Алматыдағы күзетшінің жантүршігерлік өліміне қатысты іс сотқа түсті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Жол талғамайтын көлікпен бірнеше рет күзетшіні басып, артынан сабап, басына секірген қылмыс видеоға түсіп қалған еді. Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, алайда есін жимаған күйі қайтыс болып кеткен. БАҚ сол тұста ұсталған күдікті экс-депутаттың ұлы екенін жазған еді.
Алматы қаласында сотқа қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-ші тармағы (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) және Қазақстан Республикасы 147-бабының 5-бөлігі (адамның жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз тарату) бойынша айыпталған, Т.-ға қатысты қылмыстық іс түскен.
– Бірінші эпизод бойынша сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің күзетшісін өлтірді деп айыпталуда. Сонымен қатар тергеу сотталушыны өзінің танысы А-ға қатысты әлеуметтік желілер арқылы порнографиялық бейнероликтерді таратқаны үшін айыптайды, – деп хабарлады сот.
Айта кетейік, 2024 жылы мамырда «Самал» ықшамауданында жантүршігерлік оқиға болды. Қанды қылмысқа екеудің арасындағы кикілжің себеп болған. Күдікті көлікті масаң күйде айдап қалаға шығуға тырысқан. Күзетші оған бұл әрекетінің заңғы қайшы екенін түсіндірмек болыпты. Сөйтіп жол талғамайтын көлік мінген күдікті күзетшіні үш рет таптап, шалажансар жатқанда да басынан тепкілеген.
Кейін БАҚ-та Алматыда күзетшіні таптап өлтірген күдіктінің әкесі туған ұлынан бас тартты деген де ақпарат тарады.