Жуырда көз жұмған жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуді талап етіп отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Оның бір ғана талабы бар – құқық қорғау органдары ұлы мен бауырының өліміне қатысты жағдайды адал тергесе болды», – деді KazTAG редакциясына қоғам қайраткері Дінмұхамед Қаматай.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, Нұрымов қазір жүк көлігінің төбесіне шығып, журналистермен кездесуді күтіп тұр. Оның айтуынша, оқиға орнында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Азат ауылында, көптеген күштік құрылым өкілдері, сондай-ақ марқұм жасөспірім мен оның ағасының туыстары, сонымен қатар басқа да азаматтар жиналған.
Еске салайық, 9 желтоқсанда Алматы облысында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев өлі табылған еді.
Полиция департаментінің алдын ала деректері бойынша, ол суицид жасаған. Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрқанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті.