жасалып, көшелер көркейтіліп, жасыл желекке орануда. Әсіресе, осы парктің жаңа кейіпте қолданысқа берілгеніне қуаныштымыз. Бұрын бұл парк тозып тұрған, үлкен ағаштары ескіріп, қураған, демалысқа қолайлы емес еді. Бүгін орталық саябақ жаңа бет-бейнесімен халықты қуантып жатыр. Қазір жаңартылғаннан кейін паркті тіпті танымай қалдық десе де болады. Паркте бейнекамералар да қойылған. Ол мұндағы дүние-мүлікті сындырмай, тоздырмай ұстауға ықпал етеді деп ойлаймын. Әсіресе айналаға жастар жанашырлықпен қараса екен дейміз. Енді немерелерімізбен, қатарластарымызбен келіп, саябақта еркін демала аламыз, — дейді Көпбай Әкімов, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
— Парктің ішінде спорт алаңдары бар. Балалардың ойын алаңдары да салынды. Бұл бізге өте жақсы болды. Енді спорттық ойындарды алаңсыз ойнауға мүмкуіндігіміз бар, — дейді оқушы Мұрат Айбын.
Үштөбе қаласының 65 жылдығына тарту
— Биыл Үштөбе қаласына 65 жыл толып отыр. Осы айтулы мерейтой қарсаңында Республика күніне орай қалада жаңа саябақтың ашылуы аудан орталығының тұрғындары үшін үлкен тарту болды. Жыл басында облыс әкімі саябақты жөндеп, көркейтіп береміз деп уәде берген болатын. Бүгін, міне, сол айтылған уәденің орындалғанына куә болып отырмыз. Үштөбе қаласы тұрғындарының атынан облыс басшылығына ризашылығымды білдіремін. Жерлестеріме айтарым, енді біз бұл игіліктерді балаларымызға, ұрпақтарымызға осы көрікті қалпында қалдыруымыз керек. Саябағымызды күтіп ұстайық! – деді Никита Опрышко.
Жетісу өңіріндегі саябақтар мен экопарктер
Атап өтсек, облыста елді мекендерді абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында 2022-2025 жылдары 40 саябаққа жөндеу жүргізілсе, биыл 7 парк, 1 сквер, 4 аллея жөндеуден өткізілуде. Жалпы, облыс құрылғаннан бері Талдықорған қаласында, сондай-ақ Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов аудандарында 14 жаңа саябақ, 6 сквер және 4 аллея салынды.
Сондай-ақ Талдықорған қаласында «Тасбақа», Сарқанда «Қойтас», Текеліде «Серкесай» экопарктері құрылды. Төртінші экопарк ретінде Қапалдағы «Тамшыбұлақты» дамыту қолға алынбақ. Оларды құрудағы мақсат — Жетісуда экологиялық және мәдени-танымдық туризмді дамыту, сондай-ақ өңірдің табиғи және тарихи ерекшеліктерін кеңінен насихаттау.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







