Ақсу ауданында үш жылда 23 әлеуметтік нысан салынып, аурухана мен мектептер жаңартылды. Өңір басшысы Бейбіт Исабаев тұрғындармен кездесуде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.
денсаулық сақтау
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түсіп, білім ордасының жұмысы тоқтатылды.
Қазақстанда жедел жәрдем бригадасының қозғалысын SMS арқылы онлайн қадағалау жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. Жаңа өзгерістер мен қызмет ережелерінің егжей-тегжейі белгілі болды.
Ақтауда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының базасында озық корейлік жабдықтармен жарақтандырылған жаңа Телемедицина орталығы іске қосылды.
Қазақстанда шетелде 11 мың теңге тұратын дәрі-дәрмек 463 мың теңгеге сатылып жатыр. Депутат Асхат Аймағамбетов жаңа заң тетіктерінің жұмыс істемей тұрғанын сынады.
Шығыс Қазақстан облыстық онкология орталығында заманауи екінші желілік үдеткіш іске қосылды. Жаңа аппарат онкологиялық науқастарды емдеу тиімділігін едәуір арттырады.
Ақтауда халықаралық симпозиум өтіп, Маңғыстау облысы мен Корея Республикасы медицина саласындағы цифрлық серіктестікті нығайтуға уағдаласты.
Жетісу облысы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында күрделі жөндеуден өткен орталық аудандық аурухана ғимараты іске қосылды.
Қазақстанда эпилепсиямен ауыратын балаларға тегін берілетін дәрі келесі жылдан бастап тоқтатылуы мүмкін. Ата-аналар Денсаулық сақтау министрлігінен көмек сұрауда.
Қазақстанда жыл басынан бері теміржол көлігімен 9,3 миллион тонна астық тасымалданды. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артып отыр.










