Маңғыстау техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі әшкере болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне тексеріс жүргізді.
«Тексеріс нәтижесіде бас бухгалтер 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды», — деп жазылған ақпаратта.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Көлдегі бейберекет қозғалыс: Алакөлде 109 хаттама толтырылдыКөрікті көлге тақтайдай жол: Қайыңды туристке жақындай түстіӨнеркәсіп локомотиві: Алматы облысы өсім қарқынын үдеттіОсы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде.
Бұл дерекке қатысты сот сараптамалары тағайындалды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







