LRT станцияларының негізгі темірбетон конструкциялары 100%-ға тұрғызылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Елорда әкімдігі мәліметінше, LRT станцияларының негізгі құрылыстары аяқталды.
«Жұмыстар аясында монолитті қаңқалар, көтергіш арқалықтар, платформалардың темірбетонды конструкциялары, ригельдер және басқа да элементтер салынды. Бұл үшін В45 маркалы 79 971 текше метр бетон мен 9,59 мың тонна арматура қолданылды», — деп жазылған хабарламада.
LRT желісі көп деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 станциядан тұрады, олар екі түрге бөлінеді: жердегі (11 станция) және жер үсті (7 станция)