Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің арасында Маңғыстау облысының белгілі спортшысы Сержан Аяпберген бар, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Спорттағы жетістіктері
Спорт мектебі Сержанның бала кезден самбо мен дзюдодан жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін нақтылады.
Сержан Аяпберген – студенттер арасындағы ТМД ойындарының самбодан күміс жүлдегері, сондай-ақ дзюдодан халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы. Ол спорт шеберіне үміткер атағына ие болған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







