Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Қазақстан мен Тәжікстанның Энергетика министрлері Ерлан Ақкенженов пен Джума Далер Шофакир екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Кездесу барысында Ерлан Ақкенженов Қазақстан мен Тәжікстанның отын-энергетика саласындағы серіктестігі аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосатынын атап өтті.
Тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, әсіресе теміржол арқылы қазақстандық көмірсутектерді жеткізудегі көпжылдық тәжірибені одан әрі дамытуға келісті. Бұл ретте екі ел де экспорттық-транзиттік бағыттарды экономикалық тиімділік пен логистикалық сенімділік негізінде дамытуды көздейді.
Тәжікстандағы «Рогун ГЭС-інен» экологиялық таза электр энергиясын Қазақстанға ұзақ мерзімге импорттау мәселесі болды. Бұл жоба аймақтық су-энергетикалық теңгерімді реттеуде және Қазақстанның ауыл шаруашылығын сумен тұрақты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Министр Ерлан Ақкенженов қазір Үкіметаралық келісімнің жобасы толығымен келісілгенін атап өтті. Бұл құжаттың қабылдануы Қазақстанға жоғары жүктеме кезеңдерінде электр энергиясының тапшылығын жоюғасептеседі. Сонымен қатар Бірыңғай электр энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша министрлер су-энергетикалық саласындағы өзара ынтымақтастықты күшейтудің екі ел арасындағы серіктестікті жаңа сапалы деңгейге көтеретінін ерекше атап өтті.
Атом энергиясы агенттігінің мәліметінше, елде төртінші АЭС салу мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл жоспарлар Мемлекет басшысы бекіткен атом өнеркәсібін дамыту стратегиясында көрсетілген.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







