қорғау керегін мәлімдеді.
«Әлеуметтік желіде «Қазақмыс» корпорациясының бұрынғы лаборанты Бақыт Әділованың осы корпорацияның химиялық сараптама жүргізбестен, құрамында бағалы және сирек жер металдары бар кен мен мыс концентратын шығарып жатқаны жөніндегі ақпараты тарады. Оның пікірінше, сол арқылы компания оның құнын жасанды түрде төмендетіп, олигархтар пайдасы үшін ұлттық экономикаға зиянын тигізуде», — деді Азат Перуашев.