23 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады. «Қазгидромет» мәліметінше, республиканың көптеген өңірлерінде күн бұлттанып, жауын-шашын түседі. Кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні күшейеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз +16…+18°C.
Алматыда жаңбыр мен найзағай күтіліп, желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Күндізгі ауа температурасы +21…+23°C аралығында.
Шымкентте күн райы бұзылып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы күндіз +20…+22°C болады.
Ақтауда жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы +15…+17°C. Ақтөбеде жаңбыр жауып, желдің екпіні 15 м/с жетеді, күндіз +10…+12°C аралығында.
Атырауда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндізгі ауа температурасы +11…+13°C.
Қарағанды мен Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Қостанайда түнде температура 0…+2°C, күндіз +15…+17°C аралығында болады.
Павлодар, Өскемен, Семей қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Павлодарда желдің екпіні 23 м/с жетуі мүмкін. Семейде ауа температурасы күндіз +24…+26°C, Өскеменде +25…+27°C-қа дейін көтеріледі.
Түркістан, Тараз және Қызылордада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін күшейеді.
Қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын ұстану ұсынылады.
Қазақстанда базалық мөлшерлеме жоғары деңгейде сақталып тұрған шақта депозит ең тартымды қаржы құралының біріне айналды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







