Талғарда марқұм Шерзат Болаттың ағасы қаза тапты. Журналистер қаралы үйге барған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Ulysmedia.kz мәліметінше, қаралы отбасы бүгін Нұрқанат Ғайыпбаевты соңғы сапарға шығарып салуға дайындалып жатыр.
«Қаралы үйге Еңбекші қазақ ауданының әкімі келген. Ол Қаржаубай Нұрымовтың отбасына көңіл айтып, “қандай көмек керек” деп сұраған. Марқұмның туған-туыстары ешқандай көмек қажеті жоқтығын айтқан», — деп жазылған басылым дерегінде.
Әкімге “отбасының үй мәселесі қалай шешіліп жатыр?” деген сұрақ қойылған.
«Әкім “көктемде құрылыс басталған кезде көмектесеміз, оған дейін Қаржаубайдың отбасының құжаттарын реттей беруге, эскиздік жобасы жағынан заңнамалық көмек көрсетуге дайынбыз, ұсынысты айттық” деген.
Марқұмның туған-туыстары пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартқан.
Еске салайық, бүгін Алматы облыстық полиция департаменті Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлады.
Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын да мәлімдеді.
«Марқұмның отбасына қатысты қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің сөзінше, ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлікпен кетке. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жарияланбайды», — деп жазылған хабарламада.