Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдері (БЖЗҚ) Қазақстандағы ай сайынғы зейнетақының ең жоғары сомасы қанша екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Қордың ақпаратына сәйкес «ең бай зейнеткер» ай сайын 945 752 теңге алады. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем сомасы 33 865 теңге.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 16,9 миллион зейнетақы шоты бар.
«Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі түсімдер есебінен ұлғаяды. 2024 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына зейнетақы жарналары 2,2 триллион теңгеден асты (өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 29,7 пайызға немесе 514,6 миллиард теңгеге өсті)», — деп жазылған қордың жазбасында.