Алматыда метро жолаушылары рельске құлап кету қаупін азайту үшін платформалық есіктер орнатылмақ, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қала метрополитені осы жұмысқа 7,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлмек. Жоба бірінші желінің түгеліне арналған. Яғни Райымбек батыр станциясынан Бауыржан Момышұлына дейінгі аралық қамтылады. Алайда 2026 жылдың соңына қарай жолаушыға ашылады деп жоспарланған жаңа Қалқаман станциясы әзірге бұл тізімге енбеген.
Жоспар бойынша метро платформаларына арнайы әйнек қалқандар қойылады. Олар автоматты есіктермен жабдықталып, пойыз келген сәтте сонымен қатар ашылады. Мұндай жүйе жолаушыны рельс жақтан бөліп тұрады. Соның арқасында қауіпсіздік күшейеді, платформадағы шу мен шаң да азаюы тиіс.
Жұмыс түнгі уақытта, метро жабық кезде жүргізіледі. Мердігер қаржы бөлінуіне қарай кезең-кезеңімен іске кіріседі. Барлық жұмысты 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқтау көзделген. Хабарландыру 16 сәуірде жарияланған, ал талқылау 20 сәуірге дейін жалғасады.
Келісім шарты бойынша мердігер тапсырыс берушіге барлық бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық құжатты толық өткізуге міндетті. Оған қоса орнатылған жабдықтың кемінде 10 пайызына жететін қосалқы бөлшек қоры болуы керек. Кейін анықталған кемшілік пен ақауды да өз есебінен түзетуі тиіс.
Украинадағы Каменское қаласында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың барельефін алып тастаудан бас тартты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

