24 сәуір, жұма күні Қазақстанның батысында, солтүстігі мен шығысында кей жерлерде жаңбыр жауып, ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +20…+22°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Түнде +11…+13°C, күндіз +19…+21°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде ауа температурасы +9…+11°C, күндіз +25…+27°C.
Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C аралығында.
Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр жауады, жел 7-12 м/с. Түнде ауа температурасы +3…+5°C, күндіз +8…+10°C.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды, жел 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы +6…+8°C, күндіз +13…+15°C.
Қарағандыда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 5-10 м/с. Түнде +4…+6°C, күндіз +24…+26°C.
Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°C.
Петропавлда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. Түнде +7…+9°C, күндіз +15…+17°C.
Семейде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы +9…+11°C, күндіз +19…+21°C.
Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы +9…+11°C, күндіз +19…+21°C.
Түркістанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +27…+29°C.
Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды, жел 9-14 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.
Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Түнде ауа температурасы +13…+15°C, күндіз +27…+29°C аралығында.
Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде +3…+5°C, күндіз +12…+14°C.
Айтқандай, Қазақстанда фермерлерге жеңілдетілген несие алу үшін малды міндетті түрде чиптеу талабы қойып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







