Қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасының өз алаңындағы матчында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Матч қалай өрбіді?
63-минутқа қарай қонақтар екі доп айырмасымен алда тұрған еді, алайда көп ұзамай олар алаңда он ойыншымен қалды.
Қазақстан сандық басымдықты сәтті пайдаланды: 69-минутта Сергей Малый есеп айырмасын қысқартса, 76-минутта Нұралы Әліп таразы басын теңестірді.
Дегенмен кездесудің соңғы бөлігін алаң иелері де аз құраммен өткізді – 85-минутта Малый қызыл қағаз алды.
Турнирлік жағдай
Төрт турдан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында екі ұпай бар. Команда келесі матчын 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







