Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен каратэші Софья Берульцева мемлекеттік наградаға ие болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Спорттағы жарқын жетістіктер
Спортшы Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алып, Азиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Ол бұған дейін Токио Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізген.
«Бұл жетістіктің артында үлкен еңбек пен тер жатыр. Мен 6 жасымнан спортпен айналысамын. 20 жыл ішінде қаншама жарақат, қаншама жаттығу болды. Қазір елімізде жаңа спорт базалары салынып жатыр. Президентпен кездесу біз үшін ерекше маңызды», – дейді Софья Берульцева.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







