ҚМДБ Шерзат Болаттың өліміне және жантүршігерлік жайттарға қатысты үндеу жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Мүфтият қазақстандықтарға бір-біріне қиянат жасауға болмайтынын еске салды.
«Соңғы кездері қоғамда болып жатқан түрлі қатігездік оқиғалар бәрімізді қатты алаңдатып отыр. Оқушылардың жаппай төбелесі, жастар арасында өзіне қол жұмсау оқиғаларының жиі қайталануы, тұрмыстық қақтығыстың соңы өлімге ұласуы сынды ауыр жағдайлар жанымызға қатты батып отыр. Шариғатымыз бойынша бейкүнә адамды өлтіру — барша адамды өлтіргенмен тең», — деп жазылған үндеуде.
ҚМДБ азаматтарды қатігездікке жол бермеуге шақырып, қаралы үйлердің қайғысына ортақтасып, марқұмдардың отбасына, туған-туыстарына тағы да көңіл айтты.